Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иранның Изе базарындағы лаңкестік шабуылдан бес адам қаза тапты

    АСТАНА, 17 қараша. Иранның Хузестан провинциясындағы Изе қаласындағы базарлардың бірінде болған атыс салдарынан кемінде 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, осыншама адам жарақат алған. Белгісіз біреу қоғамдық орында оқ атты. Қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері де бар. Иран бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп санайды.
    • 1 Year ago
    • 0
  • Мемфистегі атыс кезінде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек.Теннесси штатының Мемфис қаласынының әртүрлі жерлерінде атыс болып, төрт адам қаза тауып, үш адам жараланды, деп қалалық полиция хабарлады.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаны «қатыгез әрекеттер тізбегі» деп атады. Полицияның мәліметінше, 19 жастағы күдікті, қара нәсілді жас Эзекил Д. Келли сәрсенбіге қараған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Иерусалимде атыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Иерусалимдегі Жылау қабырғасының жанында автобустағы адамдарға оқ атылды.  Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жеті адам жарақат алған. Екі адамның халі ауыр, қалғандарының жағдайы орташа. Олардың барлығы автобус ішінде болған. Адамдар автобуспен қаланың көрікті жерлерін саяхаттап жүрген. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Күдікті қашып кетті, оның әрекеті алдын ала террористік шабуыл ретінде қарастырылды.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Чикаго маңында жаппай атысқа қатысты күдікті қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде.Бұл 22 жастағы Роберт Кримо III болып шықты. Оған күдікті ретінде іздеу жарияланған жоқ, бірақ «қарулы және өте қауіпті» деген бағдар берілді, деп Zakon.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Хайленд саябағында болған атыстан кейін күдікті қамауға алынды, деп хабарлады CBS Chicago. Жігіт оқиғадан сегіз сағат өткен соң табылды. Белгілі болғандай, жас […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дания астынасындағы атыс кезінде үш адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН,  05 шілде. Дания астанасы Копенгагенде сауда орталығында болған атыс салдарынан үш адам қаза тапты, тағы үшеуінің жағдайы ауыр, деп Associated Press агенттігі хабарлайды.  Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  Field’s сауда орталығында атыс жексенбі күні кешке болды, келушілер үрейленіп орталықтан қашып кетті. Бір адам қамауға алынды, деп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Чикаго маңында атыс болды, қаза болғандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. АҚШ-тың Чикаго қаласында Тәуелсіздік күніне арналған шеру кезінде белгісіз біреу жиналғандарға оқ атып, 6 адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тағы 30-дан астамы жарақат алды. Олардың арасында балалар бар. Оқиға шаһардың шетіндегі Хайленд-парк деп аталатын жерде болған. Полицияның хабарлауынша қаскөй адамдарға жақын маңдағы бизнес орталықтың төбесінен оқ атқан. Артынан қылмыс орнынан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде атыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым.  АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде шабуылдаушы ашқан атыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы жергілікті WBRC телеарнасына сілтеме жасап REGNU M ақпараттық агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Веставиа-Хиллс қаласындағы Әулие Стефан епископтық шіркеуінде белгісіз біреу оқ жаудырды. Атыс туралы ақпарат жергілікті полиция бөліміне […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сакраментодағы атыс кезінде алты адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. 3 сәуір, жексенбі күні таңертең Сакраменто қаласында (Калифорния штаты) шабуылдаушылар өтіп бара жатқан адамдарға оқ атуы нәтижесінде алты адам қаза тауып, 12 адам жараланды, деп DW сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Полиция қылмыскерлерді іздеуді жалғастыруда. Соңғы мәліметтер бойынша,  екі шабуылдаушы болды. Осы оқиғаға байланысты DW материалы жарияланған кезде […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның батысында террористер мен әскерилер арасында қақтығыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан. Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында террористермен болған атыста екі сарбаз қаза тапты, деп Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс басқармасына (ISPR) сілтеме жасап Anadolu агенттігі хабарлайды.   Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс басқармасының хабарлауынша, содырлар Белуджистанның Кеч аймағындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған. Содырлардың қай ұйымға жататындығы туралы ақпарат берілмейді.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Он бес жасар жасөспірім американың Мичиган штатындағы мектепке қарулы шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Детройттан солтүстікке қарай 72 км жерде АҚШ-тың Мичиган штатындағы  мектепте атыс кезінде үш адам қаза болды, тағы алты адам жарақат алды, деп хабарлайды TRT агенттігі. Америка Құрама Штаттарының Мичиган штатындағы лицейде болған қарулы шабуылда 3 адам ажал құшты. Оакланд ауданы полиция басқармасы Оксфорд лицейінде бір оқушының қарумен 6 адамды жаралағанын да жариялады. Лицейге бір «SWAT» […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 1 of 41234 »