Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иракта ИМ-нің алты содыры залалсыздандырылды

    АСТАНА, 12 желтоқсан. Сенбі күні Ирактың Салахудин провинциясында болған қақтығыс кезінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының алты содыры өлтірілді. Бейбіт тұрғын қаза болды, деп Ирактың Біріккен жедел қолбасшылығының (БЖҚ)  баспасөз қызметі хабарлады.Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Біріккен жедел қолбасшылығының мәлісдемесі бойынша, «Аль-Хашд аш-Шааби» әскерилендірілген құрылымның сарбаздары мен әскерилері және  бейбіт тұрғындар Салахудиннің солтүстігіндегі Тулул әл-Бадж […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Түркия қарулы күштері Сирияның солтүстігінде КЖП-ның 2 содырын жойды

    АСТАНА, 09 желтоқсан. Сирияның солтүстігіндегі «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймағында бөлшектеуші КЖП террор ұйымы (PKK/YPG) екі террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен  жасалған мәлімдемеде Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның солтүстігіндегі «Зәйтүн бұтағы»  операциялық аймағында анықталған КЖП-ның 2 террористін залалсыздандырғаны хабарланды.
    • 1 Year ago
    • 0
  • Грузияда ДАИШ-тің ықпалды мүшесі ұсталды

    АСТАНА, 09 желтоқсан. Грузия Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Терроризмге қарсы орталығының қызметкерлері «Ислам мемлекеті»* ұйымының ықпалды тұлғасы болып саналатын Цискара Тохосашвилиді (Әмір Иса) ұстады, деп Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлайды. Бұл туралы  Sputnik Грузияға  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Грузия азаматы Тохосашвили Тбилиси әуежайында ұсталды. Цискара Тохосашвили 2015 жылы Грузиядан кетіп, Таяу Шығысқа барып, «Ислам мемлекеті» (ИМ) […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • ҰҚШҰ Бас хатшысы Ауғанстан аумағынан тұрақты қауіп төнетінін мәлімдеді

    АСТАНА, 06 желтоқсан. Террористер мен есірткінің заңсыз айналымы Ауғанстан аумағынан туындайтын негізгі қауіп болып қала береді, деп хабарлады ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бірлескен отырысында және ҰҚШҰ ПА XV пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде, деп Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Орталық Азия аймағында Ауғанстан аумағынан туындайтын қауіп-қатерлер әлі […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігіндегі жарылыстан кемінде сегіз адам қаза болды

    АСТАНА, 06 желтоқсан. Ауғанстанның солтүстігінде теракт салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС The Khaama Press басылымына сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, Балх провинциясының орталығы Мазари-Шариф қаласында автобуста жарылыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус «Хайратон ойл» мұнай компаниясының қызметкерлерін тасымалдаған. Тергеу басталды. Кейінірек қаза тапқандар саны сегіз адамға жеткені, тағы тоғыз адам жарақат алғаны белгілі болды.  
    • 1 Year ago
    • 0
  • Нигерия полициясы мешітте кепілге алынған кейбір адамдарды босатты

    АСТАНА, 05 желтоқсан. Нигерияның күш құрылымдары арнайы операция нәтижесінде Кацина штатындағы мешіттен кепілге алынған 19 адамның 6-ын босата алды, деп полиция өкіліне сілтеме жасап Xinhua агенттігі хабарлады. Бұл туралы ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Құқық қорғау органының өкілінің айтуынша, қылмыскерлер Майғамджи ауылындағы мешітке шабуыл жасады, атыс салдарынан екі адам жараланып, 19 адам кепілге алынған. Сенбі күні кешке полиция […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Пәкістанның солтүстік-батысындағы әскери операцияда лаңкестердің жетекшісі өлтірілді

    АСТАНА, 05 желтоқсан. Пәкістандық әскерилер елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Солтүстік Вазиристан тайпалық округіндегі операция кезінде лаңкестердің жетекшісін өлтірді. Бұл туралы Пәкістан армиясының баспасөз қызметі ретінде әрекет ететін Пәкістанның ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметінің /ISPR/ мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Атыс жұма күні Шева аймағында лаңкестер мен сарбаздар арасында  болды. «Қарқынды атыс […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сарапшыларының консультациялары өтті

    АСТАНА, 04 желтоқсан. Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сарапшыларының ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп-қатер  қарсы тұру тетіктерін жетілдіруге арналған консультациялары өтті. Отырысты терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жетекшілік ететін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотов ашты. Қазақстан Республикасынан консультацияларға Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сарапшылары терроризмге қарсы ынтымақтастық жобалары бойынша уағдаласты

    АСТАНА, 03 желтоқсан. Ташкент қаласында  Қазақстан тарапының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің заң сарапшылары тобының кезекті отырысы өтті. Сарапшылар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 39-шы отырысына шығаруға жоспарланған күн тәртібінің жобасын және құжаттық материалдарды талқылады. Терроризмге қарсы ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Кеңесінің шешімдерінің жобалары қаралды және келісілді. Кездесу барысында сондай-ақ ШЫҰ […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Түркияда ДАИШ-пен байланысы бар тұлғалардың активтері бұғатталды

    АСТАНА, 02 желтоқсан. ДИАШ террор ұйымымен байланысы бар 17 жеке тұлға мен 4 заңды кісінің Түркиядағы мал-мүлкі бұғатталды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Түркия ДАИШ террористік ұйымымен байланысы бар кейбір жеке және заңды тұлғалардың террористік ұйымдарды қаржыландыратыны туралы ақылға қонымды негіздердің бар екеніне байланысты активтерін бұғаттау туралы шешім қабылдады. Қазына […]
    • 1 Year ago
    • 0
Бет 2 of 180«12345 » 102030...Last »