Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мысырда арнайы операция кезінде 15 содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Мысырдың полиция қызметкерлері жексенбі күні  терроризмге қарсы операция барысында 15 содырдын көзін жойды. Болжалдап айтқанда олар ДАИШ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) ұйымының содырлары. Бұл туралы 23 қыркүйекте Associated Press агенттігі Мысырдағы қауіпсіздік қызметіндегі жасырын дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп REGNUM АА жазады. Дереккөздің айтуынша, арнайы операция Эль-Ариш қаласының маңында өткізілді. Содырлардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда ДАИШ содырлары 10 полицейді атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Синай түбегінде ТГИЛ лаңкестері полиция бекеттеріне шабуыл жасады.Бұл туралы NewsExecutive сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиға салдарынан 10 тәртіп сақшысы оққа ұшты. Айта кету керек, Синай түбегіндегі үкімет пен террорлық қарулы топ арасындағы текетірес 2011 жылғы революциядан бері жалғасып келеді.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ — ҚР СІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Мысырда туристік автобустың жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram-каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 жылғы 19 мамырда Каир қаласындағы Гиза ауданында автокөлік жолында орналастырылған жарылғыш қондырғының жарылысынан туристік автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік жарылды. Салдарынан шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар зардап шекті. Мысыр Араб […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Индонезия мен Мысыр лаңкестікке қарсы ынтымақтаса күреседі

    АСТАНА, 28 ақпан. Индонезияның ұлттық терроризмге қарсы агенттігі мен Мысырдың Ішкі істер министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасуға келісті, деп Antaranews сілтеме жасап REGNUM агенттігі жазады. Ұлттық терроризмге қарсы агенттіктің басшысы Сухарди Алиус Каирде өткен екіжақты кездесу барысында қазіргі кезде радикалды топтар өздерінің идеологиясын қабылдау, , насихаттау және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ЕО мен Араб мемлекеттері лигасының саммиті өтті

    АСТАНА, 25 ақпан. Египетте тұңғыш рет Еуроодақ мемлекеттері мен Араб мемлекеттері басшыларының саммиті өтті, деп хабарлайды Islam Today. Саммит жұмысына екі аймақтық қауымдастықтың 50-ге тарта мемлекет президенттері, үкімет, Сыртқы істер министрліктері басшылары мен ресми өкілдер келді. Жиында талқыланатын басты тақырып – терроризмге қарсы күрес және заңсыз миграция мәселелері. Саммит қатысушыларының алдында Египет президенті Абдель Фаттах […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Каирде теракті болды

    АСТАНА, 19 ақпан. Египет астанасы Каирде теракті болды. Оқиға салдарынан құқыққорғау органының екі қызметкері қаза тауып, үш полицей жараланды, деп жазады РИА Новости. Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, полицейлер күдікті азаматты Каирдің ескі аудандарында бақылауға алған. «Күштік құрылым күдіктіні қоршап алды. Лаңкесті ұстаған уақытта, оған байланған жарылғыш зат іске қосылды» делінген хабарламада. Террорист сол мезетте […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда террористер жазаға тартылды

    АСТАНА, 6 ақпан. Египеттің әскери соты ел президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге қастандық жасау ісі бойынша сотты бастады, деп KAZISLAM сайты хабарлайды. Айыпталушылар – сегіз адам. Олардың екеуіне өлім жазасы талап етілуде. Reuters агенттігінің хабарлауынша, сотталушылардың ДАИШ террористік ұйымымен байланысы бар. Соңғы үкім 6 наурыз күні шығады. Егер өлім жазасы кесілсе, жоғары үкімді елдің Бас мүфтиі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда туристерге қарсы лаңкестік шабуыл дайындаған содырлаар тобы жойылды

    АСТАНА, 13 қаңтар. Мысырдың әлеуетті құрылымдары өткізген арнайы операция барысында туристерге қарсы лаңкестік шабуыл жоспарлаған бір топ содырлар жойылды, деп «Al-Arabiya» араб жаңалықтары порталына сілтеме жасай отырып, ВОЕННОЕ ОБОЗРЕНИЕ сайты хабарлайды. 2019 жылдың 12 қаңтарында Мысырдың арнайы қызметтерінің өкілдері бұрын анықталған Каирдің оңтүстік жағынан 450 шақырымдай жердегі Сохат провинциясындағы(осы провинциядағы 3,5 миллион адамның көпшілігі кедейлік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ терроризмге қарсы күресте Мысырға көмектесуге уәде берді

    АСТАНА, 11 қаңтар. Америка Құрама Штаттары Мысыр еліндегі террористік топтарға қарсы күресте демеу көрсетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Каирдегі Америка университетінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады TAСС. Оның айтуынша, «Вашингтон Мысырдың террористік топтарды, оның ішінде Синай түбегіндегі террористтерді жою әрекеттерін қолдайтын болады». Бұл тұрғыда Помпео «американдық әрекетсіздік кезеңі аяқталды» деп […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда шіркеу жанында болған жарылыс нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапты

    АСТАНА, 06 қаңтар. Каирдегі шіркеудің жанындағы жарылғыш құрылғыны минасыздандыру кезінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости. «Каирдегі шіркеудің жанындағы жарылғыш құрылғыны минасыздандыру кезінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екіншісі жарақат алды», — делінген хабарламада. Арнаның ақпараты бойынша, құрылғы шіркеудің жанында полиция қызметкерлерімен табылған сөмкеде болды. Бомба полиция қызметкерлері сөмкені […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 3 of 4«1234 »