Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мысыр полицейлеріне сақалды болуға заңды түрде тыйым салынған

    АСТАНА, 15 қыркүйек. Ішкі істер министрлігіне сақалды полиция қызметкерлерін қайтаруға міндет еткен жоғарғы әкімшілік соттың шешімі күшін жойды, деп informБЮРО ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сақалды полиция қызметкерлері жұмысынан кетуі керек,деген шешімді Каир соты қабылдады. Мысыр заңдарына сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің сақалдарын жіберу мен шаштарын өсіру арқылы діни көзқарастарын көрсетпеуі керек. Мысырда билікке, 2012 жылы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысыр билігі экстремизм мен құдайсыздыққа қарсы күрес бастады

    Каир. 22 қаңтар. Египет мемлекетінің билігі экстремизсмен күрес шарасын қарқынды түрде жалғастыратын болмақ. Бұл жайында Уақыптар ісі жөніндегі министр Мохтар Гомаа Египет қоғамындағы атеистік пікірлерге қатысты өткізілген Дін істері комитетінің парламентарийлік отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Muslim. «Министрлік қазіргі таңда экстремизм мен ереси, атеизмнің жайылуына қарсы барлық сала бойынша ымырасыз күрес жүргізуде. Біз теріс пікірлердің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда лаңкестермен қақтығыс кезінде 16 сарбаз көз жұмған

    Каир. 24 қазан. Египетте күштік құрылымдар лаңкестікпен күресте қыруар шығынға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Арнайы операциялар ірі ұрыс қимылдарына ұқсайды. Әскер содырларға қарсы ұшақтар мен танкілерді де қолдануға мәжбүр. Бірақ мұндай әрекеттен қайран болмай тұр. Жұма күні елдің батысындағы Гиза аймағында лаңкестермен қақтығыс кезінде 16 сарбаз көз жұмған. Бейресми дерекке қарағанда, күні […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ливияда лаңкестердің лагері талқандалды

    Ливия. 29 мамыр. Мысырдың әскери-әуе күштері лаңкестер бекінген Ливиядағы лагерлерді әуеден соққылады. Содырлардың мекенін жермен-жексен еткен Египет билігі бұл әрекетті автобусқа жасалған шабуылға жауап деп мәлімдеді. Өйткені қастандықты мойынына алған экстремистер дәл осы лагерлерде жасырынған деген мәлімет бар. Айта кеткен жөн, өткен аптада Мысырдың Эль-Минья провинциясында әлдекімдер христиан діні өкілдері мінген автобусқа оқ жаудырған болатын. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда үш террорист өлім жазасына кесілді

    Каир. 30 сәуір.  Каир қаласының Қылмыстық соты жексенбі күні үш лаңкесті, соның ішінде «Мұсылман бауырлар» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік ұйымының басшысы Вагди Ганим, дарға асып өлтіру жазасына кесілді, деп хабарлайды РИА Новости «Аль-Кахира» жаңалық орталығына сілтеме жасап. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, сотталушылар 2003 жылы, 2015 жылға дейін белсенді әрекет еткен, қылмыстық топ құрған. Топ жарғыш қызметтерімен айналысқан, сондай-ақ әскери […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Рим Папасының келуіне орай Каирда қауіпсіздік шарасы күшейтілуде

    Каир. 28 сәуір. Египет құқыққорғау органы Каир қаласына таяу уақытқа жоспарланған Рим папасы Францисктің екікүндік сапарына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлайды REGNUM  Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Каир полициясы тұрғын үй аудандары мен қаланың батыс бөлігінде тексерістер жүргізіп, Мысыр астанасының негізгі тас жолдарындағы көлік тұрақтарын жапты. REGNUM хабарлауынша,  Рим папасы Францисктің  сапары 28 мен 29 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер

    Әбу-Даби. 11 сәуір. Жексенбі күні Мысырда жанкешті лаңкестер екі шіркеуде жарылыс жасады. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің хабарлауынша, лаңкестердің аты-жөні Әбу Ысқақ әл-Масри және Әбу әл-Бараа әл-Масри екені анықталды. Әбу Ысқақ әл-Масри Александриядағы христиандық шіркеуде теракт жасаған. Ол 1990 жылы қыркүйек айында Маньята Аль-Камда дүниеге келген. Сауда бакалавры дәрежесін алған. Оның Кувейтте төрт ай есепші болып жұмыс […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

    Астана. 10 сәуір. Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда қазақстандық туристерді үрейге бой алдырмауға шақырды

    Астана. 9 сәуір.  Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египетте демалып жатқан немесе бұл елге демалуды жоспарлаған қазақстандық туристерді курортты аймақтан тыс шықпауды ұсынады, деп хабарлайды ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өз Facebook парақшасында. «Әлемдік бұқаралық ақпарат көздерінің деректерінше, мысырлық Танта қаласындағы коптық шіркеуде болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пасха алдындағы жексенбі күні Мысырдың Танта қаласында екі жарылыс болды

    Каир. 9 сәуір.  Мысырдың Танта қаласында, Каирдан солтүстікке қарай орналасқан, екі жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Журналистердің ақпаратына сәйкес, бірінші жарылыс Мар-Гиргис ғибадатқасында болды. Басында, жарылғыш затты жаңкешті іске келтірді деп хабарлаған, ал сосын бір белгісіз адамның жарылғыш заты бар сөмкені собордың бірінші қабатында тастап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. eXtranews телеарнасының […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 4 of 4«1234