Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: Ауғанстанда «Талибан» содырларымен болған қақтығыста төрт полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде.  Ауғанстанның оңтүстігінде «Талибан»* радикалды қозғалысының содырларымен қақтығыс салдарынан төрт полиция қызметкері қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС сенбі күні 1TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Дереккөздің хабарлауынша, қақтығыстар кеше кешке Гельменд провинциясындағы Лашкаргах қаласында болған. Оқиғаның егжей-тегжейі келтірілген жоқ. * Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан үкіметі мен Талибан делегациясы ымыраға барды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде.Хамтамада кездесулердің сәтті өткені және барлық тақырыптың егжей-тегжейлі түрде қолға алынғаны білдірілді, деп TRT хабарлайды. Иранда бас қосқан Ауғанстан үкіметі лауазым иелері мен Талибан делегациясы мемлекеттегі мәселелерді шешу үшін әртүрлі талпыныстың көрсетілуі керектігі тақырыбында келісті. Иранның үй иелігінде өткен екі күндік жиналыс аяқталды. Жиналыстан кейін ортақ хаттама жарияланды. Хаттамада «Тегерандағы кездесулердің Ауғанстандағы мәселеге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ Мемхатшысы: Әскерлер шығарылғаннан кейін де Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне көмек көрсетуді жалғастырамыз

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым.  Америка Құрама Штаттары өз әскерлерін шығарғаннан кейін, серіктестерімен Ауғанстанға экономикалық және гуманитарлық қолдау көрсету және оның қауіпсіздік күштеріне көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл туралы Италияның Ұлттық Телерадиокорпорациясына берген сұхбатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, стенограмманы сейсенбі күні Мемлекеттік департамент таратты, деп ТАСС хабарлайды . «Біз өз әскерлерімізді Ауғанстаннан шығарамыз, бірақ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәлібтер Ауғанстан-Тәжікстан шекарасындағы заставаны басып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым.  27 маусымда кешкісін Ауғанстандағы Балх провинциясының Шахритус ауданындағы тәлібтермен күрестен артқа шегінген 17 ауған шекарашысы қаруларымен Тәжікстан аумағына қашып өтті, деп Озоди радиосы Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап хабарлады, деп centralasian.org жазады. «Гуманитарлық және көршілер арасындағы келісім негізінде тәжік шекарашылары қашқан жауынгерлерді аумағына өткізді», — деп айтылады мекеме мәліметінде. 22 маусымда […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҰҰ: 2020 жылы Ауғаныстанда 2,6 мыңнан астам бала қаза болып не жарақат алған

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым.  Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстанда соғыс кезінде қайтыс болған не жарақат алған балалар санының көбейіп жатқанына алаңдайды.Бұл туралы centralasian.org  жазады. Ұйымның 22 маусымда жариялаған «Балалар және қарулы жанжалдар» атты баяндамасында 2020 жылы Ауғанстанда 760 бала қаза тауып, 1859-ы жарақат алғаны жазылған. Олардың ішінен 1 098 жеткіншек тәлібтердің не басқа көтерілісшілердің қолынан оққа ұшып немесе жараланған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Талибан тағы екі ауданды билігіне алды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым.  Ауғанстанның Фариаб уәлаятында екі ауданның бақылауы Талибанның қолына өтті, деп TRT хабарлайды. Фариаб депутаты Бабур Жемал сарбаздардың Фариабтың Карамкол, Куган және Андхой аудандарына қарулы шабуыл жасағанын білдірді. Шабуыл нәтижесінде Карамкол және Курган аудандары Талибанның билігіне өтті.  Андхой ауданы маңында қақтығыстар жалғасуда. Талибан болса аты аталған үш ауданды да алғандарын хабарлады. Кеше де […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның 13 провинциясында бір тәулікте 220-дан астам тәліп өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым.  Ауғанстанның 13 провинциясында қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысы бөлімшелері арасындағы қақтығыстарда бір тәулікте 221 талибан өлтіріліп, 88-і жарақат алды, деп бейсенбі күні Ислам Республикасының Қорғаныс министрлігіе сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады, деп ТҚК РҚБ  ресми сайты жазады. Қорғаныс министрлігі қақтығыстардың Кунар, Газни, Кандагар, Урузган, Забул, Фарах, Гор, Балх, Фарьяб, Гильменд, Нимруз, Кундуз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойындағы минаның жарылуы салдарынан бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Сейсенбі күні кешке Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясының тынышсыз Миванд ауданында жолаушылар автобусы жол бойындағы минаға ұрынып, бес адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті полиция өкілі Джамал Барикзайға сілтеме жасап Синьхуа  агенттігі хабарлады. «Миванд ауданындағы жолға содырлар орнатқан минаға сейсенбі күні кешке жолаушылар автобусы ұрынды. Нәтижесінде бес […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде болған қақтығыста «Талибан» қозғалысының жеті содыры және төрт полиция қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Сенбі күні кешке Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясындағы қақтығыста төрт полиция қызметкері мен «Талибан» қозғалысының* жеті содыры қаза тапты. Бұл туралы Синхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады. Қақтығыстар тәлібтер қала маңындағы Намак Аб аймағына шабуыл жасағаннан кейін басталды. «Содырлардың шабуылына тосқауыл қою кезінде аудандық полиция бастығы Абдул Захир мен үш тәртіп сақшысы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстанның үкімет күштері бір ауданды қайтарып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Ауғанстанда 8  маусым күні Талибанның билігіне өткен Фариаб уәлаятының Девлетабад ауданын үкімет күштері қайтарып алды, деп TRT хабарлайды.  Фариаб полициясының хатшысы Керим Юриш қауіпсіздік күштерінің ауданды алу үшін операция жүргізгенін білдірді.  Операция нәтижесінде Девлетабад ауданының орталығы Талибаннан алынды. Операцияда көптеген Талибан сарбазы өлтірілді. Хатшы Талибан сарбаздары мен қауіпсіздік күштері арасында аудан орталығына […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 10 of 34« Бiрiншi...«89101112 » 2030...Last »