Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Шымкентте экстремистік материалдар таратқан азамат ұсталды 

    ШЫМКЕНТ, 22 қыркүйек. Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсті. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды. «Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды таратқаны үшін Павлодар қаласының тұрғынына айыппұл салынды

    ПАВЛОДАР, 18 мамыр. Тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан павлодарлық әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар қаласының экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірінің парақшасында діни мазмұндағы материалдары бар 39 аудиожазбаны анықтады. -Тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы павлодарлық тыйым салынған контентті ашық қолжетімділікке орналастырған. Аталған факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Діни алауыздықты өршіту белгілері бар материалдарды жариялаған қостанайлық ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 13 қазан. Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желілерде жариялаған қостанайлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысының ПД қызметкерлерімен интернет ресурстарын мониторингтеу барысында “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде діни алауыздықты өршіту белгілері бар материалдарды жариялаған облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны анықталды. Азаматтың іс-әрекетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлімі бойынша белгілері көрінуде. Жеке тұлға үшін аталған құқық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырауда деструктивті ағымды насихаттайтын 150 мыңға жуық парақша бұғатталды

    АТЫРАУ, 18 қыркүйек. Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге әлеуметтік желіге жүргізілген мониторингте анықталған. «Деструктивті ағымға ерушілердің көпшілігі өз парақшаларында және пабликтерде Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған экстремистік идеологияны насихаттауға немесе […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Қызылордада әлеуметтік желідегі жеке парақшасында тыйым салынған діни аудиоматериалдарды сақтаған тұрғын ұсталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қыркүйек. Қызылордада тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде ел аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сақтаған 40 жастағы тұрғын белгілі болды. Оның деструктивті діни ағымды ұстанатыны анықталды. «Оған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Экстремизмді насихаттаған петропавлдыққа 300 мыңға жуық шамасында айыппұл салынды

    ПЕТРОПАВЛ, 13 шілде. Петропавл тұрғыны экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 42 жастағы петропавлдықтың Facebook желісіндегі парақшасынан діни сипаттағы бейнежазбаларды тапты. Тексеру барысында ер адамның деструктивті сипаттағы діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Дінтанулық сараптама қорытындысына сәйкес, ол әлеуметтік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өткен жылы елімізде интернет желілерінде 73 мың деструктивті материал бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр.   2020 жылы интернеттегі 73 мың деструктивті материал бұғатталды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттың жаны мен санасына нәр беретін үлкен факторлардың бірі бұл – әрине, дін саласы. Біз – көп конфессиялы мемлекетпіз. Елімізде 18 діни бағытта 3 848 бірлестік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін екі ақтөбелікке айыппұл салынды

    АҚТӨБЕ, 08 мамыр. Ақтөбе облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін Ақтөбенің екі тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, Ақтөбенің 28 және 33 жастағы тұрғындарының жеке парақшасынан аудиожазбаларды тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістанда тыйым салынған материалдарды жариялаған азаматтар жауапқа тартылды 

    ТҮРКІСТАН, 21 сәуір. Түркістан полицейлері теріс діни ағым ұстанушылары мен тыйым салынған материалдарды жариялаған азаматтарды жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері дін саласы бойынша құқықбұзушылық жасаған 10 адамды анықтады. Яғни полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, тыйым салынған материалдарды өздерінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО-да жыл басынан бері дін туралы заңды бұзуға қатысты 6 дерек анықталды

    ПЕТРОПАВЛ, 09 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан дін саласындағы заңнаманы бұзуға қатысты 6 дерек тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, интернетке мониторинг жүргізу кезінде тәртіп сақшылары «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде заң бұзушылықты анықтады. Қолданушы жеке парақшасында діни мазмұндағы фото мен аудиожазбаларды орналастырған. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының діни қызмет және […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 1 of 3123 »