Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстанның арнайы қызметтері шетелдік азаматтан апиын тәркіледі

    НУР-СУЛТАН, 26 наурыз. Өзбекстанның арнайы қызметі Ташкенттің халықаралық әуежайының «жасыл» дәлізі арқылы тәтті кәмпит түріндегі апиын әкелімін тоқтатты, деп Өзбек телеграф агенттігі хабарлады. «Мемлекеттік кеден комитетінің контрабандаға қарсы және кедендік қылмыс Басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге Ташкент халықаралық әуежайы арқылы Өзбекстанға есірткі заттарының әкеліміне жол бермеді», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Атап […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қолдан жасалған кесел. Синтетикалық есірткі шырмауы

    ҚАРАҒАНДЫ, 18 наурыз. Қарағанды облысының мамандары аймақты синтетикалық есірткі басып бара жатқанын айтады. Сот сарапшылары мен заңнама үнемі өзгеріп отыратын синтетикалық есірткінің формуласын анықтап үлгермейді. Есірткіге тәуелді жандар мен туыстарын анонимді кабинетке жәрдем сұрап баруды кешеуілдетпеуге шақырған дәрігерлер оны елемеудің соңы опық жегізуі мүмкін екенін ескертеді, деп Азаттық Радиосы жазады. «АНАМНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚҰТЫЛДЫМ» 25 жастағы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

    АСТАНА, 13 наурыз. Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Допинг» Республикалық шедел профилактикалық шарасының аясында, елорда аумағында есірткі өткізумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz. 38 жастағы жергілікті тұрғын есірткі және психотропты заттарды аса ірі көлемде өткізді деп күдіктелініп отыр. «Қызметтік итті пайдалану арқылы санкциялы түрде жүргізілген тексеріс барысында оның жалдамалы пәтерінен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында үйінің жер төлесінде есірткі өсірген тұрғын ұсталды

    АСТАНА, 13 наурыз. Арнайы іс-шара барысында Іле ауданында жергілікті тұрғынның өз үйінің жертөлесінде есірткі өсіргені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz. Жертөледе өсімдікті баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру және т.б. құрылғылар орнатылған. Болжамдардың бірі бойынша тәркіленген өсімдік «үнді қарасорасы» болуы мүмкін. «35 жастағы азамат үйінің жертөлесіне есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге барлық қолайлы жағдай жасаған. Оның жылыжайынан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Петропавл тұрғынынан 70 кг марихуана тәркіленді

    ПЕТРОПАВЛ, 10 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Арлан» арнаулы жасағымен бірге арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, рейд кезінде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол тарату мақсатымен ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын сатып алды деген күдікке іліккен. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 70 килограмнан асады. «Күдікті қазір қамауда, ҚР Қылмыстық кодексінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

    АСТАНА, 05 наурыз. Полиция қызметкерлері Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі — ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Құқық қорғау» алдын алу шарасы барысында жедел ақпаратқа сәйкес бұған дейін істі болған Мойынқұм ауданы тұрғынының үйіне санкцияланған тінту жүргізді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ыстамбұлда 200 килограммға жуық кокаин тәркіленді

    АСТАНА, 04 наурыз. Түрік полициясы Стамбулда 200 килограммнан астам кокаин тәркіледі, деп хабарлайды Trend түрік БАҚ сілтеме жасап. Кокаин Оңтүстік Американың бір мемлекетінен жеткізілген контейнерлердің бірінде болған деп хабарланады. Тәркіленген кокаиннің нарықтық құны 40 миллион түрік лирасына бағаланады. 2019 жылдын басынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркияда барлығы 5 тонна героин тәркіленді. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Төрт күнде 7 келіден аса есірткі тәркіленді

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 04 наурыз. Алматы облысында төрт күн ішінде есірткінің заңсыз айналымының 16 дерегін анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ескелді ауданының полициясы арнайы іс-шара барысында 40 жастағы тұрғынды есірткі затын сақтады деген күдікпен ұстады. Автожол бойында қолға түскен күдіктінің тұратын үйіне санкцияланған тексеру жүргізу кезінде 1 килограмнан астам «кептірілген марихуана» заты табылды. Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкешілікке […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Британдық полиция қызметкерлері есірткі заты бар кәмпиттерді тәркіледі

    АСТАНА, 14 ақпан. Ұлыбританияда балаларға сатуға арнайы дайындалған есірткі заты бар кәмпиттердің партиясы тәркіледі. Бұл туралы Lenta.Ru BBC News-ке сілтеме жасап хабарлаған. Қауіпті тәттілер Кент графствосында табылды. Полицияда айтылғандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 12 ақпанда кешке Грейвзенд қаласында күдікті машинаны тоқтатты. Іздестіру барысында мармелад салынған қалташаларға толы сөмкені тапты. Түрлі-түсті кәмпиттерде есірткі заттары бар, және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстігіңде полиция 1,2 тонна есірткі өндіруге арналған шикізатты тәркіледі

    АСТАНА, 23 қаңтар. Шэньчжэнь қаласының полициясы Қытайдың оңтүстігінде Гонконгтан келген екі күдіктіні ұстады және олардан 1,2 тонна прекурсорлық заттарды тәркіледі, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлайды. 2018 жылдың қарашасында полиция Гонконгтан келген күдіктілердің бір тобы Шэньсжэнде есірткі айналымымен айналысқанын анықтады, содан кейін мәліметтерді анықтау үшін арнайы тергеу тобы жиналды, деп Гуандун провинциясының қоғамдық […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 5 of 6« Бiрiншi...«23456 »