Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның Логар провинциясында тәлібтер шабуылынан 7 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Логар провинциясында радикалды «Талибан*» қозғалысы мүшелерінің шабуылынан Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің кем дегенде жеті қызметкері қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы дүйсенбі күні «1TV» арнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Полицияның хабарлауынша, шабуыл торуыл құрылып жасалған. Арна бұдан басқа мәліметтерді келтірмеген.   * Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның орталығында қарулы қарақшылар 11 адамды өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Сенбі күні Нигерияның орталық аймағында қарулы қарақшылар тобы кем дегенде 11 адамды өлтірді. Бұл туралы Нигерияның Channels TV телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .  «Шабуыл таңертең Насарава штатындағы Аджимака ауылына тұрғындары ұйықтап жатқан кезде жасалды, — дейді жергілікті даму қауымдастығының жетекшісі Питер Ахемба. — Бандиттер кезексіз оқ жаудырды, кем дегенде 11 адам […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» содырлары әскери учаскеге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір. «Талибан» содырларның Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясындағы әскери учаскеге жасаған қарулы шабуылында 5 әскер қаза тапты, деп TRT жазады.  Елдің солтүстігіндегі 20-шы Шакин Корпус қолбасшылығы мәлімдемешісі Мұхаммед Ханиф Рызаи қару топ мүшелерінің Балхтің Чимтал ауданына қарасты Серасяб аумағындағы әскери учаскесіне қарулы шабуыл жасағанын білдірді. Шабуылда 5 әскердің қаза тапқаны, 2 әскердің жарақат алғанын жариялаған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның оңтүстік-шығысында содырлардың шабуылынан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Сәрсенбі күні Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Бенуэ штатындағы құрылыс алаңына белгісіз қарулы содырлар шабуыл жасап, Қытай азаматы мен Нигерияның екі полиция қызметкерін өлтіріп, тағы екі Қытай азаматын кепілге алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады. Сәрсенбі күні сағат 07:30 шамасында қытайлық қызметкерлер  мен оларды алып жүруге жауапты бірнеше нигериялық полиция қызметкерлеріне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: «Аш-Шабаб» содырлары Сомалінің оңтүстігіндегі екі әскери базасына шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының содырлары сенбі күні Сомалидің  оңтүстігіндегі елдің қарулы күштерінің екі базасына шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Шабуылдар Барир және Авдигле қалаларындағы базаларға жасалған, екі жақта да шығындар бар, деді Қарулы Күштердің өкілі Хусейн Нур. Оның айтуынша, үкімет күштеріне көмек ретінде солтүстіктен жылжып келе жатқан армия […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кот-д ‘ Ивуардың солтүстігіндегі екі әскери лагерьге жасалған шабуыл нәтижесінде үш әскери қызметші қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Кот-д’Ивуар армиясының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Абиджан қаласынан алынған ақпаратқа сәйкес дүйсенбі күні таңертең елдің солтүстігіндегі екі әскери қалашыққа содырлар шабуыл жасап, нәтижесінде үш сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Буркина-Фасо шекарасы арқылы Кот-д’Ивуарға кірген  60-тан астам содыр әскери лагерге шабуылдады, екі сарбаз қаза тауып, төртеуі жарақат алды, делінген хабарламада. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» шабуылынан екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Фарьяб провинциясындағы Дехендере су қоймасын күзететін ауған полициясының қызметкерлеріне жасалған «Талибан» содырларының қарулы шабуылында екі полиция қызметкері қаза болды. Бұл туралы Ауғанстанның Ұлттық сумен жабдықтау қызметінің өкілі Низамуддин Хипилвакқа сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, екі полиция қызметкері «Талибан» содырларының су қоймасына жасаған шабуылының құрбаны болды, ал тағы біреуі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердің солтүстік-батысындағы шабуылдардан кем дегенде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Малимен шекаралас Нигер ауылдарына жасалған шабуылдардан кем дегенде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Нигердің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздеріне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды . Мәліметтерге сәйкес, бір күн бұрын белгісіз адамдар елдің солтүстік-батысындағы Тахуа аймағындағы ауылдарға шабуыл жасаған. Салдарынан кем дегенде 30 адам қаза болды. Әзірге бірде-бір ұйым бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Содырлардың Нигериядағы бірнеше ауылға жасалған шабуылдар 13 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз.  18 наурыздан бастап Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы төрт ауылға содырлар шабуыл жасады,салдарынан  кем дегенде 13 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы Ішкі қауіпсіздік және ішкі істер жөніндегі аймақтық комиссар Сэмюэл Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, 18 наурыздан бастап белгісіз содырлар Кадуна штатындағы төрт ауылға шабуыл жасады, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Террористтердің шабуылы салдарынан Сирия армиясының 20-дан астам әскерилері  қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Сирияның оңтүстігіндегі Дера уәлаятында бұрынғы оппозиционерлер тұзаққа түсірген Башар Асад режим армиясының 21 әскері өлтірілді, деп TRT хабарлайды.  Башар Асадтың інісі Махир Асад басшылығындағы 4-ші түменге қарасты бір әскери көлік қатары Дераның батыс таулы аймағындағы Мизирип қалашығы маңында қарулы оппозицонерлер тарапынан тұзаққа түсірілді. Қақтығыста режимнің 21 әскері оқиға болған жерде қаза тапты, […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 5 of 11« Бiрiншi...«34567 » 10...Last »