Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының үндеуі

    АСТАНА, 18 қараша. Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары таратылуда. Ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын атап өтемін. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі […]
    • 12 Days ago
    • 0
  • ҰҚК-де жүргізілген арнайы операцияның егжей-тегжейлері жарияланды

    АЛМАТЫ, 18 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ жоспарының егжей-тегжейін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz. Ведомствоның хабарлауынша, қаңтар оқиғасынан бері жекелеген радикалды адамдар елдегі жағдайды тұрақсыздандыру және Қазақстан Республикасындағы қалаларды басып алу жоспарларын құрған. Бұл ретте олардың назары Алматы мен Астанаға түскен. «Наурыз айынан бастап ҰҚК қызметкерлері қашқын банкир Мұхтар Әблязовті […]
    • 13 Days ago
    • 0
  • Алматы облысында қару-жарақ сақталған қойма анықталды

    АЛМАТЫ, 15 қараша. 15 қарашада Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға Іле ауданының аумағында атыс қаруының сақтау орны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz. Тексеру кезінде жасырулы қара-жарақтың нақты координаты анықталды. Қару-жарақ қоймасы Іле ауданының Боралдай аэродромының жанындағы «Риф-Раф» мейрамханасының артындағы қойма аумағындағы қараусыз қалған будкадан табылды. Іле ауданының ПБ тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, гранатаны […]
    • 15 Days ago
    • 0
  • ҰҚҚ-ның бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді

    АСТАНА, 07 қараша. Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданды. Айыпталушылар К.Қ. Мәсімов (ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы) және А.Т. Садықұлов (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) мемлекетке […]
    • 23 Days ago
    • 0
  • Таразда полиция қызметкерлері  қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған қап тапты 

    ТАРАЗ, 21 қазан. Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған сөмке табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 19 қазанда Тараз қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы өзен маңында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар қапты анықтады. Қаптан МР-133 және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, PIETTA GHIBLY мылтығы, 9 мм калибрлі 30 […]
    • 1 Month ago
    • 0
  • Тоқаев:  қайғылы қаңтардағы бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ

    АЛМАТЫ, 19 қазан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Президент қаңтардағы қайғылы жағдайдан «сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ» екенін айтты. «Мұндай жағдай, өкінішке қарай, болып отыр. […]
    • 1 Month ago
    • 0
  • Таразда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ қоймасы табылды

    ТАРАЗ, 20 қыркүйек. Тараз қаласының шетінде қару-жарақ қоймасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Тараз қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты тапты. Табылған қаптан екі Калашников автоматы, […]
    • 2 Months ago
    • 0
  • ҰҚК-нің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз.ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Таразда қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған оқ-дәрілер табылды

    ТАРАЗ, 06 шілде. Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Polisia.kz . 4 шілдеде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен Тараз қаласы Байзақ батыр көшесінің соңында, жаңа салынып жатқан үйлердің арасындағы бос жерде, электр желілерінің астында , полиэтилен пакеті табылды. Ішінде 4 дана көзді жасаурататын граната, 5,45 мм калибрлі […]
    • 5 Months ago
    • 0
  • Таразда қаңырап бос жатқан жерден қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер  табылды

    ТАРАЗ, 02 шілде. Таразда ҚАЖ қызметкерлері қару толған қапшық тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері Тараз қалалық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, шаһардағы Асқаров көшесінде орналасқан тері-венерологиялық диспансерінің артқы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың ішінен полиэтиленді қапшық тауып, тәркіледі. Тәркіленген қапшықтың ішінен ПМ № ЛС5448 бір оққабы және 16 […]
    • 5 Months ago
    • 0
Бет 1 of 912345 » ...Last »