Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Екібастұзда 8 келіден астам есірткі сатып алған әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды

    ЕКІБАСТҰЗ, 14 қазан. Екібастұзда 8 келіден астам есірткі сатып алған әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың наурыз айында Екібастұз қаласының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірі есірткі заттарын алуға бара жатқаны туралы жедел ақпарат алды. Сондай-ақ полицейлерге қала тұрғыны қайда кеткенін хабарлады. – Қажетті іс-шараларды жүргізу барысында Екібастұз қаласындағы Марғұлан көшесінің көлік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан.Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық есірткі тәркіленді, деп «Хабар 24» сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Мексика әскери-теңіз күштері 2 жарым тоннаға жуық метамфетамин деп аталатын химиялық есірткіні қолға түсірді. Заңсыз жүкті алып бара жатқан қылмыстық топ Энсенада қаласының жағалауына жақын жерде ұсталды. Әскерилердің айтуынша, айдында жылдам қайықтың жүрісі күдік туғызған. Осыдан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында «Қарасора-2021” республикалық ЖАІШ өткізу барысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

    ТАРАЗ, 11 қазан. Жамбылда ер адамнан 160 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстады. Сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызметтік ит кеден бекетінде есірткі алып өтпек болған Өзбекстан тұрғынын ұстауға көмектесті

    ТҮРКІСТАН, 08 қазан. Түркістан полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш ауданының сақшылары Жібек жолы кеден бекеті арқылы есірткіні заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан елінің азаматын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, бақылау бекетінің қызметкерлері ҚР-нан Өзбекстан Республикасының аумағына өтпек болған ер азаматтың билетін тексеріп жатқан кезде, “Белка” атты қызметтік ит бірнеше […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Көкшетау қаласының тұрғынынан арнайы операция кезінде  4 келіден астам есірткі тәркіленді

    КӨКШЕТАУ, 06 қазан. СҚО полицейлері арнайы операция кезінде төрт келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Заңсыз айналымнан төрт келіден астам есірткі алынды. 29 жастағы қазақстандық бірнеше ай бұрын жедел қызметкерлердің назарына ілікті. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында қызметтік ит есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстауға көмектесті

    ТҮРКІСТАН, 24 қыркүйек. Белка қызметтік иті шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде ӨР-нан ҚР-на өтіп жатқан азамат күмән тудырып, Белка қызметтік иті белгі береді. Содан тексеру кезінде күдікті азаматтың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда 15 жылдан бері іздеуде жүрген аса ірі мөлшерде есірткі сатқан қылмыскер қолға түсті

    АЛМАТЫ, 02 қыркүйек. Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан қылмыскер 15 жылдан кейін Алматыда қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың шілде айында Алматы қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге 2006 жылдан бері аса ірі мөлшерде есірткі сатқан деген күдікпен іздеуде жүрген 42 жастағы ер адамды ұстады. 2004 жылдың 12 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы тұрғыны жертөлесінде есірткі өсірген

    АЛМАТЫ, 31 тамыз. Алматылық тұрғын көпқабатты үйдің жертөлесінде марихуана өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 45 жастағы ер адам Достық көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жертөлесінде марихуана өсірген. «Т. есімді ер адам марихуана өсіп тұрған ыдысты фольга мен ультракүлгін сәулесі мен жабдықталған бұрышқа қойған. Күдіктінің айтуынша, ол осы уақытқа дейін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесілді

    АТЫРАУ, 25 тамыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі хабарлайды. Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ШҚО тұрғыны үйінде бір келіден астам марихуана сақтаған

    ӨСКЕМЕН, 12 тамыз. ШҚО тұрғыны үйінде бір келіден астам марихуана сақтаған, деп хабарлады Polisia.kz-ке сілтеме жасап 24.kz жазады.  20 шілдеде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Шемонаиха ауданының полиция бөліміне Шемонаиха қаласының 42 жастағы тұрғыны есірткі заттарын өз үйінде сақтауы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат алды. Ақпаратты тексеру барысында үйдің ауласында орналасқан қосалқы шаруашылық ғимаратына […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 6 of 25« Бiрiншi...«45678 » 1020...Last »