Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Үндістанның солтүстігіндегі лаңкестік әрекеттен екі адам қаза тапты

    АСТАНА, 19 қазан. Сейсенбі күні таңертең Үндістанның солтүстік одақтағы Джамму мен Кашмир аумағында пәкістаншыл содырлардың лаңкестік әрекетінен кем дегенде екі адам қаза тапты, деп The Hindu газеті хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. The Hindu газетінің   полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға Шопиан округінде болған, онда қарулы адам […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Сомалидегі шабуылдарда қаза тапқандар саны 36-ға жетті

    АСТАНА, 05 қазан. Сомалидің орталы аймағында кешегі террор шабуылдарында қаза тапқандар саны 36-ға жетті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Бас қала Могадишоның солтүстігіндегі Беледвейн қаласында жасалған жанкешті 3 шабуылда, араларында екі үкімет қызметкері бар, барлығы 36 адам қаза тауып, 73 адам жараланды. Хиран губернаторы Али Джейсте террористтердің жанкешті шабуылдарының […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Конго ДР содырлар 14 бейбіт тұрғынды өлтірді

    АСТАНА, 04 қазан. Конго Демократиялық Республикасында (КДР) «Демократиялық күштер альянсы» (ДКА) экстремистік тобының содырлары кем дегенде 14 адамды өлтірді, деп Agence France-Presse (AFP) хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жергілікті биліктің мәліметінше, сенбі күні мачетемен қаруланған содырлар ауылға басып кіріп, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасапған, салдарынан 14 адам қаза тауып, екеуі жараланған. Сондай-ақ екі бала із-түзсіз жоғалған. […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Германияда әйелдің «қылыш тәрізді затпен» шабуылынан бірнеше адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Вейден-ин дер-Оберпфальц қаласында (Бавария федералды жері) әйелдің «қылыш тәрізді затпен» шабуылы салдарынан бірнеше адам жарақат алды, деп DPA агенттігі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Агенттіктің ақпараты бойынша, оқиға қала орталығында болған. Полиция шабуыл жасаған әйел адамды ұстады, қазір тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның Баб ауданына жасалған шабуылда 14 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Аудан орталығына жасалған шабуылда 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жараланды, деп TRT  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.  Түрік қарулы күштерінің Сирияның солтүстігінде жүргізген «Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб аудан орталығына жасалған зымырандық шабуылда 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жараланды. Әскери оппозицияның бақылауындағы Баб аудан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ванкувер қаласында мачетемен қаруланған адамның шабуылы салдарынан төрт адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз. Ванкуверде мачетемен қаруланған адамның шабуылынан төрт адам зардап шекті, шабуылдаушы ұсталды, деп қалалық полиция мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Полицияның хабарлауынша, оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі уақытта болған. Ванкувердің орталығындағы жатақханалардың бірінде тұратын ер адам өз бөлмесін өртеп жіберіп, кейін  басқа […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Кабулдағы жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, 18-і жараланды, деп елордалық полиция өкілі Халид Задран хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Оның айтуынша, жарылыс Кабулдың алтыншы полиция ауданында болған. Жарылғыш құрылғы қол арбасына орнатылған. Шабуылдың нысанасы —бейбіт адамдар болған. Сегіз адам қаза тауып, тағы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстігінде содырлардың шабуылынан төрт бейбіт тұрғын ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатында содырлар төрт бейбіт тұрғынды өлтіріп, тағы 15 адамды ұрлап әкетті, деп Vanguard басылымы хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Басылымның мәліметінше, оқиға Каджуру аймағында болған. «Лаңкестер Ибуру ауылында төрт тұрғынды өлтіріп, тағы 15 адамды ұрлап әкетті», — деп жазады басылым. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Норвегияда түнгі клубқа жасалған қарулы шабуылда 2 адам қаза болып, 21 жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым.Норвегияда түнгі клубқа жасалған қарулы шабуылда 2 адам қаза тапты, деп TRT сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Бас қала Ослода қарулы адам түнгі клубқа кіріп, айналаға кездейсоқ оқ жаудырған. Шабуылда екі адам қаза тауып, 21 адам жараланды. Оқиғадан кейін аймаққа полиция мен жедел жәрдем топтары жіберілді. Лауазымдылар оқиғаның жалғыз кінәлі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Камерунның оңтүстік-батысындағы шабуылда 20-ға жуық бейбіт тұрғын қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. 20-ға жуық бейбіт тұрғын Камерунның оңтүстік-батыс аймағында сепаратистік содырлардың шабуылының құрбаны болды. Бұл туралы жергілікті әскери дереккөз хабарлады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Дереккөздің хабарлауынша, 29 мамырда содырлар Оңтүстік-Батыс облысындағы екі ауылға басып кіріп, жергілікті тұрғындарды ұрламақ болған. Қарсылыққа тап болған сепаратистер 20 шақты адамды […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 1 of 512345 »