Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Солтүстік Ирландиядағы үйлердің бірінде қолдан жасалған құрылғы жарылды

    АСТАНА, 07 наурыз. Жарылыс Солтүстік Ирландияның Крейгавон қаласындағы үйлердің бірінде болды, деп Daily Express газетіне сілтеме жасап Вести ФМ радиосы хабарлайды. Дәрігерлер есеңгіреу халіндегі егде әйелге көмек көрсетіп жатыр. Жарылыс салдарынан есік пен дәліз бұзылып қалды. Бұған дейін Лондондағы Хитроу және Сити әуежайларында, сондай-ақ елордалық Ватерлоо вокзалында қолдан жасалған жарылғыш заттар табылған. Құрылғылардың бірі іске […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Британдық полиция қызметкерлері есірткі заты бар кәмпиттерді тәркіледі

    АСТАНА, 14 ақпан. Ұлыбританияда балаларға сатуға арнайы дайындалған есірткі заты бар кәмпиттердің партиясы тәркіледі. Бұл туралы Lenta.Ru BBC News-ке сілтеме жасап хабарлаған. Қауіпті тәттілер Кент графствосында табылды. Полицияда айтылғандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 12 ақпанда кешке Грейвзенд қаласында күдікті машинаны тоқтатты. Іздестіру барысында мармелад салынған қалташаларға толы сөмкені тапты. Түрлі-түсті кәмпиттерде есірткі заттары бар, және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания лаңкестік үгітке тосқауыл қоюдың жолын тапты

    Ұлыбритания. 15 ақпан. Ұлыбританиялық мамандар интернетте лаңкестікті насихаттайтын материалдарды анықтайтын жаңа технология ойлап тапты. Бағдарлама аудио және видеоларға сараптама жүргізіп, лаңкестікке үндейтін тұстарын автоматты түрде таниды. Бұл туралы Корольдіктің ішкі істер министрлігі хабарлады. Сынақ барысында қосымша 94 пайыз нақты нәтиже берген. Мәселен, бағдарлама 1 миллионнан астам бейнероликті тексергеннен кейін адамның ой елегіне ең күдікті деген […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Лондонда болған оқиғадан екі адам мерт болды — БАҚ

    Лондон. 19 маусым. Лондондағы автокөліктің адамдарды қасақана соғып кетуінен екі адам мерт болуы мүмкін. The Sun газетінің мәліметіне қарағанда, жолдан шыққан автокөлік Финсбери саябағы мешітінен шыққан адамдарды қасақана соққан. Оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап мәлімет таратқан Evening Standard басылымы автокөлік адамдарды қаққаннан кейін ішінен пышақпен қаруланған жас жігіт шығып, жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған. Сондай-ақ басылымның мәліметінше,  полиция […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Лондондағы теракт: Жетінші күдікті қолға түсті

    Лондон. 12 маусым. Британдық полицейлер Лондон көпіріндегі лаңкестік әрекеттерді тексеру барысында бір апта бұрын болған террорлық әрекетке күдікті жетінші азаматты ұстады, делінген Скотланд-Ярд мәлімдемесінде. Хабарламада айтылғандай, 19 жастағы жігіт сенбі күні кешкісін Лондонның шығысында қолға түсіп, оған Лондон көпіріндегі «лаңкестік әрекеттің ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына қатысы бар» деген айып тағылып отыр. Қазіргі уақытта тағы алты […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Лондон полициясы теракт жасаған күдіктілердің есімдерін атады

    Лондон. 6 маусым. Британиялық полиция Лондонда 3 маусымдағы шабуылды жасаған екі күдіктінің есімдерін атады. 27 жастағы Курам Батт, екі баланың әкесі, отбасымен бірге бірнеше жыл бойы Лондонның шығысындағы Баркин ауданында тұрған. Ол Пәкістаннан көшіп келген, Ұлыбритания азаматтығын алған. Лондон полициясының мәліметі бойынша, Батт құқыққорғау органдары мен MI5 агенттігіне бұрын таныс болған. Екінші күдіктінің есімі — […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания мен Қазақстандағы терактілердің несі ұқсас?

    Астана. 5 маусым. Биыл үш рет теракт болған Ұлыбритания террорлық қауіп деңгейін жылдам түсірсе, Қазақстанда ондай күй ұзаққа созылады. Сарапшылардың сөзінше, екі елдегі терактілердің де айырмашылықтары бар. Ұлыбританияда үш айға жетер-жетпес уақытта үш рет ірі террорлық акт жасалды. Маусымның 4-інде Лондонда жүк көлігімен жаяу жүргіншілерді басып, ізінше адамдарға пышақ алып ұмтылған үш адамның әрекетінен жеті […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Тереза Мэй Ғаламторда экстремизмге қарсы түру бойынша халықаралық келесімге шақырды

    Лондон, 5 маусым. Ұлыбритания үкіметі экстремизммен жаңа күшпен күреспек, сонын ішінде, ғаламторда экстремистік ақпараттың таратылуына қарсы тұру туралы халықаралық келісім шартқа отыру, сондай-ақ мемлекет ішінде шараларды қатандандыру, деп хабарлады Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй. «Біз барлығы бұрыңғышыдай секілді деп жүре бере алмаймыз… Біз жаңа үрдістің орнығуын көрудеміз: терроризм терроризмді өсіреду, террористер жаңа террористік әрекеттерге жігерлендіреді, өз өздерін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания ІІМ басшысы: Лондондағы террористік әрекет исламшылдықпен байланысты

    Лондон, 4 маусым. Өткен түнде Ұлыбритания астанасында болған террористік әрекет исламшылдықпен байланысты, деп хабарлады Ұлыбритания ІІМ басшысы Эмбер Радд. « Біз террористердің радикалды ислам идеологиясын ұстанғанына толықтай сенімдіміз. Енді біз радикализмнің көзін тауымыз керек», — Reuters агенттігі министр сөзінен үзінді келтірді. Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні кешкісін 3 лаңкес көлікпен көпірде жүрген адамдарды барып қағады. Осыдан кейін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Лондондағы террорлық актілерден зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ

    Астана. 4 маусым.  Лондондағы террорлық актілерден зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Лондон полициясы бүгін түнде болған оқиғаны террористік әрекет деп бағалады. Осы уақытқа дейін бар ақпарат бойынша, Лондондағы шабуылдар салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл […]
    • 7 Years ago
    • 0
Бет 3 of 5«12345 »