Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Шекарашылар тапқан 5 гектар алқаптағы жабайы қарасора жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек. Шекарашылар Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағынан жабайы қарасора өскен алқаптарды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Шонжы шекара отрядының «Текес» және Күршім шекара отрядының «Өрел» шекара заставаларының аумағынан шекарашылар жабайы қарасора алқаптарын тапты. Екі жерден анықталған алқаптың жалпы көлемі — 5 гектар. Осыған байланысты жергілікті атқарушы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Биыл ШЫҰ аумағында 7 тонна есірткі тәркіленген

    АЛМАТЫ,09 тамыз. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ішкі істер министрлерінің екінші кеңесіне қатысқан Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полицейлерінің трансұлттық қылмыспен қалай күресетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Біздің елдер аумағында қауіпті қылмыскерлерді іздеу және ұстау, ауыр қылмыстарды бірлесіп ашу жолға қойылғанына көптеген мысалдар бар. ТМД шеңберінде жыл сайын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Аралда сора егілген алқап табылды

    АРАЛ,08 тамыз. Қызылорда облысында Арал ауданында аса ірі мөлшерде сора өсімдігін өсірген тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Сора егілген аймақ Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елді мекенінен шығыс бетке қарай 30 шақырым жерде болған. Есірткі алқабын Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген «Көкнәр-2019» іс-шарасы барысында анықталды. Кейін күдікті ретінде Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бразилияда есірткі тасығыш көгершін ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Бразилия абақтысының тәртіп сақшылары есіркі таситын көгершінді ұстады,деп 24.kz хабарлайды. Қолға үйретілген құстың арқасына ілінген шағын сөмкеде аймақтағы атышулы First Capital Command атты қылмыстық топтың белгісі бар. Болжам бойынша олар көгершінді есірткі тауарын немесе қылмыстық топ мен қамауда отырғандар арасында құпия хат-хабар жеткізу үшін қолданған. Алайда тергеу ісі әзірге еш нәтиже берген […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да ер адам 80 келі марихуанамен ұсталды

    Петропавл, 03 тамыз. Солтүстік Қазақстандық тәртіп сақшылар есірткі затын сатты деген күдікпен 46 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды.  Жедел-іздестіру шарасы барысында «Жезқазған — Петропавл» бағытындағы тас жолдың 246-шақырымында полицейлер тоқтатқан «Ниссан Кашкай» автокөлігінен 4 қап өсімдік тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша ол 80 келі марихуана және 88 грамм гашиш есірткісі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Олимпиада қатысушысы 50 келі есірткімен ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Голландиялық спортшы Мадия Гафур ұзақ уақытқа түрмеге тоғытылуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.  Неміс кеденшілері Мадия көлігін тоқтатқан кезде, 50 келіден артық есірткі табылған екен. Тауардың жалпы құны 2 миллион еуроға бағаланып отыр. Айта кетейік, 26 жастағы Гафур 2016 жылы Бразилияда өткен олимпиада ойындарының қатысушысы.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сататын елуге жуық сайт анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Қазақстанда есірткі сататын елуге жуық сайт анықталды, деп ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметінің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне (KZ-CERT) сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады.  «Қазақстандық интернет-сегментке талдау жасау барысында Қазақстан Республикасының аумағына есірткі заттарын таратқан 46 интернет-ресурс анықталды. Сатылым ірі қалалардағыдай (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Петропавл және т.б.) оларға жақын ораналасқан елдімекендерге де таратылған (Зайсан, Зыряновск, Сарань, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында бес күнде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 19 шілде. Жамбыл облысының аумағында есірткі мен психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бес күндік іс-шара барысында заңсыз айналымнан 53 келі 646 грамм «марихуана» есірткі заты тәркіленді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде төртеуі Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды — ІІМ

    ҚОСТАНАЙ, 17 шілде. ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері ұзақ уақыт ізіне түсіп, есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыскерлерді құрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағы қатыстырыла отырып Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді. «10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Испанияда ер адамның паригінен жарты келі есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Испания полицейлері Барселона әуежайынан Колумбия азаматын ұстады. Ол өзінің паригіне жарты келіге жуық есірткіні жасырған. Бұл туралы Би-би-си-дің жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап   ҚазАқпарат хабарлады. Хабарламада айтылғандай, әуежайда тым мазасыз күйде болған және оның паригінің көлемі де күдік тудырған. Полиция қызметкерлері есірткі тасымалдамақ болған азаматтың паригінен құны 30 мың еуро тұратын 503 грам кокаин […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 1 of 612345 » ...Last »