Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Содырлармен байланыста болған полиция қызметкері Ауғанстанның оңтүстігінде төрт әріптесін атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз.Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында полиция қызметкері төрт әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап. Арнаның мәліметінше, оқиға Жерай ауданында жексенбіге қараған түні орын алған. Олардың айтуынша, оқ атқан адам содырлармен байланысты болған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Камерунның батысында содырлардың шабуылынан кем дегенде 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні белгісіз бір топ содырлар Камерунның батыс аймағындағы Галим елді мекеніндегі полиция бөлімшесіне шабуыл жасады, кемінде 5 адам қаза  болды. Бұл туралы елдің қауіпсіздік күштері өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Өкілдің айтуынша, бұл топ шамамен 20 адамнан құралған. Олар мотоциклмен жүріп оқ жаудырған. Нәтижесінде 2 полицей, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда полиция басқармасының маңында бомба жарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Ауғанстанда полиция бөлімшесінің жанында бомба қойылған көлік жарылды. Бұл туралы журналистерге жергілікті полиция қызметінің бастығы Исмаил Эхрилвак мәлімдеді, деп Anadolu Ajansi сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Оның айтуынша, теракт  9 ақпан күні Гильменд провинциясының Гиришик аймағында болған. Эхрилвак жарылыс салдарынан алты полиция қызметкерінің қаза тапқанын айтты. Қанды оқиға үшін жауапкершілікті әлі ешқандай террористік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кенияда полиция бекетіне «Аш-Шабаб» содырлары шабуылы салдарынан төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. Кенияның шығысындағы Гарисса округінде содырлардың шабуылынан кем дегенде төрт адам қаза тапты, — деп хабарлайды РИА Новости  жергілікті Daily Nation басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, « Аш-Шабаб» радикалды исламшыл тобының содырлары Дадааб қаласында полиция бекетіне шабуыл жасаған, төрт бейбіт тұрғын шабуылдың құрбаны болды. Шабуылдаушылардың екеуі жойылды деп хабарлануда.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кандагарда тәліб агентінің шабуылы нәтижесінде жеті полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Жексенбі күні оңтүстік Кандагар провинциясында содырлар агенттерінің шабуылынан кем дегенде жеті полицей қаза тапты, деп хабарлайды АфТАГ TOLOnews-ке сілтеме жасап. Оқиға Шах-Вали-Кот үйезінің Тор-Коталь ауданында болған. Полиция қызметкері өз қызметтестеріне оқ жаудырып, нәтижесінде жеті полиция қызметкерін өлтірді, делінген Кандагар полициясының мәлімдемесінде. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Тәлібтер шабуыл үшін жауапкершілікті өзіне алды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Чилиде полиция учаскесінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Чили астанасы Сантьягодағы  Уэчураба  муниципалитетінің полиция учаскесінде пошта арқылы жіберілген бомбаның  жарылысы кезінде сегіз адам зардап шекті. Елдің бұрынғы ішкі істер министрі Родриго Инспетерге  тағы бір жарылғыш зат жіберілді деп хабарлайды РИА Новости  Mercurio басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметтері бойынша, учаскеге жіберілген бомба жарылған, зардап шеккендердің барлығы полиция қызметкерлері. Ел президенті Себастьян […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс. Бір полицей қаза тауып, екеуі жараланды.

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында жарылыс нәтижесінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп  Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, магнит минасы Джелалабад қаласында жарылған. Өңірде әрекет ететін бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Шешенстанда полиция қызметкеріне ДАИШ лаңкесі шабуылдағаны расталды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Шешенстанның  ұлттық саясат, сыртқы байланыстар және ақпарат министрі шабуылшының террористермен байланысын растады, деп хабарлайды НСН . Шешенстанда 1 шілде күні, нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапқан, бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасағаны үшін Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік тобы (ИГИЛ) жауапкершілікті өз мойнына алды. Естеріңізге сала кетейік, Ачхой-Мартанов ауданындағы бақылау-өткізу бекетіне белгісіз адам шабуыл жасаған. Ол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ:Шешенстанда полиция бекетіне жасалған шабуылды ИМ мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде. Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік тобы Шешенстанда полиция бекетіне жасалған шабуылды өз мойындарына алды. Бұл туралы лаңкестердің қызметін ғаламторда қадағалайтын SITE Intelligence Group порталына сілтеме жасай отырып Lenta.ru хабарлады. Оқиға 1 шілде дүйсенбі күні Шешенстанның Ачхой-Мартанов ауданында орын алған. Белгісіз адам бақылау-өткізу пунктіне келіп, гранатаны қалқа астына лақтырды. Қызмет орнында болған полиция […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 3 of 3«123