Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Атырауда антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

    АТЫРАУ, 10 қараша. 2021 жылғы 10 қараша күні Атырау қаласы аумағында Атырау облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб және Атырау облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз  штабы күштерінің қатысуымен антитеррорлық оқу — жаттығуы өтеді, деп Qyzylqoga газеті жазады.  Көрсетілген уақытта Атырау қаласы аумағындағы жекелеген аудандарында қозғалыстар шектелуі мүмкін. Уақытша шектеулерді және құқық қорғау органдары өкілдерінің […]
    • 2 Months ago
    • 0
  • Украина қауіпсіздік қызметі Беларусь шекарасы маңында терроризмге қарсы жаттығулар өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Украина Қауіпсіздік қызметі Беларусь шекарасы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізді. Ол жерде атом электр станциясындағы ықтимал диверсияға қарсы әрекетті  пысықтады. Бұл туралы дүйсенбіде Волынь облысындағы мекеме басқармасы өзінің Facebook -тегі парақшасында хабарлады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлайды.   «Украинаның қауіпсіздік қызметі Беларусь шекарасына жақын жерде терроризмге […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • Қазақстандық әскери қызметшілер «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы оқу-жаттығуына қатысады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Қазақстандық әскери қызметшілер ШЫҰ елдерінің «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына қатысады, деп  қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады. Бұл оқу-жаттығу Ресей Федерациясы Орынбор облысында өтеді. Оған Қазақстанның Қарулы […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір.Бүгін елордадағы «Алау» мұз сарайының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. ҚазАқпарат бұл туралы Терроризммен күрес жөніндегі қалалық шұғыл штабқа сілтеме жасап хабарлайды. «Биылғы жылғы 27 сәуір күні, сағат 08.00-ден 11.00-ге дейін Терроризммен күрес жөніндегі елордалық шұғыл штаб «Алау» мұз сарайының аумағында (Қабанбай батыр даңғылы, 47) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр», […]
    • 9 Months ago
    • 0
  • Украинаның қауіпсіздік қызметі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Украинаның қауіпсіздік қызметі елдің көптеген аймақтарында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып REGNUM жазады. Оқу-жаттығу кезінде Украина шекараларының және  стратегиялық нысандар қорғанысы сыналады. «Шара мақсаты — ықтимал террористік және диверсиялық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру», ​​- делінген хабарламада. Украина қауіпсіздік қызметінің […]
    • 9 Months ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ресейлік әскери қызметшілер шартты лаңкестерді жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей әскери қызметшілері Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасындағы лаңкестік әрекеттерді тойтару бойынша дайындықты сәтті аяқтады. Бұл туралы Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады . Оқу-жаттығуға 600 әскери қызметкер қатысты, олар 20 жауынгерлік техниканы қолданды. Шартты лаңкестердің шабуылын 201-ші базаның мотоатқыш бөлімдері тойтарғаны белгілі . Бастапқыда олар дабыл белгісін […]
    • 12 Months ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан.Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан — Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр, деп Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлайды. Іс-шараның мақсаты — тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі терроризммен күрес […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 қазан. Алматы облысы Талғар қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. «13 қазанда аудан әкімдігінің ғимаратында терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, сабыр сақтауын сұраймыз», — делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Оқу-жаттығу түрлі күрделі […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Көкшетауда терроризмге қарсы жоспарлы жаттығулар басталды

    КӨКШЕТАУ, 09 қазан. 9-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөлікті пайдалануымен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды AqmolaNews.kz . Қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.
    • 1 Year ago
    • 0
  • ШЫҰ аясында үнді және пәкістандық әскерилермен бірлескен жаттығу өткізу мақұлданды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу-жаттығулар аумағы кеңейтілуі мүмкін, деп  24.kz хабарлайды.  Сенат отырысында депутаттар 2007 жылғы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Осылайша ұйымға соңғы болып қосылған Үндістан мен Пәкістан елдерін әскери жаттығуларға жұмылдыру жағы қолға алынбақ. Жауынгерлік оқулар бірінші кезекте лаңкестікке қарсы іс-қимыл шаралары шеңберінде жүргізіледі. Осы мақсатта Шанхай […]
    • 1 Year ago
    • 0
Бет 1 of 41234 »