Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жарылыс қаупі: Есіл және Тобыл мектептерінің оқушылары эвакуацияланды

    АСТАНА, 12 желтоқсан. Түмен облысындағы Тобыл және Есіл қалаларының мектептерінде ғимараттарда бомба орнатылды деген дабылға байланысты бірінші ауысым оқушыларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ТАСС облыстық үкіметтің ақпарат орталығына сілтеме жасап. «12 желтоқсанда Тобыл және Есіл қалаларындағы мектеп ғимараттарында бомба орнату мүмкін деген дабылға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар эвакуацияланды. Тәртіп сақшылары қазірдің өзінде ғимараттарды тексеруге кірісті. Кейбір нысандар бойынша тексерулер […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Алматы мектептерінен «бомба» табылған жоқ

    АЛМАТЫ, 25 қараша. Алматыда «бомба қойылған» білім мекемелерінен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматы қаласындағы №87 және 66 мектеп ғимараттарын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ. Бұған дейін мегаполисте аталған екі мектепте «бомба» қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Білім мекемелерінде алғашқы ден қою аясында қаланың жедел және төтенше жағдайлар […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Таразда колледжге тағы да «жарылғыш зат» қойылды 

    ТАРАЗ, 22 қараша. Полиция басқармасының жедел басқару орталығына белгісіз біреу хабарласып, Жамбыл политехникалық колледжінің барлық корпусына жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды «Хабар 24». Шақырту орнына Полиция департаментінің жеке құрамы, саперлер мен кинолог мамандары, төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Колледж қызметкерлері мен студенттер, жалпы саны 1700-ге жуық азамат қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде оқу орнының бас  корпусынан […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Көкшетаудағы бірнеше мектептерге «бомба» қойылды

    КӨКШЕТАУ, 28 қазан. ҚазАқпарат — Жарылғыш құрылғылардың салынғаны туралы хабарлама алған полицейлер Көкшетау қаласының мектептерін тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 28 қазанда Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына №3 «Дарын» мектеп-интернатында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы хабарлама келіп түскен. «Көрсетілген мекенжай бойынша полиция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер дереу келіп жетті. Мектеп аумағы […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Биробиджанда мектептер жарылыс қаупіне байланысты эвакуацияланды

    АСТАНА, 17 қазан. Еврей автономиялық облысындағы Биробиджан мектептеріне миналау туралы хабар түсіп, балалар мен оқу орындарының қызметкерлері эвакуациялануда. Бұл туралы ТАСС қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «No 7, 8, 5 (10), 14 білім беру мекемелерінің поштасына Біробиджандағы барлық мектептердің миналануы  туралы хабар түсті. Оқу […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Атырауда «бомба қойылды» деген хабардан кейін мектептен 900-ге жуық адам эвакуацияланды

    АТЫРАУ, 12 қазан. Атырауда №2 мектеп директорына білім ошағында «жарылғыш зат бар екені» туралы хабарлама келген. Бұл туралы ол «102» операторына айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялағанын атап өтті. «№2 мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмады. Қазір хабарламаның иесін анықтау жүргізіліп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреулер Орынбордағы университетті «миналады»

    АСТАНА, 11 қазан. Орынбор мемлекеттік университетінің (ОМУ) поштасына ғимаратқа бомба орнатылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті, кейін оның қызметкерлері мен студенттері эвакуацияланды. ОМУ ресми Telegram-каналында хабарланғандай, университетте сабақтар қашықтан 13:00-ге дейін (Мәскеу уақытымен 11:00) ұйымдастырылады, деп хабарлайды ТАСС . «10 қазан күні таңертең ОМУ-ның ресми поштасына ғимараттардың бірінде бомба  туралы анонимді ақпарат келіп түсті. Университетте дереу эвакуация жарияланды», — деп хабарлады […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Астанада жолаушы рейске кешігіп қалмас үшін бомба туралы хабарлады

    АСТАНА, 02 қазан. Астанада ұшақта бомба барын хабарлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 2022 жылдың 1 қазанында сағат 14:40-та елорданың «102» пультіне Астана-Талдықорған бағытында ұшатын ұшақта жарылғыш зат қойылғаны туралы белгісіз біреу қоңырау шалды. «Хабарламаны тексеру үшін дереу төтенше жағдайлар қызметі  жөнелтілді, адамдар эвакуацияланды, әуежай жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреу Ижевскідегі мектепте оқ жаудырды

    АСТАНА, 26 қыркүйек.Ресей Федерациясына қарасты Удмуртия Республикасының Ижевск қаласындағы бір мектепке белгісіз біреудің қарулы шабуылы салдарынан 9 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ресей Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Ресейдің Удмуртия облысындағы Ижевск қаласындағы №88 мектепке белгісіз біреу қарулы шабуыл жасады. Ресей Тергеу комитеті жасаған мәлімдемеде қарағанда […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде бірден сегіз мектепке «бомба қойылған»

    АҚТӨБЕ, 24 қыркүйек. Осымен бір аптаның ішінде мектептен екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Бұл жолы сегіз мектеп назарға ілікті. Жүздеген оқушы эвакуацияланды. Полицейлер қаскөйді анықтауға барын салып жатыр, деп хабарлайды Zakonkz. Ақтөбеде таңертең №2 орта мектептің оқушылары жаппай эвакуацияланды. Осымен бір аптаның ішінде бұл мектепте екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Жайсыз хабарды естіген ата-аналар […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 1 of 712345 » ...Last »