Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Орталық Азия елдеріне қару-жарақ жеткізілімі тоқтатылады

    Ресей БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінде террористерге қару-жарақтың жеткізілуіне жол бермеу жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін 500 мың доллар бөлді. Бұл туралы жұмада Ресейдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Василий Небензя БҰҰ-ның терроризмге қарсы кеңсесінің қолдауымен жаңа жобаны бастау жөніндегі шарада сөз сөйлегенде мәлімдеді, деп gossluzhba.kz   хабарлайды.  «Бұл БҰҰ қамқорлығындағы антитеррор, қарусыздану және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес астасқан алғашқы кешенді техникалық көмек […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Лондон оқиғасы «терроризммен байланысты» деп саналады — полиция

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.Лондонның Стретем  ауданында 2 ақпан күні  орын алған оқиға терроризммен байланысты деп анықталды. Бұл туралы жергілікті полицияның Twitter-дегі хабарламасында айтылған, деп REGNUM хабарлайды. «Жағдай (шабуыл) анықталуда, — делінген хабарламада. — Оқиға терроризмге байланысты деп анықталған». Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері шабуылдаушыны атып өлтірді. 2 ақпанда Ұлыбританияда белгісіз адам өтіп бара жатқан адамдарға  шабуыл жасаған. Соңғы […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Кеше, 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыста биылғы жылдың жұмысы қорытындыланды. Террористік акцияларға жол бермеу бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні […]
    • 5 Months ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеріп жатыр

    ТҮРКІСТАН, 30 қазан. Түркістан облысының полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал нысандардың иелеріне 17 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Түркістан облысының ПД-ның полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеруді жалғастыруда. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге: аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер және денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері, спорт […]
    • 7 Months ago
    • 0
  • ИМ басшысы әл-Бағдадидің денесі теңізге тасталған

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Сенбі күні Сирияда өлтірілген «Ислам мемлекеті» террористік тобының лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің денесі теңізге жерленді, деп Пентагон өкілдері мәлімдеді, деп CNN сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды. Әл-Бағдади сенбі күні Сирия мен Түркияның шекарасында болған арнайы операция кезінде қаза тапқан. Жексенбі күні АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайен NBC каналы арқылы ИМ лидерінің денесі 2011 жылы […]
    • 7 Months ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Мызғымас бауырластық-2019» атты әскери оқыту жиыны өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Тәжікстанда ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдердің «Мызғымас бауырластық-2019» атты әскери оқыту жиыны өтті, деп Kazakh-tv.kz хабарлайды.  Онда 3,5 мың адам бас қосып, 600-ге тарта техника жұмылдырылды. Жаттығу жоспарына сай ұйымдасқан қылмыстық топ шекараны заңсыз кесіп, тәжікстандық әскерилермен қарулы қақтығысқа түсті. Ресейдің 201-ші әскери базасының жауынгерлері мен Тәжікстаннның десанттық-шабуылдау ротасы қылмыскерлерді дер кезінде […]
    • 7 Months ago
    • 0
  • Сириядан оралғандардың соты ерекше қорғалатын ғимаратта өтіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Елордада Қазақстанда тыйым салынған Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болған,  елге Жусан операциясы аясында қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп Хабар 24 хабарлайды.  Процесс ашық сипатқа ие болғанымен сот отырысы елорданың шет жағындағы түзеу мекемелерінің бірінде өтіп жатыр. Бұл ғимарат ерекше қорғалатын нысанның бірі. Сондықтан қауіпсіздік шаралары мұнда қатаң […]
    • 7 Months ago
    • 0
  • Президент: Қазақстан терроризммен күрес тәжірибесін бөлісуге дайын

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде шиеленістерді шешу мен бейбітшілікке қол жеткізудегі көмегі бойынша Қазақстан тәжірибесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Таяу Шығыстағы оқиғаларды — өзара жеккөрушілік пен зорлық-зомбылықтан азап шеккен адамзат өркениетінде болып жатқан оқиғаларды үреймен бақылап отырмыз», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының […]
    • 8 Months ago
    • 0
  • Бес баласымен Сириядан оралған арыстық әйел азапты күндерін айтып берді

    АРЫС, 03 қыркүйек. Діни сауаттылықтың төмен болуынан Сириядан бір-ақ шыққан Арыс тұрғыны ондағы сұмдық жайттар туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ. Арыстық 35 жастағы Алтынай (өзгертілді: автор) есімді келіншек жолдасы екеуі алғашында Алматыда тұрған. Кәсіптері дөңгелеп, 2012 жылы жас отбасы Дубай қаласына қоныс аударады. Араға бір жылдай уақыт салып Алтынайдың жолдасы әлдекімдерден ислам діні бойынша […]
    • 9 Months ago
    • 0
  • Өзбекстанда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы тағайындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Нұриймон Абулхасан жаңа қызметке тағайындалды. Дерек көзі бойынша Нұриймон Абулхасан Өзбекстан Республикасы ІІМ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп Kun.uz хабарлайды. Дін істері комитеті төрағасының орынбасары- діни-әлеуметтік процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Нұриймон Әбілхасан, 1994 жылы […]
    • 9 Months ago
    • 0
Бет 1 of 512345 »