Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ресей мен Алжир терроризмге қарсы бірлескен жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Оңтүстік әскери округі қолбасшылығы мен Алжир ұлттық халықтық армиясының өкілдері құрлықтағы күштердің Ресей-Алжир бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуының орнын, күнін, тақырыбы мен қатысушылардың санын анықтады, деп  Оңтүстік әскери округінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.  «Владикавказда Офицерлер үйінің базасында үстіміздегі жылдың қараша айында Алжир […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мосул маңындағы жанкештінің шабуылы салдарынан сегіз Ирак әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Ирак армиясының сегіз қызметкері елдің солтүстігінде орналасқан Мосул қаласының маңында бір топ әскери қызметшілерге жасалған жанкешті шабуылынан зардап шекті, деп хабарлайды Stopterror.uz. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Ирак армиясының қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасаған Shafaq News ақпараттық порталының хабарлауынша, «алты сарбаз мен екі офицер, соның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияда содырлардың шабуылынан он адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Нигерияның Плато штатында бір фестивальде жасалған қарулы шабуылда 10 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Иригве Аймақтық жастар одағы президенті Лоуренс Зонго аймақта жаңбырлы маусымды қарсы алу үшін өткен фестиваль кезінде қарулы адамдардың шабуыл жасағанын айтты. Зонго шабуылда 10 адамның қаза тапқанын, 19 адамның жараланғанын атап көрсетті. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде түрік әскери күштері төрт YPG содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір.Түркия Қарулы күштерінің арнайы күштері Сирияның солтүстігінде төрт террористті залалсыздандырды, деп Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Хабарламада айтылғандай, YPG содырлары (КЖП сириялық қанаты) арандатуға және «Бейбітшілік бұлағы»  операция аймағына шабуыл жасауды жоспарлаған. Террористерге артиллериялық соққы жасалды. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мали армиясы 200-ден астам террористті залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Мали армиясы Мопти провинциясындағы терроризмге қарсы операция барысында 200-ден астам лаңкесті залалсыздандырды, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Әскери мәлімдемеде Мұра ауылындағы терроризмге қарсы операцияның 10 күнге созылғаны айтылады. Әскер ауылды қоршап алды, 203 лаңкестің көзі жойылды, 50-і тұтқынға алынды. Өз кезегінде, жергілікті және халықаралық үкіметтік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасодағы террорлық шабуыл салдарынан 20 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Буркина-Фасодағы алтын кенішіндегі лаңкестік әрекет салдарынан  20 адам қаза тапты, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мотоцикл мінген қарулы адамдар елдің солтүстігіндегі Кугдигин шағын алтын кенішіне шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан 20 бейбіт тұрғын қаза тапты, жараланғандар бар.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы валюта айырбастау пунктінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Ауғанстан астанасы Кабулдағы валюта айырбастау пунктінде жарылыс болып, кем дегенде 15 адам зардап шекті, деп жергілікті БАҚ хабарлайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.  «Жарылыс Кабулдағы Сарай Шахзадта болды», — деп хабарлады БАҚ. Жергілікті 1TV телеарнасы жарылыс елдегі ең ірі валюта айырбастау орталығында болғанын […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Израиль қарулы күштері үш болжамды лаңкестін көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Еврей Израиль армиясының Иордан өзенінің батыс жағалауында жүргізген операциясы кезінде мемлекет аумағында жоспарланған лаңкестік әрекетті ұйымдастырушы деген үш адам өлтірілді, деп Times of Israel газеті жазады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Басылымның мәліметінше, күдіктілер Дженин қаласының маңында өлтірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаңа […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында жарылыстан екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Бүгін Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында бомба орнатылған көлік жарылып, кем дегенде екі адам қаза тауып, сегізі жараланды, деп жергілікті денсаулық сақтау қызметкеріне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды, деп  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Алдын ала мәлімет бойынша, бомба орнатылған көліктің жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы сегіз адам жарақат […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігіндегі жарылыс бес баланың өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір. Жұма күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында өткен соғыстардан қалған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан бес бала қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп Бахтар мемлекеттік ақпарат агенттігі мәлімдеді. Бұл туралы «Синьхуа » агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Маржа аймағындағы лагерьде жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де бір топ бала ойыншық […]
    • 2 Years ago
    • 0