Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда лаңкестіктен 20 тұрғын жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ауғанстанның Джалалабад қаласында жарылыс болып, 1 адам қаза тапты, деп 24.kz  хабарлайды. Тағы 20 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, полиция көлігі жол шетіне қойылған бомбаға түсіп жарылған. Қастандықты қандай лаңкестік топтың ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, өткен аптада осы шаһарда тағы бір көлік минаға жарылып, 9 адам опат болған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерияда жарылыстан 30 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында бірнеше жойқын жарылыс болды.Бұл туралы Хабар 24 жазады.  Салдарынан 30 адам көз жұмып, 40-қа жуық тұрғын жарақат алды. Жергілікті билік мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Лаңкестік әрекетті жанкештілер ұйымдастырған. Оның бірі әйел адам болды. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Джамму мен Кашмирде полицияға шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Үндістанның Джамму мен Кашмир штатында қаруланған белгісіз біреулер полиция патрулін шабуылдады.Бұл туралы 24.kz агенттігі хабарлайды. Оқиғадан 5 тәртіп сақшысы қайтыс болды. Тағы бір бейбіт тұрғын ауыр жарақат алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, лаңкестер алдымен полицияға граната лақтырып, кейін оқ ата бастаған. Әскерилер қарымта жауап беріп, бір лаңкестің көзін құртты. Әзірге оқиғаға қатысты […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде үш жыл бұрын болған лаңкестік шабуылдың құрбандары еске алынды

    АҚТӨБЕ, 05 маусым. Ақтөбеде болған лаңкестік шабуыл оқиғаға бүгін тура 3 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұздай қаруланған топ қару-жарақ дүкені мен әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын. Бүгін қақтығыс орын алған әскери бөлімде ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сол күндері Ақтөбенің 4 қарапайым тұрғыны мен Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімінде қызмет ететін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Израильде лаңкес екі адамды пышақпен жарақаттады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Иерусалимдегі Дамаск қақпасы маңында пышақпен қаруланған лаңкес жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, салдарынан екі тұрғын жарақаттанды.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі жазады. 19 жасар палестиндік күдікті алдымен 50 жастағы ер кісіге пышақ сұққан. Зардап шегуші ауыр халде емханаға жеткізілді. Ізінше лаңкес жасөспірімге шабуыл жасаған. Израильдік полиция өкілдері бұл қылмысты терактілік акт деп мойындады.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия парламентінде лаңкестер адамдарды кепілге алмақ болған

    НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр.  DHKP-C әсіре солшыл террористік ұйымының екі содыры Түркия парламенті күзет қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Лаңкестер, соның ішінде бір әйел депутаттардың бірімен кездесетінін айтып, парламент ғимаратына кірмекке әрекеттенген. Кіреберісте оны полицей тоқтатқан, осыдан кейін терроршылар қауіпсіздік қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болады. Лаңкестерді полицейлер тұтқындады. Қолға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланкадағы теракті: 13 күдікті қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Шри-Ланкадағы бірнеше шіркеу мен қонақ үйде болған жарылыстарға қатысы бар 13 күдікті қамауға алынды. Оларды ұстау операциясы барысында 3 тәртіп сақшысы қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Жергілікті билік оқиғаны лаңкестік деп таныды. Әзірге террорлық әрекетке қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Естеріңізге салайық, аралда барлығы 8 жарылыс болды. Лаңкестер ел […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания лаңкестік үгітке тосқауыл қоюдың жолын тапты

    Ұлыбритания. 15 ақпан. Ұлыбританиялық мамандар интернетте лаңкестікті насихаттайтын материалдарды анықтайтын жаңа технология ойлап тапты. Бағдарлама аудио және видеоларға сараптама жүргізіп, лаңкестікке үндейтін тұстарын автоматты түрде таниды. Бұл туралы Корольдіктің ішкі істер министрлігі хабарлады. Сынақ барысында қосымша 94 пайыз нақты нәтиже берген. Мәселен, бағдарлама 1 миллионнан астам бейнероликті тексергеннен кейін адамның ой елегіне ең күдікті деген […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда лаңкестер шабуылынан 30 адам көз жұмды

    Кабул. 18 қазан. Ауғанстанның шығысындағы полицейлер даярлайтын орталыққа лаңкестер шабуыл жасап, салдарынан 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тағы ондаған кісі жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен тәртіп сақшылары дереу келген. Шабуыл Пактия провинциясындағы Гардез қаласында болды. Жанкешті жүргізген көлік полицейлер дайындайтын орталық маңына келіп […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Дін мен лаңкестік сөздерін қатар қолдану қаншалықты негізді?

    Астана. 6 қазан. Бүгінгі күні жаһандық БАҚ-да «лаңкестік» сөзі «Ислам» сөзімен қатар айтылып, тіпті, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ислам радикалдары» деген әділетсіз, орынсыз тіркестердің жиі айтылатынын естіп жүрміз. Ислам мен лаңкестікті бір-бірімен байланыстырып, орайлас ұғымдармен қатар қолдану қаншалықты негізді? Екі қарама-қайшы ұғымдардың бір мезетте қатар қолданылуы мүмкін болмағаны секілді – дін мен лаңкестікті қатар қолдану […]
    • 6 Years ago
    • 0
Бет 3 of 4«1234 »