Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: Кабул орталығында бірнеше миномет снарядтары жарылды.10 адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Сейсенбі күні Ауғанстан астанасының орталығында бірнеше миномет снарядтары жарылды, деп Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Жарылыстардан кем дегенде 10 адам зардап шекті, деп хабарланады. Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі көлікке мінген белгісіз біреулер Кабулдың тұрғын аудандарын минометтен атқан . Елде әрекет ететін экстремистік топтардың ешқайсысы әлі болған оқиға үшін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жаңкешті-лаңкес Кабул мешітінде өзін-өзі жарып жіберді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 маусым. Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болды. Бұл туралы TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Телеарна дереккөздерінің мәліметтері бойынша, жарылыс қаланың солтүстігіндегі мешіттердің бірінде болған. Жарылғыш құрылғыны жанкешті-лаңкес іске қосты. Оқиға салдарынан мешіт имамы қаза тауып,үш адам жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты республиканың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасында жергілікті телеарна автобусының жарылысы салдарынан 2 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Ауғанстан астанасы Кабулда жергілікті телеарнаның автобусы жол бойындағы фугасқа  жарылды, салдарынан журналист пен жүргізуші қаза тапты, тағы төрт адам жарақат алды. Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . «Жол бойындағы мина жергілікті уақыт бойынша сағат 16: 05-те қаланың төртінші полиция ауданында жарылды. Жарылыстан кейін зардап шеккендер мен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасында екі жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр. Куәгердің айтуынша, дүйсенбі күні таңертең Кабулдың PD4 аймағындағы Тахия-Маскан аймағында екі жарылыс болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды АфТАГ. Қауіпсіздік күштері жарылыстарға қатысты әлі түсінік берген жоқ. Бұған дейін хабарланғандай, 25 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) басшылығы талибтер 29 ақпанда Дохада АҚШ-пен бейбіт келісімге қол қойылған сәттен бастап күніне […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулда жанкешті шабуылынан кемінде алты адам өлді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. Ауғанстан астанасында 11 ақпанда әскери академия маңында жанкешті жасаған шабуылдан кемінде алты кісі қаза тауып, 12 адам жараланған. Зардап шеккендердің бесеуі – жай азаматтар деп хабарлады Ауғанстан ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Насырет Рахими. Ауғанстан қорғаныс министрлігі жарылыстан алты адам зардап шеккен деген ақпарат таратты, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Шабуылға жауапкершілікті әзір […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар салдарынан төрт әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Дүйсенбі күні таңертең Кабулда болған жарылыстарда төрт әскери қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап.  Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими әскери жаттығу орталығының жанында жанкешті лаңкес өзін-өзі жарғанын мәлімдеді. Екі жарылыс болды деп хабарланады. Оқиға лонына  жақын жолдар жабылды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулда автобус жарылысынан 10 адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр. Кабул орталығында автобус жарылысынан кем дегенде 10 адам зардап шекті, деп RT сілтеме жасап Хабар 24 жазады. Автобуста Қажылық істері бойынша министрлік қызметкерлері болған. Агенттіктің мәліметі бойынша болған оқиғаға ешқандай лаңкестік топ әлі жауапкершілік алмаған.
    • 5 Years ago
    • 0
  • ДАИШ Кабулдегі лаңкестікті өз мойнына алды

    Кабул. 31 мамыр.  «ДАИШ» террорлық ұйымы (көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасының орталығында дипломатиялық тұрғын үй орамына  жақын жерде болған жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы ливандық «Әл-Маядин» телеарнасы хабарлады. «Ауған әскерлерінің сақтығы мен ерлігінің арқасында мина қойылған көлік «жасыл аймаққа» кіре алмады», — деді TOLOnews телеарнасында НАТО миссиясы. Атап өтсек, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Кабулда жойқын жарылыс болды

    Кабул, 31 мамыр. Жойқын жарылыс Ауғаныстан елордасында болды, деп хабарлайды Рейтер. Төтенше жағдай президенттік сарай және шет ел елшіліктерінің жанында орын алды. Көптеген ғимараттарға зақым келді, олардың терезелі мен есіктері сынды. Агенттігінің куәгерлерге сілтеме жасап таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Ауғанстан астанасында жарылғыш заттар қойылған автомобиль жарылған. وزارت امور داخله ميگويد ٨:٢٥ صبح امروز حمله انتحاري توسط موتر […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Кабулда жанкешті НАТО көлік колоннасы жанында өзін-өзі жарды

    Кабул. 3 мамыр. Кабулдағы жарылыс нәтижесінде төрт адамнан астамы қайтыс болып, 22 адам жараланды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі медбикелердің, куәгерлердің және қауіпсіздік қызметінің өкілдерінің хабарына сілтеме жасап. Бұған дейін Пахвак агенттігі он адам жараланды немесе қайтыс болды деп хабарлаған. TOLOnews телеарнасы хабарлауынша, жанкештінің НАТО әскерилерін тасымалдап келе жатқан көлік колоннасына шабуылы нәтижесінде екі азаматтық көліктер зақымданған. #Updates#KabulAttackFear of civilian […]
    • 7 Years ago
    • 0
Бет 5 of 5«12345