Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Британия азаматтығын алған Сомали тумасы парламент депутатын пышақтап кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Ұлыбритания парламентінің депутатын 25 жастағы жігіт пышақтап тастады. Оқиға Ли-он-си қаласындағы шіркеуде болды, деп хабарлайды Хабар 24. Ойламаған жерде мерт болған саясаткер Дэфид Эмесс осында сайлаушылармен кездесуге келген екен. Оған бірнеше жерден пышақ сұққан. Қаскөй – Британия азаматтығын алған Сомали тумасы. Тергеушілер бұл қылмысты лаңкестік әрекет деп бағалады. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, Дэвид Эмесстің бес […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жаңа Зеландияда бір кісі алты адамды пышақтады

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек. Жаңа Зеландияның Аукланд қаласында бір супермаркетте бір кісі кемінде алты адамды пышақтады. Артынан оны полиция атып өлтірді, деп TRT хабарлайды.  Премьер-министр Джасинда Ардерн оқиғаны бақылаудағы бір Шри-Ланка азаматының «террорлық лаңкестігі» деп атады. Ардерн полицияның шабуылдаушыны өлтіргенін айтып,  бұл кісінің 2011 жылы елге келгенін, 2016 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік тарапынан жақын қадағалауда болғанын білдірді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Лондондағы шабуыл кезінде кем дегенде үш адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.  Лондонда белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасап кем дегенде екі полиция қызметкері мен тағы бір адамды жарақаттады. Бұл туралы сенбі күні қала полициясы Twitter -дегі парақшасында хабарлады, деп жазады ТАСС. Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек полицейлер ауруханадан шығарылды, ал жараланған адамды дәрігерлер қарауында, оның өміріне еш қауіп жоқ. Құқық қорғау органдарының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі үш адамды пышақтап өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.  Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі жұртқа пышақ салды, деп хабарлайды 24.kz. Әлгі жігіттің әрекеті шектен шығып, үш бірдей кісіні пышақтап өлтірді. Алты адамның жарақат алғаны жайында ақпарат бар. Тіпті бір балаға да пышақ салған секілді. Баланың әкесі қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан көрінеді. Көпшілік қылмыскерді ұстауға тырысып еді, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Амстердам орталығында   пышақ ұстаған белгісіз біреу адамдарға шабуылдады 

    НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр.Нидерландының Амстердам қаласында белгісіз біреу жолаушыларға пышақпен шабуыл жасады. Нәтижесіде бір адам қаза тауып, төртеуі әртүрлі дәрежеде жарақат алған, деп ӨзА жазады. Dutch News мәліметінше, қарулы шабуыл қаланың Де-Пейп аймағында болып, оны Амстелвиннен шыққан 29 жастағы ер адам жасағаны айтылады. Жергілікті полиция қылмыскерді ұстағанын хабарлап, бұл жағдайдың терроризммен байланысы бар жоғын анықтап жатқанын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Канадада белгісіз адам тұрғындарға пышақпен шабуыл жасады, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз.  Ванкувердегі шабуылда бір адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Канаданың Ванкувер қаласында белгісіз адамның пышақпен шабуылы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды. Полиция офицері Фрэнк Джангтың айтуынша, оқиға қаланың адам көп жүретін сауда аймағынын кітапхана алдында болған. Полиция қызметкерінің айтуынша,күдікті ұсталды, тергеу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Швецияда тұрғындарға пышақпен шабуылдаған күдікті ұсталды 

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз.  Швецияның оңтүстігіндегі Ветланда қаласында белгісіз біреу тұрғындарға пышақ кезеніп, тұтқиылдан тап берген, деп 24.kz хабарлайды. Кейбір ақпарат құралдары қаскүнемнің қолында балта болды деп айтады. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, 20 жастағы күдікті қамауға алынған. Ол 8 адамды жарақаттаған. Абырой болғанда, зардап шеккендердің өміріне төнген қауіп жоқ. Швецияның премьер-министрі Стефан Лёвен бұл шабуылды айыптады. Тергеушілер «террористік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Франция билігі жұма күнгі оқиғаны лаңкестік деп таныды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қаңтар. Франция билігі өткен жұма күні Вильжюиф қаласында болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныды, деп хабарлайды 24.kz. Бұған дейін полиция белгісіз ер адамның жаяу жүргіншілерге пышақпен шабуыл жасауын терактіге жатқызбаған. Себебі ол жүйке ауруынан емделіп жүрген. Бірақ тергеу барысында қаскөйдің мұндай әрекетке бармас бұрын радикалды бағытқа бет бұрғанын анықтады. Еске сала кетейік, жұма […]
    • 4 Years ago
    • 0