Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Доминикан Республикасының шығысында 280 кг-нан астам кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Доминикан Республикасының есірткі айналымын бақылау жөніндегі ұлттық басқармасының қызметкерлері елдің шығысындағы Ла-Альтаграсия провинциясының жағалауынан салмағы 280 кг болатын кокаин партиясын тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның таратылған мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Оның айтуынша, жүк Оңтүстік Америкадан республикаға бет алған қайық бортында болған. Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасымен айналысқандарды іздестіріп жатыр. Доминикан Республикасы АҚШ пен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Елімізге есірткі заттар қай елдерден жеткізіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Нашақорлық, есірткі қылмысы қоғам үшін үлкен қауіп-қатерге айналып тұр. Онымен күрес елімізде тұрақты әрі кешенді жүргізіліп жатқанына қарамастан есірткінің синтетикалық жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты ахуал қиындай түсуде, деп ҚазАқпарат хабарлайды.  Сонымен қатар Ауғанстанда билік басына тәліптердің келуіне байланысты да «ауған апиынының» таралу қаупі күшейген. Осыған орай Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменттің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Биыл 2 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан.  Осы жылдың 11 айында ішкі істер органдары 2273 есірткі қылмысын анықтап, есірткіні өткізудің 1336 фактісінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ведомство мәліметінше, айналымнан 13 тонна есірткі, оның ішінде 5,2 кг героин, 114 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. 9 ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының қызметі тоқтатылды. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын жойды

    АЛМАТЫ, 07 желтоқсан. Полицейлер Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдайтын арнаны жапты. – Шілде айында 32 жастағы Г.есімді азамат каннабиноидты тобындағы есірткімен ұсталды. Рұқсат етілген арнайы іс-шаралар барысында ұсталған адам 56 жастағы З.есімді азаматтан есірткіні кейіннен сату үшін сатып алғаны анықталды. Тергеу […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері ҰҚТ мүшелерінен 37 келі гашиш тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Елордада 37 келі гашиштің ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Нұр-Сұлтан қаласының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы елдің оңтүстік өңірінен әкелінген гашишті сатумен айналысатын қылмыстық топты әшкерледі. Гашишты өткізу кезінде арнайы операция жүргізу барысында қылмыстық топты ұйымдастырушыларының бірі ұсталды. №оның көлігін тінту кезінде 8 келі 700 грамм гашиш алынды. Содан кейін […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ресейде соңғы бес жылда 900-ден астам жасырын есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Бес жыл ішінде полицейлер 900-ден астам астыртын есірткі зертханаларының қызметінің жолын кесті, сондай-ақ заңсыз заттар контрабандасының 6,7 мыңнан астам фактісін анықтады. Бұл туралы  Ресей ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  «Соңғы бес жылда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыруға байланысты есірткі қылмысына қатысты 390-нан астам қылмыс тергелді. Заңсыз заттар контрабандасының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • «Дәрмек» ЖАІШ: 35 медицина қызметкері есірткі айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Ағымдағы жылдың 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында “Дармек” жедел алдын алу іс-шарасының төртінші кезеңі өткізілді. Оның негізгі міндеті – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымындағы бұзушылықтарды анықтау. Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алты күн ішінде елімізде Қазақстан Республикасы ҚК-нің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да қаруланған ер адам есірткіні тасымалдаған

    ӨСКЕМЕН, 06 желтоқсан. ШҚО-да қаруланған есірткіні тасымалдаушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткіні сақтады деген күдікпен Глубокое ауданының 27 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстады. Кідіріссіз жеке тінту барысында оның шалбарының оң қалтасында жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір қағаз түйіншек табылды, сондай-ақ оның көлігін тінту кезінде алдыңғы орындықта рюкзак жатқан, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ресейлік рэпер Элджейге есірткіні насихаттағаны үшін 100 мың рубль айыппұл салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Мәскеудегі Зюзинский соты рэпер Элджейге (Алексей Узенюк) бейне клипінде есірткіні насихаттағаны үшін 100 мың рубль айыппұл салды. Бұл туралы ТАСС соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Сот Узенюкті Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 6.13 бабының 1.1 бөлігінде (интернет арқылы есірткі, психотроптық заттарды насихаттау)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ елдерінің есірткіге қарсы ведомстволарының басшылары есірткіге қарсы күресті талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. ҰҚШҰ елдерінің есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазақстан Республикасының төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдар басшыларының үйлестіру кеңесінің 23-ші отырысы өтті. Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдің есірткіге […]
    • 2 Years ago
    • 0