Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҚР Президенті ҰҚК реформалау мәселелері жөніндегі жарлыққа  қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр.2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды, деп ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Қырғызстанның күш қызметтері арнайы операция барысында 1,8 млн. доллар болатын есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Қырғызстан ІІМ Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес қызметі мен Қазақстанның күш құрылымдарының қызметкерлері бірлесіп Орталық Азияға синтетикалық есірткі тасымалдау және оны интернет арқылы сатумен айналысқандардың тұрақты желісін анықтады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қырғызстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін анықтау және қолға түсіру бойынша арнайы операция 2021 жылдың қарашасынан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстандық есірткі сатушылар тобының мүшелері 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 13 мамыр. Есірткі сатушылар тобының мүшелері 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылғы 10 қазада күндізгі сағат үште Қарағанды қаласының Амангелді көшесінде полиция қызметкерлері есірткінің ірі партиясын жасырып жатқан кезде жас жігітті ұстады. Тінту барысында оның жасырын зертханасынан 5,7 кг Альфа PVP синтетикалық есірткі және оны өндіруге қажетті […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды. 1992 жылғы мамырда ҚР Президенті Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері 30 жыл бойы осы күні еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау міндеті болатын Отан қорғаушыларды құрметтейміз. Бұл мереке — өз кәсібін елін, жерін қорғау деп таңдаған адамдарға деген […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ табылды

    ТАРАЗ, 06 мамыр. Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде жасырылған тағы бірнеше қару-жарақ табылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жолы қарудың 20 данасы, граната және 360 дана оқ тәркіленді. Ішінде Калашников автоматы, Макаров тапаншасы бар. Қазір сот баллистикалық сараптама тағайындалды. Полиция өз еркімен қару өткізген тұлғалар әкімшілік және қылмыстық қудалаудан босатылатынын хабарлайды. Айта кету керек, соңғы бір […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Ресейдің ІІМ «синтетиканы» жеткізудің ірі трансұлттық арнасын  жойды

    ТАРАЗ, 03 мамыр. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Ішкі істер министрліктерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністерімен синтетикалық есірткілерді пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізу арнасының жолын кесу бойынша екі елдің аумағында арнайы операция жүргізілді, – деп Polisia.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтаймыз!

    НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! 1 мамыр мерекесі – Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі мол халықты ұлы істерге біріктіріп, көтеретін, ерліктер мен жетістіктерге күш беретін біртұтас халық екенімізді еске салады. Азаматтарымыздың ойының бірлігі, өркендеген мемлекетке деген ортақ ұмтылысы тарихи өткені бай, болашағы зор халқымызды біріктіреді. Қазақстанда […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда ҚР Террорға  қарсы орталығының отырысы өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Террорға қарсы орталығының отырысын өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Консультативтік-кеңес органының жұмысына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қатысты. 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері «жалған терроризм» фактілері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелген

    НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. Осы жылдың басынан бері еліміздің әр өңірлерінде ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат фактілері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелген, деп ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.   «2022 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Терроризм актілері туралы-қасақана жалған ақпарат тарату» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Барша православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен құттықтаймыз

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барлық православ христиандарын жарқын Пасхамен шын жүректен құттықтайды! Бұл жарқын мереке  мейірімділік, жанашырлық, өзара түсіністік, жанқиярлық және кешірімділік сияқты маңызды адами қасиеттерді бейнелейді . Көпұлтты және көпконфессиялы елімізде түрлі діни сенім өкілдері арасында өзара сыйластықтың игі дәстүрлері қалыптасты. Бұл халқымыздың толеранттылығы мен даналығы, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік пен […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 5 of 72« Бiрiншi...«34567 » 102030...Last »