Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иракта ИМ-нің алты содыры залалсыздандырылды

    АСТАНА, 12 желтоқсан. Сенбі күні Ирактың Салахудин провинциясында болған қақтығыс кезінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының алты содыры өлтірілді. Бейбіт тұрғын қаза болды, деп Ирактың Біріккен жедел қолбасшылығының (БЖҚ)  баспасөз қызметі хабарлады.Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Біріккен жедел қолбасшылығының мәлісдемесі бойынша, «Аль-Хашд аш-Шааби» әскерилендірілген құрылымның сарбаздары мен әскерилері және  бейбіт тұрғындар Салахудиннің солтүстігіндегі Тулул әл-Бадж […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Конгоның шығысында M23 қозғалысының көтерілісшілері 300 адамды өлтірді

    АСТАНА, 07 желтоқсан. M23 қозғалысының бүлікшілері өткен аптада Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысында үкімет жариялаған бітімге қарамастан 300-ге жуық адамды өлтірді, деп France-Presse агенттігі  хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новостиге  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Бұған дейін 122 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. «Әңгіме 300-ге жуық қаза болған  адам туралы болып отыр, олар Кишише ауылының  […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігіндегі жарылыстан кемінде сегіз адам қаза болды

    АСТАНА, 06 желтоқсан. Ауғанстанның солтүстігінде теракт салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС The Khaama Press басылымына сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, Балх провинциясының орталығы Мазари-Шариф қаласында автобуста жарылыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус «Хайратон ойл» мұнай компаниясының қызметкерлерін тасымалдаған. Тергеу басталды. Кейінірек қаза тапқандар саны сегіз адамға жеткені, тағы тоғыз адам жарақат алғаны белгілі болды.  
    • 1 Year ago
    • 0
  • Кабулдағы мешітке екі жанкешті шабуыл жасады

    АСТАНА, 03 желтоқсан. Кабулдағы мешітте жарылыс болып, кем дегенде үш адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы жергілікті телеарнаға сілтеме жасап Anadolu агенттігі хабарлады. Кабулдың Алтыншы полиция ауданындағы мешітке екі жанкешті шабуыл жасағаны атап өтілді. Салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде лаңкестер бар, тағы екеуі жараланды. Шабуыл болған жер Ауғанстан Ислам партиясының штаб-пәтеріне жақын орналасқан. Жарылыс кезінде оның жетекшісі, Ауғанстанның […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Пәкістанның Кветта қаласындағы шабуылда қаза тапқандар саны төртке жетті

      АСТАНА, 01 желтоқсан. Сәрсенбі күні Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының орталығы Кветтада жанкешті шабуылынан төрт адам, соның ішінде бір полиция қызметкері қаза тауып, 26 адам жараланды, деп аймақтық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі  хабарлады. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Құрбандар арасында екі бала мен олардың анасы бар. Жарақат алғандар жергілікті ауруханада емделіп жатыр, деп хабарлады […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Балужистандағы шабуылда полиция қызметкері мен жасөспірім қаза тапты

    АСТАНА, 01 желтоқсан. Шабуылда 2 адам қаза тауып, 20-сы полиция қызметкері, барлығы 24 адам жарақат алды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Пәкістанның Белуджистан уәлаятында полиция көлігін нысанаға алған жанкешті шабуылда алғашқы мәліметтер бойынша бір полиция қызметкері мен бір бала қаза тапты, 20 полиция қызметкері барлығы 24 адам жарақат алды. […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Ауғанстандағы медреседе жарылыс болды 

    АСТАНА, 30 қараша. Ауғанстанның Саманган уәлаятындағы бір медреседе болған жарылыстан кемінде 10 студент қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Талибан уақытша үкіметі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такор баспасөзге берген мәлімдемесінде Саманган облысының орталық ауданы Айбектегі Жихадие медресесінде түскі намаз кезінде шабуыл жасалғанын білдірді. Такор жарылыстан кемінде […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Бразилия мектептеріндегі атыс: қаза тапқандар саны төртке жетті

    АСТАНА, 27 қараша. Бразилияның Аракрус қаласындағы екі мектепте болған атыс құрбандарының саны төртке жетті, деп хабарлайды РИА Новости G1 жаңалықтар порталына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Бұған дейін үш адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. «Екі мектепте болған атыс құрбандарының жеке басын анықтау басталды, нәтижесінде төрт адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды», — деп хабарлайды […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • 23 қараша күні Иерусалимдегі шабуыл құрбандарының саны екіге жетті

    АСТАНА, 27 қараша. Сәрсенбі күні Иерусалимдегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан қаза болды, осылай құрбандар саны екіге жетті, деп The Jerusalem Post газеті хабарлайды.  Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Басылымның хабарлауынша, марқұм Иерусалимдегі «Шаарей цедек» ауруханасында болған, жарылыстардан кейін дәрігерлер оның өмірі үшін жан аямай күрескен, бірақ алған жарақаттары өмірмен үйлеспейтін болды. Сәрсенбі […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Бразилияда мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты

    АСТАНА, 27 қараша. Жұма күні Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Эспириту-Санту штатындағы Аракруз қаласындағы екі мектепте атыс болып, салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 13-і жараланды, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Штат губернаторы Ренато Касагранде полиция оқиғадан төрт сағат өткен соң 16 жастағы күдіктіні ұстағанын айтты. Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшының айтуынша, күдікті алдымен мемлекеттік мектептердің […]
    • 1 Year ago
    • 0
Бет 1 of 3212345 » 102030...Last »