Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Йеменнің оңтүстігінде жарылыстан бес медицина қызметкері қаза тапты

    АСТАНА, 24 қазан. Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында сенбі күні Йемен үкіметін қолдайтын күштердің дәрігерлер тобын тасымалдаған жедел жәрдем көлігінің жарылуы салдарынан бес медицина қызметкері қаза тапты, деп аты-жөнін атамауды сұраған елдің қауіпсіздік қызметінің өкілі хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Қашықтан жарылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы Абьянның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йемен портында ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы нәтижесінде жарылыстар болды

    АСТАНА, 22 қазан.Жұма күні Йеменнің оңтүстігіндегі Хадрамаут провинциясының әкімшілік орталығы Әл-Мукалла қаласына жақын Аден шығанағы жағалауында орналасқан Ад-Дабба портындағы мұнай терминалының маңында бірнеше жарылыс болды, деп al-Masa press ақпараттық порталы хабарлайды.  Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, жарылыстар жағалауда орын алған және йемендік мұнайдын 2 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йеменнің оңтүстігінде терроризмге қарсы операция кезінде «Әл-Қаиданың» 24 содыры өлтірілді

    АСТАНА, 25 қыркүйек. Йеменнің үкіметшіл күштері сенбі күні елдің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында лаңкестікке қарсы әскери операцияларын жалғастырды, деп қауіпсіздік қызметінің өкілі мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Соңғы күндері әскерилер провинцияның әртүрлі аудандарындағы «Әл-Каида»* лаңкестік тобының бекіністеріне рейд жүргізді. 24 лаңкес жойылды, деп хабарлады атын атамауды қалаған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йеменнің орталығында кем дегенде 17 хусит көтерілісшісі өлтірілді

    АСТАНА, 20 қыркүйек. Орталық Йемендегі үкімет бақылауындағы Мариб провинциясындағы әскери лагерьге кіруге әрекеттенген 17 хусит көтерілісшісі өлтірілді, деп «Синьхуа» агенттігі майдандағы әскери дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Операция 19 қыркүйекке қараған түні провинцияның солтүстік-батысында орналасқан Мадгал ауданында болды. «Хусит-көтерілісшілерінің екі тобы бітімге қарамастан лагерьге екі жақтан кіруге […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясы лаңкестер тізіміне Йеменнен 8 адам мен 11 ұйымды енгізді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. Сауд Арабиясы Йеменнің ұйымдары мен 19 адамынлаңкестік ұйымдар тізіміне қосты, деп хабарлайды Stopterror.uz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Сауд Арабиясы мемлекеттік қауіпсіздік басқармасы өзінің ресми Twitter аккаунтында хуситтермен, «Әл-Каида»* лаңкестік ұйымымен және Ислам революциясы Сақшылар корпусымен (ИРСК) ынтымақтастықта және қолдау көрсетті деп айыпталған Йеменнің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • «Ансар Алла» содырлары Йемендегі Хадджа мен Таизге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Йеменнің батысындағы Хадджа қаласына ираншыл «Ансар Алла» (хуситтер) қозғалысының бүлікшілері зымыран атқылап, екі бейбіт тұрғынды өлтіріп, тағы екеуін жаралады. Бұл туралы  Anadolu агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Йемен армиясының бесінші әскери аймағының қолбасшылығының мәліметінше, зымыран Хайран ауылындағы тұрғын үйге түскен. Бұған қоса, Йеменнің ресми ақпарат агенттігі хуситтердің елдің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йеменде БҰҰ-ның бес қызметкері ұрланды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында БҰҰ-ның бес қызметкері ұрланған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Йемендегі гуманитарлық көмек координаторы мен резидент-үйлестірушінің байланыс жөніндегі аға кеңесшісі Рассел Гикиге сілтеме жасап хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Оның айтуынша, ұрланған адамдар өз миссиясын аяқтағаннан кейін Аденге оралып келе жатқан.  «БҰҰ олардың босатылуын қамтамасыз ету […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Орталық Йеменде 3 бала  зымыран шабуылының құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Йеменнің орталық бөлігіндегі Мариб провинциясындағы зымырандық шабуылдың салдарынан үш бала қаза болды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.. Бұл туралы минадан тазарту және жарылмаған оқ-дәрілер мен миналардың салдарынан өлім-жітімді бақылайтын жергілікті құқық қорғау ұйымы хабарлады. Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметінше, балалар Мариб провинциясының Хариб ауданында қаза болған. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БАӘ Қорғаныс министрлігі үш ұшқышсыз ұшақтың жойылғанын хабарлады

     НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) қорғаныс министрлігі елдің әуе кеңістігінде тосқауыл жасалған үш ұшқышсыз ұшақтың жойылғаны туралы сәрсенбі күні кешке ведомствоның Twitter-інде  жарияланды хабарлады. Бұл туралы, ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Қорғаныс министрлігі бүгін таңсәріде, 2022 жылдың 2 ақпанында БАӘ әуе кеңістігіне кірген жаудың үш ұшқышсыз ұшақтың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йеменде мешітке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Йеменнің оңтүстік-шығысындағы Шебве уәлаятындағы бір мешітке жасалған шабуылда  4 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Йеменнің оңтүстік-шығысындағы Шебве уәлаятындағы бір мешітке хоуситтер баллистикалық зымыран шабуылын жасады. Шабуылда  4 адам ажал құшты, 5 адам жарақат алды. Йемен армиясы тарапынан жасалған мәлімдемеде шабуылдың Сафха аймағы Усейлан қалашығындағы Абдуллах бин Месуд мешітіне […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 1 of 3123 »