Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды

    ТАРАЗ, 01 қазан. Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғынынан 8 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Көкнар» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түймекент ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде Байзақ ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «Ер адамнан 8 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Аргентинадан Испанияға ұшып бара жатқан жолаушылардаң 200 кг астам кг кокаин табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек.Әуежайлар қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлері кеден қызметімен бірлесіп Буэнос-Айрес маңында Эсейс халықаралық әуежайында Мадридке бет алған бірнеше жолаушының чемоданынан 240 килограмм кокаин тәркіледі,деп Аргентинаның қауіпсіздік министрі Патрисия Буллричке сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.   «240 килограмм кокаин! Эсейстен Мадридке жіберілген. Біз оларды әуежай мен кеденнің қауіпсіздік қызметінің бірлескен ауқымды операциясы аясында тәркіледік, оның барысында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шекарашылар тапқан 5 гектар алқаптағы жабайы қарасора жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек. Шекарашылар Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағынан жабайы қарасора өскен алқаптарды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Шонжы шекара отрядының «Текес» және Күршім шекара отрядының «Өрел» шекара заставаларының аумағынан шекарашылар жабайы қарасора алқаптарын тапты. Екі жерден анықталған алқаптың жалпы көлемі — 5 гектар. Осыған байланысты жергілікті атқарушы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ есірткі жарнамасы мен саудасы туралы дерек қабылдайтын WhatsApp ашты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Енді кез-келген тұрғын, ең қиын әлеуметтік міселелердің бірі болатын, есірткі қылмысының алдын алуға және онымен күресуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандықтар WhatsApp-та 8 777 785 66 51 нөміріне есірткі қылмысы, есірткінің заңсыз айналымы, есірткі жарнамалайтын граффити туралы хабарлап, фото мен видеоларды жібере алады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

    ТҮРКІСТАН, 23 қыркүйек.  «Көкнәр» және «Допинг» жедел алдын алу іс-шаралары аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 62 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде 18 есірткі затын өткізу, 3 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактілері болса, одан бөлек есірткі өсімдіктерінің 38 алқабы жойылды. Полиция қызметкерлері тәркілеген есірткінің жалпы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сататын 4800 сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек.  Есірткі саудасына қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады. Осы уақытқа дейін есірткі сататын 4800 сайт бұғатталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елімізде жыл сайын маусым айынан қазан айына дейін ауқымды «Көкнәр» операциясы өтеді. Мақсаты – есірткі қылмыскерлерінің іс-әрекетін тоқтату. «Синтетиканы» саудалау жақсы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан азаматы Қазақстан аумағына ірі көлемдегі есірткі затын кіргізбек болған

    ТҮРКІСТАН, 22 қыркүйек. Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде  елімізге ірі көлемді есірткі затын енгізудің алдын алды, деп Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.  «Х.А.» атты Тәжікстан Республикасының азаматының автокөлігін тексеру барысында көлікте жасырын орын жабдықталғандығы анықталған. Тереңдетілген техникалық тексеру барысында автокөліктің бамперінде жасырылған спецификалық белгілері бар зат табылып, кейінірек, сараптама […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Колумбиялық әскери-теңіз күштері сегіз тонна кокаинды ұстап алды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Колумбиялық ұлттық әскери-теңіз күштері құны 500 миллион АҚШ доллары шамасында  болатын сегіз тонна кокаинды ұстап алды, деп Noticias Caracol телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Хабарланғандай, есірткі заттар  Тумако муниципалитетінің жағалауына жақын жердегі жартылай батпалы сүңгуір қайықта болған, Орталық Америкаға өткізілмек болған.Жүктің кімге тиесілі екені туралы мәліметтер келтірілмейді. Телеарна мәліметтері бойынша, осындай […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі анықталды

    ТАРАЗ, 19 қыркүйек. Жамбыл облысында «Допинг» екікүндік жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі қылмысына қатысты 19 факті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Анықталған құқықбұзушылық фактілерінің 16-сы қылмыстық, 3-еуі әкімшілік санатқа жатады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «Есірткі құралдарының заңды және заңсыз айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі профилактикалық жұмыстар барысында заңсыз айналымнан алынған есірткі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елордада аса ірі көлемде есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек.  Елордалық полицейлер арнайы операция барысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. «36 жастағы ер адам Тараз көшесінде көлігінің жанында ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде жедел уәкілдер орындық астынан ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакет тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, салмағы 200 […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 30 of 42« Бiрiншi...1020«2829303132 » 40...Last »