Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстан шекарасындағы атыс кезінде пәкістандық шекарашы қаза тапты

    АСТАНА, 14 қараша. Ауғанстанмен шекарадағы «Спин-Болдак — Чаман» бақылау-өткізу бекеті маңындағы атыс салдарынан Пәкістан Шекара корпусының бір сарбазы қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды Stopterror.uz ТАСС -қа сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ауғанстанның қауіпсіздік күштері бақылау-өткізу бекетінде кезекшілік атқарып жүрген пәкістандық шекарашыларға оқ жаудырды. Арандатылған атыс кезінде Пәкістан шекара корпусының бір сарбазы қаза […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Қазақстан шекарашысын Тәжікстан Республикасының Президенті наградтады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан.Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан ерлігі мен жанқиярлығы үшін кіші сержант Батырқанов Раджан Армияұлы 1-ші дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталды (қайтыс болғаннан кейін), деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Тәжікстанның бауырлас халқы 1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстандағы «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасағандарға үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Тәжікстанда «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасаған жеті қатысушыға қатысты үкім шығарылды, деп республиканың бас әскери прокуроры Икром Зоирзодаға сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Шекара бекетіне шабуыл жасаған жеті адам Тәжікстан Жоғарғы Сотының шешімімен 2 жылдан 27 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Прокурор «Ишкобод» шекара бекетіндегі лаңкестік шабуылға қатысқан жеті адамның ісі сотқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бадахшан провинциясында Тәжікстандық содырлардың белсенділігі артты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Бір топ қарулы содырлар, Тәжікстан азаматтары, Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы үкіметтік посттарға шабуыл жасады, деп жазады  ТаджикТА. БАҚ атап өткендей, бұл туралы Нусай уездінің қауіпсіздік бөлімінің өкілі хабарлады. «Ямган уездіндегі шетелдік содырлардың саны шамамен 500 адамды құрайды, олармен бірге 150 адам отбасы мүшелері-әйелдері, балалары. Шетелдік содырлар сондай-ақ Тәжікстанмен шекаралас Ауғанстанның Дарвазымен шектесетін Рагистан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның Бас прокуроры «Ишкобад» шекара бекетіне лаңкестердің шабуылы туралы есеп берді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне жасалған шабуыл жиіркенішті лаңкестік қылмыс болды, деп мәлімдеді Юсуф Рахмон қорытынды баяндамасында. Бұл туралы Sputnik Тәжікстан жазады. Юсуф Рахмон «Ишкободқа» шабуыл кезінде 26 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза болғанын нақтылады. «26 адам қаза тапты, оның ішінде тоғыз ер адам, сегіз әйел, төрт кәмелетке толмаған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан МҰҚК басшысы шекараға шабуылдағандар арасында әйелдер мен балалардың болғанын айтты 

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. 26 қарашада Душанбеде Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Мухаммад Саидов баспасөз мәслихатын өткізіп, қарашаның басында тәжік шекарасына шабуыл жасағандар арасында балалар мен әйелдер болғанын айтты, деп Азаттық хабарлайды.  Саидовтың сөзінше, Душанбенің оңтүстік-батысынан 60 шақырым жерде орналасқан шекара бекетіне шабуылдағандар арасында «10 ер, 11 әйел және 4-15 жас арасындағы 13 бала болған». […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Эмомали Рахмон содырлар шабуылының алдын алмаған арнайы қызметті сынады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қауіпсіздік кеңесінің отырысында арнайы қызмет пен ішкі істер министрлігін шекара бекетіне жасалған шабуылдың алдын алмағаны үшін сынады, деп centralasian.org жазады.  14 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бас прокуратурдың, ішкі істер министрінің, қорғныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының және шекара әскері қолбасшысының есебі тыңдалды. Олардың не туралы айтқаны, қандай шешім […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ Тәжікстандағы шекара бекетіне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  террористік тобы тәжік-өзбек шекарасындағы заставаға шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті  өз мойнына алды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың SITE Intelligence Group сілтеме жасап. Тәжік-өзбек шекарасындағы Рудаки аймағында орналасқан «Султонобод» шекара отрядының заставасына шабуыл 6 қараша күні болған, шабуылдаушылар ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырлары  болып шықты. Тәжікстанның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шекарадағы шабуыл. Қазақстанға қауіп төніп тұр ма? — сарапшылардың пікірі

    НҰР-СУЛТАН, 08 қараша. Сәрсенбіге қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 3.20-да Ауғанстаннан жағынан тәжік-өзбек шекарасына содырлар шабуыл жасады. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, бетперде киген 20 қарулы адам Өзбекстанмен шекарадағы «Ишкабод» шекара заставасына төрт көлікпен келіп шабуыл жасады. Содырлар бес Калашников автоматын тартып алып, шекара күзетшісі мен заставада кезекшілік еткен бір милиция қызметкерін өлтірді. Осы жағдайға байланысты генерал-майор […]
    • 4 Years ago
    • 0