Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сауда үйін «миналаған» Өскемен қаласының тұрғынына үкім шығарылды

    ӨСКЕМЕН, 06 сәуір. Өскеменде сот 21 жастағы жігітке үкім шығарды. Ол мас күйінде 102-ге қоңырау шалып, сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 2 қаңтарда Үлбі полиция бөлімінің 102 жедел арнасына белгісіз жігіт қоңырау шалып, қаланың сауда […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда бірнеше нысанға «бомба» қойылғаны хабарланды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз. Нұр-Сұлтан қаласындағы Mega Silk Way сауда орталығы мен Қарағандыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығында да бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат шықты, деп Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды. «Нұр-Сұлтан әуежайы, My car және Lexus автосалондары, сондай-ақ «Хан-Шатыр» және Mega Silk Way сауда орталықтарының электрон мекенжайына белгісіз біреулер жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы қоқан-лоқы […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Алматыда жеті нысанды «миналау» фактісі бойынша тексеру жүргізілуде

    АЛМАТЫ, 31 наурыз. Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, — деп Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды. Алматы полиция департаментіне қалада үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және оқу орнына мина қойылды деген хабар түскен. Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері нысандарды тексеріп жатыр. «Алматы Полиция […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Семейде банк бөлімшесіне «бомба қойылды»

    СЕМЕЙ, 31 наурыз. Семей қаласында полицияға банкке бомба қойылғандығы туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 наурызда полицияға банктердің бірінің қызметкері хабарласқан. Оның айтуынша, банкке қоңырау шалған белгісіз біреу Панфилов көшесіндегі бөлімшеде бомба қойылғандығын жеткізген. «Хабар түсісімен полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар шұғыл түрде оқиға орнына келіп жетті. Бөлімшеге […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепті «миналаған» 

    АТЫРАУ, 10 наурыз. Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда мектептердің бірінің электронды поштасына сағат 08:52 шамасында белгісіз адамнан хат түскен. Хатта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы мектеп басшылығы жедел басқару орталығына хабарлаған. «Полиция қызметкерлері мектепте жедел […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • Амур аймағында мектепті «миналағаны» және есірткі сатқаны үшін жергілікті тұрғын сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Амур облысында сот Благовещенск мектебінде болатын жарылыс туралы хабарлаған, сонымен бірге есірткі сату кезінде ұсталған жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп «Российская газета»  интернет-порталына сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Благовещенск қалалық сотының сайтында атап өтілгендей,  2019 жылдың шілдесінде сотталушыға ер адам жолығып, оған гашиш майын жасауды ұсынған. 2020 жылдың […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • Новосібірде сот ғимараттарын «миналаған» жергілікті тұрғынды сот қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Новосібір теміржол аудандық соты жоспарланып жатқан  лаңкестік әрекет туралы көрінеу жалған хабар берді деп айыпталған жергілікті тұрғынды қамауға алу туралы шешім шығарды. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам ағымдағы жылдың 27 наурызына дейін қамауға алынды, деп RG сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 27 […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • Шереметьево әуежайы миналау  туралы хабарламалардан кейін тексерілді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Мәскеудің Шереметьево әуежайы «миналау» туралы жасырын хабарламадан кейін тексерілді, қауіп жалған болып шықты, деп хабарлайды РИА Новости төтенше қызметтегі дереккөзге сілтеме жасап.Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Шереметьево әуежайының электрондық поштасына миналау туралы анонимді хабарлама жіберілді», — деді агенттік сұхбатшысы. Ол аумақ тексеріліп жатқанын, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • Миналау туралы хабарламадан кейін Петропавл-Камчатскийдің барлық мектептері эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген анонимді хабарламадан кейін сейсенбі күні Петропавл-Камчатскийдегі барлық жұмыс жасап жатқан мектептердің оқушылары эвакуацияланды, деп аймақтық үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «14 ақпан күні таңертең Петропавл-Камчатск қаласында лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген хабарға байланысты қаладағы барлық мектептердің оқушылары […]
    • 5 Months ago
    • 0
  • Мәскеуде  Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ дипломатиялық өкілдіктері «миналанды»

    НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Мәскеу полициясы Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ елшіліктері мен консулдықтарын «миналау» туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  «Жұма күні ФҚҚ  электронды поштасына ер адамнан екі хат келіп түсті. Хатта ол оның 44 жастағы сыбайласы Тәжікстан елшілігі […]
    • 5 Months ago
    • 0
Бет 3 of 14«12345 » 10...Last »