Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Каирде теракті болды

    АСТАНА, 19 ақпан. Египет астанасы Каирде теракті болды. Оқиға салдарынан құқыққорғау органының екі қызметкері қаза тауып, үш полицей жараланды, деп жазады РИА Новости. Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, полицейлер күдікті азаматты Каирдің ескі аудандарында бақылауға алған. «Күштік құрылым күдіктіні қоршап алды. Лаңкесті ұстаған уақытта, оған байланған жарылғыш зат іске қосылды» делінген хабарламада. Террорист сол мезетте […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Киевте миналау туралы хабардан сон екі метро станциясы жабылды

    АСТАНА, 18 ақпан. Украина астанасында екі метро станциясы жабылды. «Майдан незалежности» және «Крещатик» станциялары миналау туралы хабар келіп түскеннен кейін жолаушылар үшін жабылды, деп Киев метросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NATION NEWS хабарлайды. Миналау туралы анонимді хабар алынды, сондай-ақ жолаушылар үшін ауысып отыратын тоннел де жабылды. Енді құқық қорғау органдары қызметкерлері тексеріс өткізіп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Солтүстік Македония полициясы террорлық шабуылдарды болдырмау жөніндегі арнайы операция өткізуде

    АСТАНА, 16 ақпан. Солтүстік Македония полициясы ИМ террористік шабуылының алдын алу үшін операция жүргізеді, деп хабарлайды РИА Новости Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып. АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні елдің атауын өзгерту туралы шешімнің күшіне енуіне байланысты Солтүстік Македонияда (бұрынғы Македония) террористік шабуылдар қаупі туралы ескертуді жариялады. «Ішкі істер министрлігі серіктес-елмен жедел ақпарат алмасқаннан кейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістанда терактіден 40 полицей қаза тапты

    АСТАНА, 15 ақпан.  Үндістанның Джамму және Кашмир штаттарында болған терактіден кемінде 40 полицей қаза тапты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы полиция қызметкерлері Пулвама округіне бет алғанда іске қосылған.Бұл туралы KAZISLAM сайты жазады. Кейбір деректерге сәйкес, жарылыстан кейін оқиға орнында атыс болған көрінеді. Терактіні «Джаиш-е-Мухаммад» террористік тобы ұйымдастырғанын мәлімдеді. Айта кетсек, бұл ұйым елдегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 15 ақпан. 2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды, деп ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша деструктивті бағыттағы  қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер алынды. Тергеу жалғасуда.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иракта қос теракттың алды алынды

    АСТАНА, 13 ақпан. Ирактың Синджар қаласындағы қауіпсіздік қызметкерлері ДАИШ (Қазақстан территориясында тыйым салынған ұйым) террористік тобының жанкешті-лаңкестердің қатысуымен болатын әрекеттерді болдырмады, деп Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Қауіпсіздік қызметкерлері екі адамды ұстады, олардың біреуі белбеуі бар жанкешті-лаңкес, ал екіншісі – миналанған автокөлікті басқарған болатын. Толығырақ ақпарат әлі берілмеген. Өткен аптада Иракта «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда қызметіне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тунисте шабуыл жасаған террористер өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген

    АСТАНА, 09 ақпан. Тунис соты 2015 жылы Бардо мұражайына шабуыл жасағаны үшін және Соус қаласында демалушыларды атып тастағаны үшін террористерді айыптады. Бұл туралы Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап META. kz хабарлайды. Шабуылдар нәтижесінде 60 адам қаза тапқанын, олардың көпшілігі туристер болған. Шабуыл фактілері бойынша екі жеке сот отырысы өткізілді, онда бірнеше айыпталушылар жазасын алды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Хабаровскіде лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат таратқан Өзбекстан азаматы сотталды

    АСТАНА, 08 ақпан. Хабаровск қаласында жарылғыш құрылғы туралы жалған мәлімет бергені үшін Өзбекстан азаматы сотталды. Бұл туралы Қиыр Шығыс Федеральдық округі бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылдың 5 қазанында Хабаровск-1 станциясының теміржол вокзалының ғимаратында болған 20 жасар Өзбекстан азаматы Хабаровск аймағының Үкіметінің Бірыңғай диспетчерлік қызметіне жарылыс туралы жалған ақпарат хабарлаған. Ресей ІІМ көліктегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Рождество мерекесіне теракт әзірлеген лаңкес ұсталды

    АСТАНА. 20 желтоқсан. Италияның Ватикан шіркеуінде теракт жасамақ болған Сомали азаматы ұсталды, деп хабарлайды Islam-today. Айта кетсек, теракт күдігімен қамауға алынған азаматтың жасы 20-да, ДАИШ террористік ұйымына мүше. Лаңкесті құқыққорғау органы телефон әңгімелері арқылы ұстаған. Жас жігіт телефонмен әлдекімге қоңырау шалып Рождество мерекесінде орталықтағы үлкен шіркеуде жарылыс жасайтынын айтқан. Полиция теракт қасиетті Петр шіркеуінде жоспарланған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда Талибан шабуылы нәтижесінде 22 полиция қызметкері қаза тапты

    АСТАНА, 26 қараша. «Талибан» радикалды қозғалыстың содырлары Ауғанстандағы қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасап, кем дегенде 22 полиция қызметкерін қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Пажвак агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, оқиға Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында орын алған. Сондай-ақ, тағы бес полиция қызметкері жарақаттанды.
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 3 of 6«12345 » ...Last »