Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Венада экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мәселелері талқыланды

    НҰР-СҰЛТАН, 05маусым. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы есірткіге қарсы конференциясының ашылу салтанатына спикер ретінде қатысты. Іс-шарада сондай-ақ БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімшесінің бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Атқарушы директоры Юрий Федотов және ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер баяндама жасады.Бұл туралы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде үш жыл бұрын болған лаңкестік шабуылдың құрбандары еске алынды

    АҚТӨБЕ, 05 маусым. Ақтөбеде болған лаңкестік шабуыл оқиғаға бүгін тура 3 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұздай қаруланған топ қару-жарақ дүкені мен әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын. Бүгін қақтығыс орын алған әскери бөлімде ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сол күндері Ақтөбенің 4 қарапайым тұрғыны мен Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімінде қызмет ететін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ливанда 4 адам содырдың қолынан қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Ливаннның Триполи қаласында мемлекеттік мекеменің алдында шабуыл жасалды.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиғада екі тәртіп сақшысы мен екі әскери адам ажал құшты. Мәлім болғандай, шабуылды жалғыз адам ұйымдастырған. Ол алдымен жарылғыш бомба лақтырып, кейін қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырған. Жедел әрекет еткен әскерилер содырдың тығылып жатқан жерін тауып алғанымен, қылмысқер өзін-өзі жарып жіберген. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда ДАИШ содырлары 10 полицейді атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Синай түбегінде ТГИЛ лаңкестері полиция бекеттеріне шабуыл жасады.Бұл туралы NewsExecutive сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиға салдарынан 10 тәртіп сақшысы оққа ұшты. Айта кету керек, Синай түбегіндегі үкімет пен террорлық қарулы топ арасындағы текетірес 2011 жылғы революциядан бері жалғасып келеді.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері сауда орындарын жаппай тексеруде

    ТҮРКІСТАН,04 маусым.  Биылғы жылдың 4-ші мамырынан бастап Түркістан облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен №6506 әскери бөлімінің арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, ауқымды жедел шаралар атқарды, деп Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  Баспасөз мәліметтеріне қарағанда аталмыш шаралар ҚР Ішкі істер министрлігінің полицейлерге жүктеген жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында жүзеге асырылған. Нақтырақ айтқанда,  облыста […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Әуежайда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым.  Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтау халықаралық әуежайында діни экстремизм мен терроризмге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп KAZISLAM хабарлайды.  Түсіндіру жұмыстары Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған. «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» тақырыбында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ислам мемлекетінің мүшесі 18 жылға бас бостандығынан айырылды

    Нұр-сұлтан, 03 маусым. Душанбе қаласының соты «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшесі Иномджон Раджабалиевті 18 жылға сотталды, деп хабарлайды  ТаджикТА.  «Өткен жылдың ақпан айында Интернет арқылы И. Раджабалиевпен мессенджерде «Хадиджа»нигімен белгілі «Исламдық мемлекетінің «(ҚР-да тыйым салынған ұйым)  белсенді мүшесі Саломатхон Устобоева байланысқан. Әйел Раджабалиевты «Исламдық мемлекеті»  террористік ұйымының қатарына кіруді шақырды,  ал кейіннен ИМ басқа да […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Израильде лаңкес екі адамды пышақпен жарақаттады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Иерусалимдегі Дамаск қақпасы маңында пышақпен қаруланған лаңкес жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, салдарынан екі тұрғын жарақаттанды.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі жазады. 19 жасар палестиндік күдікті алдымен 50 жастағы ер кісіге пышақ сұққан. Зардап шегуші ауыр халде емханаға жеткізілді. Ізінше лаңкес жасөспірімге шабуыл жасаған. Израильдік полиция өкілдері бұл қылмысты терактілік акт деп мойындады.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда автокөлік жарылысы кезінде сегіз полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында бомба салынған автокөліктің жарылысы нәтижесінде  кем дегенде сегіз полиция қызметкері қаза болып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Хабарламада айтылғандай, автокөлікті басқарған жанкешті-лаңкес  полиция лагеріне шабуыл жасауға тырысты. Басқа ешқандай мәліметтер әлі берілмеген.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Меккеде Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым. Меккеде Ислам ынтымақтастығы ұйымының он төртінші саммиті ашылды, деп Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап informБЮРО  хабарлайды. Қалаға 57 мемлекеттен ресми тұлғалар келді. Олар ислам ұлтына қатысты барлық мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Қатысушылар бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, терроризм мен экстремизмге қарсы тұру , кедейлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, инвестицияларды тарту және түрлі экономикалық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 10 of 48« Бiрiншi...«89101112 » 203040...Last »