Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Бомба» туралы хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Ресейде Хабаровск – Мәскеу рейсімен ұшқан борт миналанды деген хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады  sputniknews.kz . Бұқаралық ақпарат құралының хабарлауынша, «Аэрофлот» әуе компаниясының Airbus A330 бортында 261 жолаушы болған. FlightRadar интернет сервисінің мәліметіне сәйкес, ұшақ Хабаровск қаласынан 800 шақырым жерде кері бұрылған. Соңғы ақпарат бойынша ұшақ Хабаровск қаласында қонған. Зардап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында «Талибан» қозғалысының қырық содыры билікке берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Ауғанстан батысындағы Гор провинциясында «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) 40 содыры билікке берілді. Бұл туралы Синьхуа  агенттігі елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады . «40-қа жуық «Талибан» содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) сейсенбіде тізе бүгіп, батыстағы Гор провинциясының Шахрак аймағында қарулы қақтығысты тоқтатты», — делінген хабарламада. Сондай-ақ олар қару-жарақтарын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2019 жылы Израильде 560-тан астам лаңкестік әрекеттің алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. Израильдің Ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы Надав Аргаман дүйсенбі күні жасалған мәлімдемесінде 2019 жылы Израильде «жүздеген террорлық шабуылдардың алды алынды» деп айтты, деп хабарлады  Синьхуа агенттігі. Н.Аргаман көпшілік алдында жасаған мәлімдемесінде оның қызметі 560-тан астам лаңкестік әрекеттің, оның ішінде он жанкештілердің шабуылын, адам ұрлаудың төрт фактісін және 300-ден астам оқ атудың алдын алды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде лаңкестік әрекеттерді дайындаған ИМ қатысушылары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Ресей астанасында террористік шабуыл жасамақ болған «Ислам мемлекеті»  (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) халықаралық террористік тобының бес мүшесі Мәскеуде ұсталды, деп Islam-today хабарлайды. ФҚҚ сайтында хабарланғандай, «диверсиялық- террористік актілерді жасауды жоспарлаған » топқа Ресейдің екі және  Орталық Азия елдерінің үш азаматы кірді. «Тінту кезінде күдіктілерден ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  эмиссарларының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Данияда арнайы операция кезінде 20 лаңкес ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Дания полициясы елде ауқымды операция жүргізіп, 20 лаңкесті ұстады, деп хабарлайды 24.kz. Мәліметке қарағанда, олар қару-жарақпен жарылғыш заттарды ұстап, елде лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмақ болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, биыл тамыз айында Копенгагендегі салық агенттігінің жанында жарылыс болып, 3 адам тұтқындалған. Осыдан кейін билік Швециямен шекараға уақытша бақылау енгізген болатын.  
    • 4 Years ago
    • 0
  • Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды

    ПАВЛОДАР, 13 қараша. Сот Павлодар қаласының «телефон террорисіне» үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Павлодар қаласының тұрғыны сот шешімімен екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ мәжбүрлі түрде бір жыл ішінде 100 сағат еңбекке тарту және айыппұл салу жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу кезінде ер адамның тұрғылықты жерін ауыстыруына, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан ШЫҰ-на лаңкестікке қарсы күрес стратегиясын құруды ұсынды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Ауғанстан премьер-Министрі Абдулла Абдулла Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі аймақтық стратегияны  құруды ұсынды, деп Газета.uz сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Ауғанстан үкіметінің басшысы елдегі бейбітшілікке қол жеткізу үдерісін қолдағаны үшін Ресейге, АҚШ-қа, Өзбекстанға, ҚХР мен ЕО-қа алғыс білдірді. Абдулла Ауғанстан ШЫҰ-ның маңызды бөлігі болып табылады, алайда Ұйымда байқаушы мәртебесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚМК: Қырғызстанда теракт дайындаған содыр ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан. Халықаралық террористік ұйым лагерінде арнайы дайындықтан өткен қырғыз азаматы Жалал-Абадта ұсталды. Ол Қырғызстанға теракт жасауға жіберілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады, деп centralasian.org жазады.  Комитет мәліметі бойынша, ұсталған күдікті 1994 жылы туған. 2016 жылы оған іздеу жарияланған. Тергеу жүріп жатыр. ҰҚМК сәуір айында Сириядан келген бір содыр ұсталғанын хабарлаған еді. Ал […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алеппоның шығыс бөлігінде бірнеше жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Алеппо қаласының шығыс бөлігіндегі Телль-эз-Заразир ауданында бірнеше жарылыс болды,  деп Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Телеарна мәліметтері бойынша, сириялық барлау штабының жанында бірден бірнеше жарылыс болған. Жарылыс салдарынан қаза тапқандар болуы мүмкін. Жарылыс орны мен оған іргелес жатқан барлық аудандар қауіпсіздік күштерімен қоршауға алынған. Сириялық билік жарылыс туралы ешқандай ресми […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда мешіттегі лаңкестік құрбандарының саны 62-ге жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан. Мешіттегі лаңкестік әрекеттерден ажал құшқандардың саны 62-ге жетті.Тағы 100 ден астам тұрғын зардап шеккен, деп Хабар 24 жазады.  Еске сала кетейік, кеше Ауғанстанның Нангархар провинциясында орналасқан мешітте екі мәрте жарылыс болған. Салдарынан жұма намазға келгендердің үстіне ғимараттың шатыры опырылып құлаған. Қантөгісті кім ұйымдастырғаны әлі белгісіз. Жергілікті үкімет лаңкестік әрекетке «Талибан» радикалды қозғаласы жауапты […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 5 of 46« Бiрiншi...«34567 » 102030...Last »