Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Стамбулда әскери нысандар туралы мәліметтер жинаған террорист қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Стамбулда сот шешімімен ДАЕШ террористік ұйымының мүшесі Мұхаммед Яхья Е. қамауға алынды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Түрік мегаполисінің полициясы Яхьяны сенбі, 20 ақпанда Бахчелиэвлер ауданында ұстады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, террорист әскери нысан маңындағы ағаштардың біріне шығып, әскерилердің қимыл-қозғалысын бақылаған. Тінту кезінде одан террористік ұйымға қатыстылығын растайтын фото және видео материалдар алынды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекетіне» қатысты күдікпен Дағыстан тұрғыны ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Дағыстан тұрғыны террористік ұйымға қатысты деген күдікпен ұсталды, деп Ресейдің Тергеу комитетінің республикалық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.    «РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігінде («Террористік ұйымның қызметіне қатысу») көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Бабаюрт ауданының 34 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Оған бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», — […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеу дүкендерінің бірінде жарылыс жасаймын деп сес көрсеткен ер адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар.  Полиция қызметкерлері Мәскеудің солтүстік-шығысындағы Новодмитровская көшесіндегі дүкенде жарылыс жасаймын деп қорқытқан ер адамды ұстады. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Оқиға сәрсенбі күні кешке Новодмитровская көшесінде болған. Дүкенге белгісіз ер адам кіріп, жарылыс жасаймын деп қорқыта бастады. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, қаскүнемді ұстады», — деді агенттіктің сұхбатшысы. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Талдықорғанда есірткі жарнамалаған күдікті ұсталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 қаңтар. Алматы облысының орталығында синтетикалық есірткінің жарнамасын бояды деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысында тыйым салынған синтетикалық есірткі сатушылардың жарнамасын жасап, халық көп жүретін жерлерде әлеуметтік желідегі мекенжайларын бояп қалдыратын азамат ұсталды. Оқиға Талдықорған қаласында орын алған. Күдіктінің көпқабатты үйдің кіреберісінде заңсыз әрекетін жасап жатқанын байқаған сол үйдің тұрғыны […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Белфастта 1974 жылғы Бирмингемдегі жарылыстарға байланысты ер азамат қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Солтүстік Ирландияның құқық қорғау органдары Бирмингемдегі сыраханаларда болған жарылыстарға қатысы бар деген күдіктіні қамауға алды, деп Sky News-ке сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Телеарнаның хабарлауынша, бұл Терроризммен күрес заңы бойынша Белфастта қамауға алынған 65 жастағы ер адам болып шықты. Оның үйінде терроризмге қарсы қызметтің қызметкерлері тінту  жүргізіп жатыр, ол жауап алуды күтуде. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Павлодарда жалған лаңкес ұсталды

    ПАВЛОДАР, 15 қараша. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ғимарат аумағын қоршауға алып, жеті адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 16 қараша күні сағат 10:10-де Павлодар қаласының полициясына «Сәтпаев көшесі, 25/1 мекенжайындағы ғимарат кез келген минутта жарылуы мүмкін» деген хабарлама келіп түскен. Бұл жайында журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Осы дабыл бойынша оқиға орнына жедел-тергеу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тараз қаласында жалған лаңкес ұсталды

    ТАРАЗ, 05 қараша. Тараз қалалық сот ғимаратын гранатамен жарамын деп қорқытқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жұртты қатты үрейлендірген тұрғыннан ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәләм етті. «2020 жылдың 5 қарашасы күні сағат 09.10-да облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне №2 Тараз қалалық сотының кіреберісінде белгісіз азамат гранаты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ниццадағы лаңкестік шабуылды кім ұйымдастырды?

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Францияның Ницца қаласында болған шабуылды 21 жастағы Тунистен келген жігіт ұйымдастырған, деп хабарлайды 24.kz. Белгілі болғандай, күдікті қазан айнының басында Италиядан Францияға келген. Бұл туралы лаңкестікке қарсы прокуратура басшысы Жан-Франсуа Рикар хабарлайды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаскөй қыркүйек айының соңында заңсыз миграция ұйымдастыру ісі бойынша күдікті ретінде тергелген екен. Онымен бірге Лампедузаға бортында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияда Рейханлыдағы лаңкестік әрекет ісі бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек.  Рейханлы ауданында 2013 жылы 11 мамырда екі бөлек бомбалы шабуылда 53 адам көз жұмған және көп адам жарақат алған еді, деп Анадолу АА хабарлайды.  Түркияның Хатай провинциясының Рейханлы ауданында 2013 жылы  53 адам қаза тапқан лаңкестік шабуылының жауаптысының бірі Эрджан Баят ұсталды. Іздеуде жүрген лаңкестер тізімінің «көк» санатындағы  Эрджан Баят бір күн бұрын Хатай провинциясындағы Сирия шекарасындағы шекара полиция тарапынан ұсталып, қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Калининградта сауда орталықтарын «миналаған» күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 шілде. Полиция Калининградтағы «Плаза» және «Еуропа» сауда орталықтарын миналау туралы хабарлаған күдіктіні ұстады, сауда орталығында қауіпті заттар табылмады, деп Калининград облысы үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Дмитрий Лысковқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. «Плаза» мен «Еуропа» сауда орталықтарында ъқауіпсіздік қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижелері бойынша күдікті заттар табылған жоқ, ақпарат расталған жоқ. Сонымен қатар, ІІМБ […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 3 of 5«12345 »