Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ОАР-да БҰҰ-ның үш бітімгері қаза тапты

    АСТАНА, 05 қазан.Орталық Африка Республикасының солтүстік-батысындағы Уам-Пендезон аймағында бомба жарылысынан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) үш бітімгері қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша, белгісіз қарулы топ Уам-Пендезон аймағындағы Каита ауылының маңында патрульде жүрген БҰҰ бітімгершілік күштеріне шабуыл жасаған. Шабуыл кезінде БҰҰ бітімгершілік контингентінің үш бангладеш сарбазы қаза тапты. Шабуылға қатысты тергеу басталды.  
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түрік әскері Сирияның солтүстігінде 7 террористті залалсыздандырды

    АСТАНА, 04 қазан. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағында PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағына шабуыл жасамақ болған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды. Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Біз террористерді өздері қазған шұңқырларға көмуді жалғастырамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш-Шабаб» лаңкестерінің жетекшілерінің бірі өлтірілді

    АСТАНА, 04 қазан. «Әш-Шабаб» террор ұйымының негізін қалаушылардың бірі «Убайда» деген лақап атымен танымал Надирдің өлтірілгені хабарланды. Бұл туралы TRT  агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Сомалиде «Әш-Шабаб» лаңкестік ұйымының жетекшілерінің бірі Абдуллахи Надирдің залалсыздандырылғаны хабарланды. Сомали Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда қауіпсіздік күштері 1 қазан күні Джубба аймағында «Әш-Шабаб» террор ұйымына қарсы операция ұйымдастырғаны білдірілді. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомали әскерилері «Аш-Шабабтың»  40 лаңкесін өлтірді

    АСТАНА, 01 қазан. Сомали ұлттық армиясы (СҰА) жергілікті үкіметтік «Маавислей» жасақтарының қолдауымен бейсенбі күні Сомалидің орталығындағы Хиран аймағында «Аш-Шабаб» тобының 40 содырын өлтірді, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. СҰА-ның  қолбасшылары Сомали ақпарат агенттігіне Кил-Гухле ауылында болған ауыр шайқаста лаңкестердің өлтірілгенін хабарлады. «Қазір біз қашып жүрген қалған экстремистерді […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Терроризмді насихаттағаны үшін Орал тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды

    ОРАЛ, 01  қазан. Жаһандық ақпараттандыру артықшылықтармен қатар интернет кеңістігінде терроризм идеяларының таралуымен байланысты қауіпсіздікке елеулі қатер туғызады, деп  ҚР АТО баспасөз қызметіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Атап айтқанда, қазақстандық интернет қолданушылары деструктивті сипаттағы материалдардың ықпалымен терроризм идеяларын насихаттауда. Мәселен, Орал қаласының «К» тұрғыны  «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы елімізде дәрісіне  тыйым салынған шетелдік уағызшылардың материалдарын таратқан. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстан кем дегенде 19 адам қаза болды

    АСТАНА, 30 қыркүйек.Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы оқу мекемесіне жасалған жанкешті шабуылда алғашқы мәліметтерге қарағанда 19 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Талибан әкімшілігінің Кабул полиция бөлімшесі мәлімдемешісі Халид Задран баспасөзге берген сұхбатында Кабулдың батысында орналасқан Как оқу орталығына бомбалы шабуыл жасалғанын айтты. Задран алғашқы мағлұматтарға қарағанда шабуылда 19 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ЦАХАЛ  террористерді іздеу үшін рейд жүргізді: екі лаңкес өлтірілді

    АСТАНА, 29 қыркүйек. Сәрсенбі күні Дженин қаласында ЦАХАЛ өткізген рейд барысында лаңкестікке күдікті екі палестиналық өлтірілді. Қауіпсіздік қызметі бірнеше адамды ұстауға келді, олардың арасында Тель-Авивтің Дизенгоф көшесінде шабуыл жасаған лаңкестің ағасы мен әкесі де болған, деп News.IsraelInfo.co.il  сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Сәуірде Дженин қаласынан келген Раед Хазем бар қонақтарына […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Үндістанның ҚК Кашмирде екі лаңкесті залалсыздандырды

    АСТАНА, 29 қыркүйек. Үндістанның қауіпсіздік күштері Джамму мен Кашмирдің солтүстігіндегі одақ аумағындағы пәкістаншыл «Джаиш-э-Мохаммад» тобының екі лаңкесін өлтірді, деп ТАСС сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Сәрсенбі күні The Indian Express газетінің  хабарлауынша, лаңкестер Кулгам аймағында үнділік арнайы жасақ сарбаздарымен болған шайқас кезінде жойылды. 2022 жылдың басынан бері Джамму мен Кашмирде пәкістаншыл […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • «Талибан» Ауғанстанда лаңкестік топтардың жоқтығын мәлімдеді

    АСТАНА, 29 қыркүйек. «Ауғанстан Ислам Әмірлігінде» (АИЭ, тәлібтерде өз елінің  атауы) енді лаңкестік топтар жоқ, деп хабарлады 27 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такур. Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Біз ешкімге Ауғанстаннан басқа елдерге қауіп төндіруге ешқашан жол бермейміз», — деп келтіреді Такурдың сөзін EurAsia […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияда лаңкестердің зымырандық соққысынан екі сарбаз қаза тапты

    АСТАНА, 25 қыркүйек. Сирия Араб Республикасының екі әскери қызметкері лаңкестердің Идлиб және Алеппо провинцияларына жасаған зымырандық соққылары салдарынан қаза тапты, деп сенбі күні Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығы басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоров мәлімдеді, деп хабарлайды Stopterror.uz. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. « Идлиб провинциясында Клейдин аймағынан лаңкестердің Танджара […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 10 of 180« Бiрiншi...«89101112 » 203040...Last »