Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Таразда ҰҚКД ерлікпен қаза тапқан қызметкерлеріне ескерткіш қойылды

    ТАРАЗ, 14 шілде. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Таразда бейбіт тұрғындарды құтқару жолында өз өмірін құрбан еткен ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненкоға арналған ескерткіш-монумент ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетейік, 2011 жылы Тараздағы террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненко да бар болатын. Олар діни […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау облысында бопсалаумен айналысқан деструктивті діни ағым жақтаушылары ұсталды 

    АТЫРАУ, 13 шілде. 2021 жылғы 5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен («Атырау-Орал-Атырау»), оның ішінде дене күшін қолданумен қорқытып, ақшалай […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Отанға мінсіз қызмет етудің символы — ҚР ҰҚК кәсіби мерекесін атап өтуде

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде.   Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің 29 жылдығын атап өтуде. 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық арнайы қызмет — Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті — бұл Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қауіптерінің бірі «Ауған факторы» болып табылады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде.Есірткінің қарқынды және жаппай таратылуы ұлт денсаулығына орасан зиян келтіріп, ел генофондына теріс әсер етуде, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қаупінің бірі «ауған факторы» болып табылады. Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етуде. Есірткінің қарқынды және жаппай таратылуы ұлт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптары бекітілді 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр. 2021 жылдың 6 мамырында № 305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» Ұлттық қауіпсіздік комитетімен әзірленген Үкімет қаулысы қабылданды (әрі қарай — Талаптар), деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Қабылданған қаулымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шараларға қойылатын талаптар реттеледі. Объектілердің салалық ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік органдар Ведомствоға бағынысты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының ТҚО кезектен тыс отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.    Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы № 175 мектеп-гимназиясында жақында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің ағымдағы қауіпсіздік жай-күйі және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды

    АҚТАУ, 18 сәуір. 2021 жылғы 16 сәуірде Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ІІМ қарулы күштерімен және Ұлттық ұланымен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың шұғыл әрекет етуші қызметтерімен бірлесіп өткізген «Қалқан-2021» жедел оқу-жаттығуы аяқталды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 2021 жылғы 16 сәуірде Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ІІМ қарулы күштерімен және Ұлттық ұланымен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Республикамыздың бірнеше облыстарында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір.Ү.ж. 12 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік органдары Шекара қызметімен қатар, Қарулы Күштердің және Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының бөлімшелері жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, деп ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.  Оқу-жаттығу Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында өткізілуде. Негізгі тәжірибелік іс-шаралар Маңғыстау облысының шегінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілетін болады. Оқу — жаттығудың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандық туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған. Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Айта кетейік, 19 ақпанда ДАИШ* құрамында болған қазақстандықтың Түркияда ұсталғаны хабарланды. Ол […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК есірткінің онлайн-саудасының жолын кесті 

    АЛМАТЫ, 22 желтоқсан. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың қарашасында «URAN» республикалық қоғамдық бірлестігі берген ақпарат бойынша синтетикалық есірткіні Интернет арқылы сатуға қатысы бар 2 ҚР азаматының қылмыстық әрекетінің жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, «Т» деген бірінші фигурант Канададан курьерлік қызметтер арқылы жеткізілген кезекті жөнелтілімді алғаннан кейін […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 7 of 12« Бiрiншi...«56789 » 10...Last »