Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулда болған лаңкестік әрекеттер үшін жауапкершілікті ИМ мен Талибан қозғалысы өздеріне алды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы бейсенбі күні болған Кабулдағы үш жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды АфТАГ  Amaq News агенттігіне сілтеме жасап. Дәл осы топ жанкешті лаңкестің қаланың 16-шы ауданындағы автобусқа жасалған шабуылын қоса алғанда, тізбекті жарылыстардың артында тұр. Сонымен қатар, тәлібтер Кабул қаласының Деспечари ауданында автокөлік бомбасын жарғанын мәлімдеген. Радикалды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 8 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. 21 шілдеде содырлар Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы полиция бөлімшесіне оқ атты. Кейін оқтан жараланғандарды госпитальге жеткізген сәтте жанкешті әйел ауруханада бомба жарған. Қос шабуылдан кем дегенде сегіз адам мерт болды, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Аудандық полиция жетекшісі Салим Риаз Азаттықтың Пәкістан қызметіне мотоциклмен келген содырлар полицей учаскесінің тексеру пунктіне оқ атып, екі полицей […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көліктегі бомба жарылысынан 12 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Ауғанстанның Кандагар қаласында миналанған 2 автокөлік жарылды, деп 24.kz хабарлайды.  Жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты, тағы 80-нен астам азамат жарақат алған. Жарылыс қалалық полиция басқармасы ғимаратының алдында болған. Белгілі болғандай, оны тәліп содырлары жарыпты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жарылыстан соң қаруланған лаңкестер бірден полицейлерге оқ жаудыра бастаған. Бірақ, полицейлер шабуылшыларға қарсы тойтарыс […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауған аралық келіссөздер Самарқандта өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ауған аралық диалогы бойынша келесі кездесу 3-4 аптадан кейін Самарқандта өтеді,деп ауғандық 1TV телеарнасына сілтеме жасап CA-NEWS хабарлайды. Катар мен Германия ұйымдастырған үшінші ауған аралық конференциясы Дохада 7-8 шілдеде өтті. Келіссөздерге Ауған саясаткерлері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты. 8 шілдеде жарияланған бірлескен мәлімдемеде талибтер мен ауған делегаттары «бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар санын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда содырлар қонақ үйге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстанның Бадгиз провинциясында қаруланған жауынгерлер қонақүйге шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Оқиғадан 10 адам жарақат алды. Ғимараттағы тәртіп сақшыларымен лаңкестердің арасында болған атыс-шабыстан 3 содырдың көзі жойылды. Тағы екеуі тұтқындалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы атышулы «Талибан» террорлық ұйымы өз мойнына алды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның арнайы күштері талибтердің үш бөлімшесін жойды

    НҰР-СҰЛТАН 10 шілде. Ауған арнайы қызметі оңтүстік Гильменд провинциясында талибтердің үш бөлімшесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды АфТАГ.   Арнайы операциялар корпусы шығарған мәлімдемесіне сәйкес, арнайы қызметтер сейсенбі күні кешкісін Каяка ауданындағы талибтердің позициясына шабуылдады. Мәлімдемеде арнайы қызметтер операция кезінде үш бөлімшені жойған делінген. Сонымен қатар, арнайы қызметтер  қаруды, 3 радиоқабылдағышты, 3 компьютерді, пәкістандық ұлттық жеке куәлігін, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда әуе соққылары салдарынан 35 Талиб жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. АҚШ ӘӘК Вардак және Газни провинцияларына әуе соққылар сериясын жаудырды, нәтижесінде «Талибан» қозғалысының кем дегенде 28 содырын жойылды, деп хабарлайды АфТАГ. «Гром» 203-ші корпусының мәлімдемесінде соңғы 24 сағат ішінде АҚШ күштері Майдан-Вардак провинциясындағы Майдан-Шар, Джалрез және  Нерх аудандары бойынша әуе соққысын жаудырған делінген. Бұл ретте «Талибан»қозғалысының 28 содыры қаза тапты. Сонымен қатар, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда талибтердің шабуылынан сегіз адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Ауғанстанда тәуелсіз сайлау комиссиясының сегіз мүшесі  «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылынан қаза тапты, деп  Tolo News телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Телеарнаның мәліметтеріне сәйкес, талибтер шабуылы сенбі күні түнде Кандагар провинциясының Маруф ауданында орын алған. Сондай-ақ, сенбі күні түнде талибтер Фарах провинциясындағы әскери бекетке шабуыл жасады, қауіпсіздік қызметінің сегіз қызметкері қаза тауып, он […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда Талиб түрмелерін жою бойынша операциялар жалғасуда

     НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Ауғанстанның солтүстік бөлігінде «Талибан» радикалды қозғалысының жасырын түрмелерін жою бойынша жаңа операциялар өтті, деп жазады  АфТАГ.  Талиб түрмелерінің бірі Бағлан провинциясының Бағлан-и-Маркази уезінде болды. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің есебіне сәйкес, тұтқыннан 34 адам босатылып, түрме жойылды. Бұрынғы тұтқындар қатарында 7 полицей, 7 әскери және Ұлттық қауіпсіздік (барлау) дирекциясының үш қызметкері бар. Қалған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы арнайы операция кезінде 43 талибан содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Ауғанстанның арнайы күштері Нангархар шығыс провинциясындағы Шерзад ауданында 43 Талибан содырын жойды, деп ақпараттан хабардар әскери көздерге сілтеме жасап  АфТАГ хабарлады. Сондай-ақ,  арнайы күштер талибтердің аймақта орын ауыстыруына кедергі келтіру үшін рейд жүргізді. Сонымен рейд барысында арнайы күштер көптеген қаруды жойды. Бұрын Силабтың 201-ші корпусы АҚШ күштері Шерзад уезі бойынша әуе соққысын […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 30 of 34« Бiрiншi...1020«2829303132 » ...Last »