Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарын қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР ҰҚК хабарлағандай, К.К. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге және басқаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі; 179-бабы, 3-бөлігі; 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы; 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы; 366-бабы, 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеу амалдары өз жалғастығын табуда. […]
    • 2 Months ago
    • 0
  • Қаңтар оқиғасы: 83 адам бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Қазақстандағы қаңтар оқиғасын тергеу барысында 83 адам нақты мерзімге сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдос Қилымжановтың айтуынша, арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздікке және 32 лаңкестік актісіне қатысты 53 қылмыстық істі тергеп жатыр. Еліміздің сегіз аймағында 30 мыңнан аса тергеу әрекеттері жүргізілген. 4 мыңнан аса […]
    • 2 Months ago
    • 0
  • Таразда қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған оқ-дәрілер табылды

    ТАРАЗ, 06 шілде. Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Polisia.kz . 4 шілдеде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен Тараз қаласы Байзақ батыр көшесінің соңында, жаңа салынып жатқан үйлердің арасындағы бос жерде, электр желілерінің астында , полиэтилен пакеті табылды. Ішінде 4 дана көзді жасаурататын граната, 5,45 мм калибрлі […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Таразда қаңырап бос жатқан жерден қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер  табылды

    ТАРАЗ, 02 шілде. Таразда ҚАЖ қызметкерлері қару толған қапшық тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері Тараз қалалық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, шаһардағы Асқаров көшесінде орналасқан тері-венерологиялық диспансерінің артқы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың ішінен полиэтиленді қапшық тауып, тәркіледі. Тәркіленген қапшықтың ішінен ПМ № ЛС5448 бір оққабы және 16 […]
    • 3 Months ago
    • 0
  • Тоқаев қаңтардағы оқиғалар туралы: ұйымдасқан террористік шабуыл болды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны туралы бұрын жарияланған ақпаратқа пікір білдірді, — деп  Tengrinews.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «20 мыңға келсек, бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтірген, бұл бүкіл елге қатысты. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. […]
    • 4 Months ago
    • 0
  • ҚР ІІМ:  қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ арсеналы әлі қылмыскерлердің қолында

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған екі мыңнан астам қару әлі қылмыскерлердің қолында. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұрын хабарланғандай, жаппай тәртіпсіздіктер барысында қару-жарақ дүкендерінен және құқық тәртібі органдарының әкімшілік ғимараттарынан қарудың 2 900-дан астам бірлігі, сондай-ақ 63 180 оқ-дәрі ұрланды. Ұрланған заттардың ішінде 35 граната атқыш, […]
    • 4 Months ago
    • 0