НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Тәжікстан үкіметі Сириядағы босқындар лагеріндегі азаматтарын елге қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Душанбеде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Отанына қайтарылуы тиіс азаматтардың тізімі 260 адамнан тұрады. Министрдің айтуынша, бүгінде Тәжікстан азаматтары күрд құрамалары бақылайтын аумақта орналасқан «Ал-Хавз» және «Ар-Равз» лагерлерінде орналасқан. Сирожиддин Мухриддин […]