Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БҰҰ: жыл басынан бері Сомалидегі шабуылдардан 600-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты

    АСТАНА, 15 қараша. Биылғы жылдың қаңтарынан бері Сомалиде кем дегенде 613 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 948 адам жарақат алды, деп БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мәлімдеді.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады. Ф. Тюрк Сомалидегі бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандардың күрт өсуін айыптады, бұл негізінен «Аш-Шабаб» экстремистік тобының содырларының шабуылынан туындады.Оның […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Могадишодағы қонақүйге жасалған шабуылда қаза тапқандар саны 30-ға жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Сомали астанасы Могадишодағы Hayat қонақ үйіне «Аш-Шабаб» содырларының шабуылынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті, деп жергілікті Dalsan радиостанциясы хабарлады. Бұл туралы РИА Новости сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Бұған дейін Shabelle телерадиокомпаниясы шабуылдан кемінде 40 адамның жараланғанын хабарлаған. «Hayat қонақүйіне жасалған шабуылда қаза тапқандар саны қанды атыс пен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Бас хатшысы: Терроризм құрбандары мен одан зардап шеккен адамдар ешқашан ұмытылмауы керек

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Терроризм құрбандары мен одан зардап шеккендер ешқашан ұмытылмауы керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Халықаралық лаңкестік құрбандарын еске алу және мойынсұну күніне арналған бейнеүндеуінде мәлімдеді, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Осы халықаралық күні және күн сайын /террорлық актілердің/ құрбандары мен зардап шеккендер […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Австрияда 2020 жылғы Венадағы террорлық шабуыл құрбандарын еске алды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Сейсенбі күні Австрияда 2020 жылы Венадағы теракт құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Австриялықтар қала орталығындағы шабуылдың бір жылдығында қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ТАСС тілшісі  оқиға орнынан. Теракт болған ауданда орналасқан Рупрехткирхе шіркеуінде Австрияның жоғары саяси басшылығының қатысуымен ресми еске алу рәсімі өтті. Оған республика президенті Александер Ван […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Тәуелсіздік жылдары елімізде қандай терактілер болды?

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек. 11 қыркүйек күні Нью-Йорктегі терактіге 20 жыл толады. Ал Қазақстанда кейінгі 30 жылда қанша лаңкестік оқиға тіркелді?Бұл туралы Айқын жаңалықтар порталы жазады. Тәуелсіздік жылдарында алғашқы лаңкестік оқиға 1992 жылдың ақпанында Шымкентте тіркелді. Ташкенттен Самараға пойызбен жеткізілуі тиіс 6 қылмыскер Қызылорда—Сарыағаш бағытында қатынайтын автобусты басып алды. Бір тәулікке созылған «Набат» операциясының арқасында автобустағы 30 жолаушы түгел құтқарылды. Олардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нью-Йорктің сотмед сарапшылары11 қыркүйектегі шабуылдардың тағы екі құрбанын  анықтады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысының басқармасы 2001 жылы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығында болған террорлық шабуылдардың екі құрбанын анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап. «Хемпстедтік (Нью-Йорк штаты) Дороти Морган – лаңкестіктің 1646-шы құрбаны, отбасының өтініші бойынша аты жарияланбаған ер адам – 1647-ші құрбан», – деп жазылған хабарламада. Шабуыл салдарынан қаза тапқан 2753 адамның 1106-ы (40%-ы) […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Eуропол: 2020 жылы ЕО-дағы террорлық шабуылдардан 20-дан астам адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  2020 жылы 20-дан астам адам Еуропалық Одақтағы лаңкестік шабуылдардың құрбаны болды. Бұл туралы Еуропалық полиция агенттігінің (Еуропол) сейсенбіде таратқан есебінде айтылады, деп хабарлайды ТАСС. «Барлығы 2020 жылы ЕО аумағында орындалған, алды алынған  және сәтсіз болған 57 террористік акт тіркелген, — делінген құжатта. — Сонымен қатар, Ұлыбритания 62 террористік оқиға туралы, ал Швейцария […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасоның солтүстігіндегі террорлық шабуыл құрбандарының саны 160-қа жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған терактіден қаза тапқандардың саны 160-қа жетті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. AIB жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, террористер сенбіге қараған түні Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Яга провинциясындағы Солхан ауылының тұрғындарына оқ жаудырған. Салдарынан кем дегенде 100 адам қаза болды. Шабуылдаушылар бірқатар үйлер мен жергілікті базарды өртеп жіберді. Билік құрбан болғандар санының артуын жоққа шығармайды. Буркина-Фасо […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында 44 фермер «Боко Харамның» құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.«Боко Харам» лаңкестері Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы фермерлерге шабуыл жасады, 44 адам қаза болды, көбі жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Гарин Квашебе ауылында орын алды, күріш алқабындағы фермерлерге шабуыл жасалған. Оқиға орнына қосымша күштер жіберілді. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Global Terrorism Index 2020: Ауғанстан терроризмге ең көп ұшыраған мемлекет

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Ауғанстан — 2019 жылы терроризмнен ең көп зардап шеккен мемлекет. Бұл туралы Халықаралық экономика және бейбітшілік институты (IEP) (штаб-пәтері Сиднейде) жариялаған Global Terrorism Index 2020 аналитикалық есебінде айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. IEP әлемнің 163 елінде 2019 жылы болған оқиғаларды талдады. Есепке сәйкес, Ауғанстан, 2018 жылғыдай терроризмнен ең көп зардап шеккен ел болып […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 1 of 812345 » ...Last »