Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

КЕПІЛГЕРЛІККЕ АЛҒАН ЖАҒДАЙДА

Әр кепілгерлікке алу жағдайдың өзіндік ерекшеліктері бар.

Сонымен, егер Сіз кепілгер болсаңыз:

1) мүмкіншілігіңізше ұстамды болыңыз, сабыр сақтаңыз, дүрлікпеңіз;

2) егер Сізді немесе көзіңізді байлап қойса терең тыныс алып бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз;

3) Өзіңіз жан-дүниеңізбен, моральдық және эмоциялық жағынан ықтимал қатал сынаққа дайындаңыз. Сонымен қатар, кепілгерлікке алынған адамдар көбінесе тірі қалатынын естен шығармаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдар кәсиби шаралар қабылдап жатқандығын ұмытпаңыз;

4) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;

5) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтаңыз.Олардың саның, қару-жарақ дәрежесің анықтағаныңыз орынды болар, барынша толық ауызша суреттеме құрыңыз, келбетінің тән ерекшеліктеріне,дене бітіміне,акцент пен әңгімелеріне,темпераментіне,мінезіне назар аударыңыз. Кейіннен толық ақпарат террористтерді анықтауға көмектеседі;

6) түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға  тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерде болған жөн (тұрғын жайды штурмдау, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);

8) ғимаратты штурмдаған жағдайда қолыңызды артқа салып, еденге бетіңізбен жату керек;

9) егер штурмдау мен басып алу кезіңде басында Сізді қылмыскер ретінде қабылдаса (жеке басыңызды анықтағанша) ызыланбаңыз. Сізді тінтіп, кісендеп, байлап, жауап алып, эмоциальдық не дене жарақатын келтіруі мумкін. Штурмдау кезінде бұндай әрекеттер (нағыз қылмыскерлерді анықтағанша) орынды.

 Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессиялық қарсылық көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түсістіруден аулақ болыңыз;

3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;

4) пассивті ынтымақтастық позициясында болыңыз. Сөйлескенде даусыңыз сабырлы болсың.Ұрлаушылардың ашуын  тудыратын қиқарланған сарын, дұшпандық көзқарас, жек көрушілік танытпаңыз;

5) өзіңізді сабырлы да салиқалы ұстаңыз. Қарсылық көрсетпеңіз, бірақ орынды қажеттілігіңізді сұраудан қорықпаңыз;

6) Қатты стерстік жағдайда сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда,  бұл туралы сабырлы қалыпта ұрлаушыларға айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.

Ұзақ уақыт керілгер ретінде ұсталсаңыз:

1) абыржу, абдырау, аяушылық сезімін туғызбаңыз. Өзіңізді болатын қиыншылықтарға дайындаңыз. Ой әрекетіңізді сақтаңыз;

2) қажымаңыз, ол үшін Өзіңіздің ішкі ресурстарыңызды қолданып отырыңыз;

3) жағымды заттарды еске алып, ойлап отырыңыз.  Уақыт өте келе босату мүмкіндігі жоғарылай түсетінін умытпаңыз. Сізді тезірек босату үшін барлық шаралар қабылданып жатқанына сенімді болыңыз;

4) өзіңізге қандай да бір іс табыңыз (физикалық жаттығулар, оқу, өміріңізде болған оқиғаларды еске түсіру және тағы сол сияқты). Физикалық және интеллектуалды қызмет ету кестесің қабылдап, жұмыстарыңызды әдістемелік тәртіпте орындаңыз;

5) күш-құатыңыз кетпес үшін берілген тамақты ішіңіз, дәмі ұнамасада, тәбетіңізді де ашпасада. Туындаған экстрималды жағдайда Сіздің салмақ тастағаныңызбен тәбетіңіздің болмауы қалыпты екенін түсініңіз.

Психологиялық тұрақтылықты сақтау – кепілгерді құтқарудағы маңызды шарт. Ойдың саралығын сақтап, жағдайды адекватты бағалау ушін жайсыз сезім мен аландаудан бас тарту үшін барлық амалдар мен тәсілдер жақсы болмақ. Келесі ережелерді меңгеріп алған дұрыс:

1) осы жағдайда қолжетімді физикалық жаттығуларды жасаңыз, кем дегенде денеңіздің барлық бұлшық еттерің ширатып босатыңыз;

2) аутотренинг пен медитацияны қолдану, психиканызды бақылап отыруға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдерді еске түсіріп отырыңыз, дәйекті түрде әр түрлі дерексіз мәселелерді ойлаңыз (математикалық есеп шығарыңыз, шетел сөздерің қайталап есіңізге түсіріңіз және т.с.с.). Миыңыз жұмыс жасап тұруы тиіс;

4) қызықсыз болса да қолға түскен мәтіңдерді оқуға тырысыңыз. Жазуға да болады, бірақ жазылғанның бәрі Сізден тартып алыныды. Бұл жерде ақылыңызды сақтап қалу процесінің өзі маңызды;

5) болып жатқан жағдайды көңіліңізге қатты алмаңыз, істің сәтті аяқталуына сенімді болыңыз. Сіздің ішіңіздегі үрей, жабығу, бейжайлық – Сіздің ең басты дұшпаныңыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *