Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Касад» содырлары мен ДАИШ арасындағы қақтығыс салдарынан «Әл-Хол» лагерінде 5 босқын қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Хасаке провинциясының шығысында «Касад» топтары бақылайтын»Әл-Хол» босқындар лагерінің кіре берістерінің бірінде жарылыс болды, кейін лагердің бесінші секторында АҚШ басқыншы күштерімен байланысқан содырлар мен ДАИШ (ИМ)  ұйымының лаңкестері арасында қиян-кескі ұрыстар болды, деп жазады САНА  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, «Касад» содырлары соңғы жылдары лагерьде […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» ең ірі базасы күйретілді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз.Бернард Оньеуко Ниегрия армиясының операциясында Боко Харамның ең үлкен базасы жойылғанын және көптеген террористің өлтірілгенін айтты,деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Нигерияда террористік ұйым Боко Харамның ең үлкен базасы күйретілді. Нигерияда Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Бернард Оньеуко Ниегрия армиясының Борно уәлаятындағы Самбиса орманында террористік ұйым Боко Харамға бағытталған операцияда ең […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияда қарулы шабуыл салдарынан 34 адам құрбан болды 

    НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз. Нигерияның Кадуна уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылда 34 адам ажал құшты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Кадуна уәлаяты қауіпсіздік және ішкі істерге жауапты басшысы Самануэль Аруван жасаған мәлімдемесінде 20 наурызда қарулы адамдардың уәлаяттың Каура аймағында қарулы шабуыл жасағанын білдірді. Шабуылдан кейін аймақтағы қауіпсіздік күштерінің іздеу жұмыстарын бастағанын […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Могадишо қаласындағы БҰҰ ғимаратына шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз.Могадишода Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ғимараты орналасқан алаңға террор шабуылы жасалды,деп TRT  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сомали бас қаласы Могадишодағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ғимараты орналасқан алаңға террор шабуылы жасалды. Сомали Мемлекеттік телеарнасының (SNTV) хабарына қарағанда, БҰҰ кеңселерімен қатар Еуроодақ пен Африка Одағы кеңселері орналасқан Халане қалашығының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сот ИМ қатарына қосылған ресейлік әйелді сәуір айының ортасына дейін қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Мәскеудің Пресненск соты «Ислам мемлекеті»* лаңкестік тобының қызметіне қатысты деп айыпталған ресейлік азаматша Наталья Ткачеваны бір айға тергеу изоляторына қамады, деп ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қамауға алынғанға әйелге тағы бір террористік бап — қарулы құрылымға қатысу бойынша айып тағылды.  «Мәскеу қаласының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жарылмаған снарядтың жарылуы кезінде төрт бала қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында жарылмаған артиллериялық снаряд жарылып, төрт бала қаза тапты, деп TOLOnews телеарнасы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Шах-Вали-Кот ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар оқ-дәрімен ойнаған. Телеарна снарядтың неліктен дер кезінде жойылмағанының себебін хабар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомали армиясы елдің оңтүстігінде «Аш-Шабабтың» жеті содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Сомали ұлттық армиясы елдің оңтүстігінде орналасқан Кисмайо ауданындағы әртүрлі жерлерінде қауіпсіздік операциясы барысында  «Ал-Шабабтың» 7 содырын өлтірді. Бұл туралы армияның ресми өкілдеріне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Операцияға жауапты қолбасшылар Сомали ұлттық армиясының радиостанциясы эфирінде хабарлағандай, содырлар Джубаленд штатының 11 ауылында қауіпсіздікті қамтамасыз […]
    • 2 Years ago
    • 0
  •  Оңтүстік Африка елдері терроризммен күрес орталығын құрды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз. Оңтүстік Африканың даму қоғамдастығы (SADC) аясында оңтүстік Африкадағы ықтимал лаңкестік әрекеттермен күресу бойынша аймақтық орталық құрылды,  деп The Namibia Economist газеті жазады, деп «Красная Весна» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. SADC аймақтық терроризмге қарсы орталығын (RCTC)  құруға аймақтағы лаңкестік оқиғаларының көбеюі және терроризм қауіпінің таралуы себеп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • РПК-ның Түркия қарулы күштері  Сирияның солтүстігінде КЖП-ның үш содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз. Сириядағы «Евфрат қалқаны» аймағына шабуыл жасауға дайындалғаны анықталған КЖП-ның (PKK/YPG) 3 террористі залалсыздандырылды, деп Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде «Террорға және террористке жол бермейміз. Евфрат қалқаны аймағына шабуыл жасауға дайындалып жатқан 3 PKK/YPG-лік террорист залалсыздандырылды. Аймақтағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шаралары қабылданады» делінді.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерде жолаушылар автобусы мен жүк көлігіне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз. Террорлық лаңкестікте жолаушы автобусындағы 2 полициямен бірге 19 кісі және жүк көлігіндегі 2 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Нигердің Буркина-Фасо шекарасында бір жолаушы автобусы мен жүк көлігіне ұйымдастырылған террорлық шабуылда 21 кісі қаза тапты. Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Тиллабери аймағында қарулы адамдар жолаушы автобусы мен […]
    • 2 Years ago
    • 0