Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ДАИШ ұйымы жаңа басшыны сайлады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.Террор ұйымы ДАИШ Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курешидің өлтірілгенін мойындады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Террор ұйымы ДАИШ Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курешидің өлтірілгенін мойындап, террор ұйымына жаңа басшы сайланғанын жариялады. Телеграмм-да ДАИШ террор ұйымына жақын арналар жариялаған аудио жазбада террор ұйымы басшысы Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курешидің өлтірілгені атап көрсетілді. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерде «Боко Харам» шабуылынан 10 кісі ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Нигерде террористік ұйым Боко Харам тарапынан жасалған шабуылда 10 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда террористік ұйым Боко Харам Нигерия шекарасына жақын Гуэскеру ауданына шабуыл жасады. Шабуылда Фиего ауылында 6, Нгарва-Лаванди ауылында 2, Нгарва-Кура ауылында 2 кісі қаза тапты. Көрші ел Малидегі Әл-Каида және ДАИШ-пен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның қауіпсіздік күштері мешіттегі жарылысқа қатысы бар үш террористтің көзің жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Пәкістанның қауіпсіздік күштері өткен аптада Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылысқа қатысы бар үш лаңкесті өлтірді, деп The News International газеті жазады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Басылымның ақпараты бойынша, арнайы операция барысында Хайбер-Пахтунхва провинциясында әрекет еткен «Ислам мемлекеті»* лаңкестік ұйымының ұяшығы жойылды. Оның құрамына кірген […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы фестивальда жарыс салдарынан 5 полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз.Президент Ариф Альви фестивальге қатысқаннан бірнеше сағат өткеннен кейін жарылыс болды, деп  TRT  агенттігі хабарлайды.  Пәкістанның Белуджистан уәлаятында қауіпсіздік күштері операцияда 7 шабуылшыны залалсыздандырды. Пәкістан армиясынан жасалған мәлімдемеде Белуджистан уәлаятының Турбат аймағында шабуылшылардың жасырынғаны хабарына орай аймаққа операция ұйымдастырылғаны білдірілді. Мәлімдемеде қақтығыста 7 шабуылшының залалсыздандырылғаны және көптеген қару-жарақ қолға түскені жеткізілді. Шабуылшының қайсы ұйымға қарасты […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сириядағы АҚШ базасы зымыранмен атқыланды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. Жексенбі күні Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы Омар мұнай кеніші маңындағы АҚШ әскери базасы зымыранмен атқыланды, деп El Nashra жаңалықтар порталы хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. АҚШ әскери лагеріне жақын маңда зымыран құлағаннан кейін жойқын жарылыс естілгені хабарланды. Ықтимал шығындар мен материалдық шығын туралы ақпарат […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның орталығында торуылға тап болған 13 сарбаз қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. Бүгін Сирияның орталығында Хомс провинциясының ауылдық жерінде  әскерилер мінген автобус торуылға тап болып, 13 сарбаз қаза тапты, деп САНА мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлайды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Агенттіктің мәліметінше, автобусқа шабуыл Пальмира қаласының маңындағы далаң жерде болған. Қаза тапқандар арасында офицерлер де бар. «Террорлық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  •  Дейр-эз-Зордың солтүстігінде халықтық қарсыласу бөлімшелері «Касад» содырларына шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Дейр-эз-Зордың солтүстігінде, Машех ауылында американдық «Касад» тобының содырларына халықтық қарсыласу отрядының жауынгерлері шабуыл жасады, нәтижесінде бірнеше «касадиялық» қаза тауып, жараланды, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Куәгерлердің айтуынша, жасақшылар содырлардың бақылау-өткізу пунктін автоматтандырылған қарудан оқ  атты. Содырлардың арасында қаза тауып, жарақат алғандар бар.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Малиде содырлардың шабуылынан 27 сарбаз қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз.Малидегі гарнизонға террор шабуылы жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Малидегі гарнизонға жасалған террор шабуылында 27 әскер қаза тауып, 33 сарбаз жараланды. Мали армиясынан жасалған мәлімдемеде елдің ішкі аймағында орын алған Мондоро маңындағы бір гарнизонның бомба тиелген көлікпен нысанаға алынғаны білдірілді. Шабуылдан кейін әскерлер мен террористтер арасында […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ДИАШ Пешавардағы террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті  өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы шиит мешіттерінің бірінде болған қанды лаңкестік әрекетті ДАИШ (ИМ)* лаңкестік ұйымы өз мойнына алды, деп жергілікті БАҚ хабарлайды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Куча Рисалдар мешітіндегі жарылыстан қаза тапқандар саны 57-ге жетті, 200-дей адам жараланған. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан президенті Орталық Азиядағы лаңкестікке қарсы 5 ұсыныс жасады

    НҰР-СҰЛТАН,04 наурыз. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бойынша бес ұсыныс жасады. Бастамалар «БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары аясында Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық ынтымақтастығы» халықаралық конференциясында айтылды,  деп  Sputnik Өзбекстан агенттігіне  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Орталық Азияда БҰҰ терроризмге қарсы басқармасы […]
    • 2 Years ago
    • 0