Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 22 қазан. Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды. Жарым жан балалар интернатының 24 жастағы тәрбиеші, дефектолог маманы сабақ бере жүріп психотроптық заттар саудасымен айналысқан деген күдікке ілікті. Қоғамды елең еткізген аты шулы іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр, деп AstanaTV хабарлайды.  24 жастағы мұғалім аса ірі көлемде психотропты және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО полицейлері салмағы 93 грамм синтетикалық есірткі затын тәркіледі

    ПЕТРОПАВЛ, 18 қазан. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының 50 жастағы тұрғыны «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Аққайың ауданының орталығы Смирновтың 50 жастағы тұрғынын «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұстады. Полицейлерге оның «спайс» психобелсенді есірткі затын сатумен айналысатыны туралы оперативті ақпарат түскен. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өскемен полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тәркіледі

    ӨСКЕМЕН, 07 қазан. ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында аса ірі көлемдегі есірткі, психотроптық заттарды сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Санкцияланған жеке тінту өткізу барысында Өскеменнің 28 жастағы азаматынан салмағы 6,78 грамм 9 полимерлік пакеттер тәркіленді. Іштерінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сататын 4800 сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек.  Есірткі саудасына қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады. Осы уақытқа дейін есірткі сататын 4800 сайт бұғатталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елімізде жыл сайын маусым айынан қазан айына дейін ауқымды «Көкнәр» операциясы өтеді. Мақсаты – есірткі қылмыскерлерінің іс-әрекетін тоқтату. «Синтетиканы» саудалау жақсы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі сатқан Қостанай тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылады

    ҚОСТАНАЙ, 20 тамыз. ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы Д.Яковенконың заңсыз іс-әрекетін анықтап жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс деректеріне сүйенсек, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «XXXoxoclub.biz сайтын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ғаламтор-ресурсын Д.Яковенко есімді азаматтың құрғаны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Краснояр өлкесінде пошта жәшігінде салмағы 1 килограмнан астам есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз.  Краснояр өлкесінің полицейлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы аймақ бойынша ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Интерфакс хабарлайды. «Норильск қаласының есірткі айналымын бақылау бөлімінің қызметкерлері пошта ғимаратынан ішінде ұнтақ тәріздес зат салынған пластик қорапты тәркіледі. Жүргізілген зерттеу көрсеткендей, бұл салмағы 1 келіден  асатын синтетикалық есірткі»,-делінген баспасөз хабарламасында. Сәлемдеме  иесі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Екатеренбург-Түмен тас жолында сегіз келі есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Екатеринбург – Түмен федералды тас жолында көлігінің жасырын жерінде сегіз килограмм синтетикалық есірткі табылған Приморье тұрғыны ұсталды,деп аймақ бойынша РФ ІІМБ сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Тексеру барысында полиция қызметкерлері көлік құралындағы жасырын жерінде  ақ түсті ұнтақ тәріздес заттар салынған пакеттері бар  екі шелек тегістегіш тауып алды.  Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресей ІІМ: Саратов қаласында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Полиция қызметкерлері аймақтық ФҚҚБ-мен бірлесіп Саратов қаласында есірткі сатқаны үшін күдікті ер адамды қолға түсірді, тінту кезінде одан сегіз килограмм есірткі және 100 килограмм реактив тәркіленді, деп хабарлады Ресей ІІМ   ресми өкілі Ирина Волк. «Жалға алынған тұрғын үйде ер адам түрлі химиялық реактивтер мен зертханалық жабдықтарды қолданып, тыйым салынған заттарды синтездеп, содан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шемонаиха қаласында есірткі сатумен айналысқан екі әйел сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз.  Шығыс Қазақстанның Шемонаиха қаласында синтетикалық есірткіні өткізумен айналысқан азаматтар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  25 наурызда ҰҚК қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында интернеттің көмегімен синтетикалық есірткі заттарын өткізумен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматтары 53 жастағы Корнева Валентина мен 33 жастағы Лещенко Евгенияны құрықтады. 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда синтетикалық есірткі сататын 128 сайт бұғатталды

    АЛМАТЫ, 16 шілде. Алматыда жарты жылдың ішінде 183 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымы бойынша 76 факті бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Заңсыз айналымнан 62 кг астам есірткі тәркіленді. Атап айтқанда, 669 грамм героин, 24 кг гашиш және 36 кг марихуана. Интернетке мониторинг жүргізу арқылы есірткі препаратын сататын сайттарды анықтаймыз. Бұл жұмыстар тұрақты түрде […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 21 of 23« Бiрiншi...10«1920212223 »