Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • АҚШ билігі Ауғанстанды бейбітшілік жөніндегі кеңес басшылығының алғашқы отырысын құптайды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. АҚШ билігі Ауғанстанның ұлттық бейбітшілік жөніндегі Жоғарғы кеңесі басшылығының алғашқы отырысын құптайды. Бұл туралы сенбі күні  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «АҚШ Ауғанстанның ұлттық бейбітшілік жөніндегі Жоғарғы кеңесі басқарушы комитетінің құрылуын және бүгінгі бірінші отырысын құптайды. < … > Барлық саяси топтардың Ауған басшылары шешім қабылдауға қолдауға жұмылдырылды. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан үкіметтік делегациясы Катарға келіссөздер жүргізу үшін келіп жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек.Ауғанстан үкіметінің делегациясы «Талибан» қозғалысы ұйымымен (ҚР тыйым салынған ұйым) келіссөздер жүргізу үшін Катарға келді, деп Associated Press-ке сілтеме жасап REGNUM хабарлады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да Дохаға ауғанішілік бейбітшілік келіссөздеріне келді . Ауғанстан үкіметі мен тәлібтер (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) арасындағы келіссөздер 12 қыркүйекте басталады.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Помпео Ауғанстанда қамауда отырған лаңкестерді босатуға шақырады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Ауғанстанда қамауда отырған «Талибан» қозғалысының мүшелерін (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) босатуға шақырды . Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті 6 тамызда таратқан мәлімдемеде айтылған, деп REGNUM АА жазады. Бұл үндеу бүкілауғандық ақсақалдар кеңесіне жолданғаны атап өтілді. АҚШ Сыртқы істер министрлігі лаңкестерді  босату «ауғанішілік келіссөздерді» бастауға мүмкіндік береді […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Помпео «Талибан» қозғалысы басшыларымен бейнекеліссөздер өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Талибан» қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) басшылығымен видео келіссөздер өткізді, деп Рейтерс сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Содырлардың ресми өкілі Сухайль Шахиннің мәлімдеуінше, молла Барадар мен Помпео арасындағы 29 маусымда өткен келіссөздер барысында АҚШ-пен келісімді орындау және Ауғанстаннан шетелдік әскерлерді шығару мәселелері талқыланды. Барадар мен Помпео сондай-ақ […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда зардап шеккендер саны жүз мыңнан асты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан.Ұйымның баяндамасында көрсетілгендей, БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек миссиясы есеп жүргізе бастағаннан бері  Ауғанстандағы қақтығыстарда соңғы 10 жыл ішінде 100 мыңнан астам адам жараланды немесе қаза болды, ал 2019 жылы өлгендер мен зардап шеккендер саны 10 мыңнан асты, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Мемлекеттік хатшы Майк Помпео атынан жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың 29 ақпанда «Талибан» қозғалысымен келісімге қол қоюға дайындалып жатқанын айтқан болатын. Tolo […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Помпео «Талибанмен» бітімге келу шарттары туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бітім шарт жасау үшін «Талибан» (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) содырларына қойылған талаптар туралы айтты. Бұл туралы 3 ақпан күні Associated Press  хабарлады, деп REGNUM жазады. Бірінші кезекте, америкалық сыртқы саяси ведомство басшысының көзқарасы бойынша террористер Ауғанстандағы зорлық-зомбылық деңгейін айтарлықтай төмендетуі тиіс. «Біз бейбіт жоспармен жұмыс істейміз. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Помпео Қазақстанның соғыс аймақтарынан азаматтарын қайтару жөніндегі жұмысын мақтады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. АҚШ соғыс аймақтарынан азаматтарды қайтару жөніндегі Қазақстанның жұмысын жоғары бағалады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару жөніндегі жұмысын атап өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат». «Мен министрге Ауғанстанда бейбітшілікті орнату және тараптарды татуластыру жөніндегі біздің күш-жігерімізді Қазақстанның тұрақты түрде қолдағаны үшін алғыс білдірдім. Мен Қазақстанның Ирак пен Сириядан лаңкес-содырларды және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Помпео: «Ислам мемлекеті» жекелеген аймақтарда жаңарып келеді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Ислам мемлекеті» террористік тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) Сирия мен Иракта қайтадан күш-қуатын арттыруда, деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып REGNUM АА хабарлайды. «Осыдан үш немесе төрт жыл бұрын болған ДАИШ-пен  (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) салыстырсақ қазіргі уақытта бұл топ қуаттырақ», — […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Помпео Қазақстанды Сириядан оралған адамдарды ықпалдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісуге шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан СІМ басшысынан Сирияда болған азаматтарды репатриациялау және одан әрі ықпалдастыру тәжірибесімен бөлісуді сұрады, деп хабарлайды РИА Новости. «Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Сириядан оралған азаматтарының репатриациясы мен ықпалдасуындағы жаһандық көшбасшылығын атап өтіп, Қазақстанды басқа елдермен өз тәжірибесімен бөлісуге шақырды», — деп хабарлады Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі сейсенбі күні […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ-АҚШ мемлекеттік хатшысы мен ҚР ҰҚК төрағасы кездесті

    НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. 26 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (ҰҚК) Кәрім Мәсімовпен кездесті деп АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагуске сілтеме жасап Азаттық Радиосы  хабарлады . АҚШ мемлекеттік департаменті сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, Помпео мен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, «арнайы президент уәкілі» Мәсімов елдегі «тарихи транзит» пен […]
    • 3 Years ago
    • 0