Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулда автобус жарылысынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулдың батыс бөлігінде адам көп жиналған жолда автобус жарылысы болды, салдарынан кем дегенде бір бейбіт тұрғын қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды «Синьхуа» ақпарат көздеріне сілтеме жасап. «Даште-Барчи ауданының Махтаб-Қала орамында жолаушылар мінген шағын автобуста жойқын жарылыс болғанын естідік. Қазір қайғылы оқиға орнын «Талибан*» тобының қауіпсіздік күштері қоршап алды», […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы шабуылды ДАИШ мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қараша. Кабулдағы бомбалы шабуылды ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алды, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулдың Везир Акбар Хан аймағындағы Сердар Мұхаммед Давуд Хан ауруханасында кеше болған бомбалы шабуылды ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алды. ДАИШ террорлық ұйымы әлеуметтік желіден бес шабуылдаушымен ұйымдастырылған лаңкестікте Талибанның алдынғы қатарлы бір қолбасшысы да бар бір топ […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы бейсенбі күні Кабулда болған екі жарылысты да мойнына алды, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды. CNN телеканалының мәліметіне қарағанда, бірінші жарылыс әуежайға кіреберіс маңда, екіншісі әуежайға жақын жерде орналасқан Barron қонақүйі жанында болған. Бұл ақпаратты Пентагон өкілі Джон Кирби растады. Ауғанстан денсаулық саласының шенеуніктері жарылыстан кемі 60 адам қайтыс болғанын, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның астанасындағы бомба шабуылда 2 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде.Кабул полиция дирекциясының баспасөз хатшысы Фердевс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Карте-и Нев аймағындағы жылжымайтын мүлік кеңсесіне орналастырылған бомбаның жарылғанын атап көрсетті, деп TRT хабарлайды. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын білдірді. Шамамен 3 айға жуық уақыт бойы ел көлемінде жасалған бомбалы шабуылдардың көпшілігінде жауапкершілікті ешкім мойнына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда мектеп жанындағы жойқын жарылыстан 50 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр. Ауғанстанның бас қаласы Кабулда бір мектептің алдында жасалған бомбалы шабуылда 50 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Тарык Арйен баспасөзге жасаған мәлімдемеде Кабулдың Дашт-и Барчи аймағында Сейид-ү Шүхеда мектебі алдында бомбалы шабуыл жасалғанын білдірді. Шабуылда алғашқы мағлұматтар бойынша 30 бейбіт адамның қаза тауып, 52 адамның жарақат алғанын атап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы полиция бөлімшесінде болған жарылыс салдарынан екі адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Сенбі күні Кабулдағы 11-ші полиция бөлімшесінде бомба жарылып, бір полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын жарақат алды. Бұл туралы TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Жарылыс туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады. Оқиғаның  мән-жайы әлі айтылмады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Кабулда әскери нысанның жанында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Сәрсенбі күні таңертең Кабулдағы әскери нысан жанында болған жарылыстан кем дегенде үш адам қаза тапты. Бұл туралы TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Қайтыс болғандардың барлығы бейбіт тұрғындар екендігі айтылған. Тағы сегіз адам жарақат алды. Әскери қолбасшылық бұл  оқиға үшін жауапкершілікті «Талибан»  (ҚР тыйым салынған ұйым) радикалды тобына  жүктеді. «Талибан» қасиетті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ Кабулдағы лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. ИМ лаңкестік тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) Кабулдағы шара кезіндегі шабуылғ өз  қатыстығын мәлімдеді. Бұл туралы лаңкестер  6 наурызда бақыланатын интернет-ресурстар арқылы хабарлады.Бұл туралы REGNUM жазады. Олардың айтуынша, шабуылға граната мен қаруы бар екі адам қатысқан. ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) өкілдері шабуыл нәтижесінде 150-ден астам адамның өмірін қиғанын мәлімдеді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ЕО Кабулдағы лаңкестік әрекетті айыптады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Еуропалық Одақ билігі Ауғаныстан астанасында үйлену тойы кезінде жасалған лаңкестік әрекетті айыптайды. Бұл туралы Еуропалық сыртқы саяси қызметінің хабарламасында айтылған, деп REGNUM хабарлайды. «ЕО алдағы уақытта да Ауғанстанды халықаралық лаңкестікке қарсы күресте қолдайтын болады, ЕО өзінің қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіреді», — делінген хабарламада. Агенттік хабарлағандай, 17 тамызда Ауғанстанның астанасында той салтанаты кезінде жойқын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы үйлену тойында жарылыстан 40 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Ауғанстан астанасында болған үйлену тойындағы жарылыс салдарынан 40 адам мерт болып, 100-ге жуығы зардап шеккен.Бұл туралы TOLO News сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Ақпаратқа сәйкес, жарылыс кезінде той өтіп жатқан ғимаратта ондаған адам болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерде қанға бөккен ондаған адамның денесі жатқан. Ауғанстан ІІМ баспасөз қызметі жарылысты жанкештінің жасағанын мәлімдеді.
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 1 of 212 »