Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Моид Юсуф: Талибан Пәкістанның қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге бармайды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. «Талибан» үкіметі Пәкістанға қарсы элементтермен ынтымақтаспайды, деп жазады «Афганистан.Ру» басылымы.Бұл туралы Stopterror.uz сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Пәкістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моид Юсуф «Талибан» билігі Пәкістанның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін ешқандай шара қолданбағанын айтты. Сонымен бірге ол терроризм қаупі сақталып отырғанын және оны жою қажет екенін атап […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның қауіпсіздік күштері мешіттегі жарылысқа қатысы бар үш террористтің көзің жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Пәкістанның қауіпсіздік күштері өткен аптада Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылысқа қатысы бар үш лаңкесті өлтірді, деп The News International газеті жазады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Басылымның ақпараты бойынша, арнайы операция барысында Хайбер-Пахтунхва провинциясында әрекет еткен «Ислам мемлекеті»* лаңкестік ұйымының ұяшығы жойылды. Оның құрамына кірген […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы фестивальда жарыс салдарынан 5 полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз.Президент Ариф Альви фестивальге қатысқаннан бірнеше сағат өткеннен кейін жарылыс болды, деп  TRT  агенттігі хабарлайды.  Пәкістанның Белуджистан уәлаятында қауіпсіздік күштері операцияда 7 шабуылшыны залалсыздандырды. Пәкістан армиясынан жасалған мәлімдемеде Белуджистан уәлаятының Турбат аймағында шабуылшылардың жасырынғаны хабарына орай аймаққа операция ұйымдастырылғаны білдірілді. Мәлімдемеде қақтығыста 7 шабуылшының залалсыздандырылғаны және көптеген қару-жарақ қолға түскені жеткізілді. Шабуылшының қайсы ұйымға қарасты […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда мешітке жасалған шабуылда 45 кісі мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке жасалған шабуылда кемінде 45 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке жасалған шабуылда кемінде 45 кісі қаза тапты. Полиция лауазымдыларының мәлімдемесінде Пешавардағы Куча Рисалдар мешітінде жұма намазы үшін жамағат жиналған кезде бомбалы шабуыл жасалғаны білдірілді. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның батысында террористер мен әскерилер арасында қақтығыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан. Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында террористермен болған атыста екі сарбаз қаза тапты, деп Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс басқармасына (ISPR) сілтеме жасап Anadolu агенттігі хабарлайды.   Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс басқармасының хабарлауынша, содырлар Белуджистанның Кеч аймағындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған. Содырлардың қай ұйымға жататындығы туралы ақпарат берілмейді.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның солтүстік-батысындағы террорлық шабуылда екі адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жексенбі күні жанкешті жасаған жарылыстан кемінде екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп The Nation газеті жазады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Басылымның ақпараты бойынша, шабуыл жергілікті сайлау күні Ауғанстанмен шекаралас Баджаур тайпалық аймағында жасалған. Қаза тапқандар арасында Авами ұлттық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістандағы террорлық шабуыл: 4 әскери қызметкер қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек. Пәкістанның оңтүстік -батысындағы Белуджистан провинциясында болған жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Алынған ақпарат бойынша, лаңкестер жарылғыш затты әскери көлікке қойған. Шабуыл үшін жауапкершілікті Белуджистанның азат ету армиясы (BLA) өз мойнына алды, деп хабарланады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда террористердің шабуылы кезінде 2 әскери қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек. Пәкістанның оңтүстік -батысындағы Белужистан провинциясында қауіпсіздік күштері мен террористтер арасындағы қарулы қақтығыстың нәтижесінде екі әскери қаза тауып, бір террорист өлтірілді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті БАҚ -тың хабарлауынша, террористтер Белужистанның Кеч ауданында әскери конвойға қарулы шабуыл жасаған. Атыс басталды, екі әскери  қаза тапты, бір террорист өлтірілді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістан «Талибан» содырларына пана болды деген айыпты  жоққа шығарды  

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.  Пәкістан Ауғанстанның «Талибан» қозғалысының содырларына жәрдем жасап, баспана беру туралы мәлімдемесін толығымен жоққа шығарады. Бұл туралы жұма күні журналистерге БҰҰ жанындағы Пәкістанның тұрақты өкілі Мунир Акрам мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «Біз бұл айыптаулардан толық бас тартамыз. Біздің шекара жабық, оның ұзындығының 97% -ы дуалмен жабылған.Ешқандай «қауіпсіз баспана» жоқ», — деді ол. Дипломат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның солтүстік-батысында жарылыс салдарынан он адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде.Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Дасу су бөгеті жұмысшылары мінген автобус жарылды, деп TRT хабарлайды. Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында бір автобус маңында жарылыс болып, алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 әскер, 4 шетелдік барлығы 10 адам қаза тапты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша Жоғарғы Кохистан аймағында салынып жатқан Дасу су бөгетіндегі жұмысшылар мінген автобустың маңында жарылыс болды. Алғашқы мағлұматтарға қарағанда жарылыс […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 3 of 6«12345 » ...Last »