Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Құрулы тұзаққа түспеу. Психолог кеңесі

Өткен жылы талдаушылар 13,5 мыңға жуық лаңкесттік актілерің тіркеген,әлемде болған терракт саны 35% өсті. Бұл індет қайдан келеді?

Социологиялық сауалнама нәтижесінде ғаламтор арқылы психологиялық ықпалға ұшырағыш халықтың бөлігі анықталды. Анықталғандай, бұлардың ішінде көбінесе билік инструменті ретінде қарумен үлкен адамдай ойынға жақын, психикасы жетілмеген, тұрақсыз, жасөспірім максимализмі, топтық бірігуге қажеттілігі көп жастар орын алады. Ғаламтор қиратушы идеологияны, жеккөрушілік пен зорлықты, боевик жауынгерлерді жалдау, оларды дайындау, ақпаратты жеткізіп, алмасу, қылмысты әрекеттерді жоспарлап координациялау үшін қолданыла басталды. Мысалы, әлеуметтік желіде террористтермен орналастырған қарулы джихадқа шақыруды үндеуді тәулігіне екі миллионнан артық адам қарады.

Біздің елде бұндай материалдар анықталып бұғатталады, бірақ бұл бағыттағы күш нысаналы болуы керек. Экстремизм мен терроризмді насихаттауға жол бермеуде азаматтық қоғам үлкен рөл ойнау керек. Себебі шетелде болатын экстремисттік және террористтік ұйымдар жағында жауынгерлік істерде азаматтардың қатысуы мәселесі асқынып барады.

Біздің жігіттер сонда қалай түсетінің, ғаламторда оларды жалдау үшін қандай тәсілдер қолданатының және бұл салада алдын алатын қандай жұмыс өткізілу керектігін «Конфессияаралық қатынастарды талдау мен дамыту орталығы» КММ өткен семинар-тренигнгте республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының психологы,подполковник Лола Шакимова біздің өңірдің журналисттеріне баяндап берді.

Бұл торға тарту үшін жасақтаушылардың епті жиналуын білмеу, жастардың құқықтық және ақпараттық сауатсыздығының әсерінен деп айтты.Сондықтан ол кісі ғаламтор арқылы экстремисттік және террористтік ұыймдарға жақтаушыларды рекруттеудің психологиялық әдістері туралы толық айтып берді. Дәлелді деректер мен цифрлар келтірді.

ҚР 2014-2015 жылдары экстремизм мен террористтік қылмыстар үшін 82 адам сотталған, ал бұл қылмыстарға қатысты 500 адам колонияда өз жазасын өтеп жатыр,- деп баяндады.Талдау көрсеткендей бұлар террористтік топтарға келесі жолмен қосылған: мешіт арқылы -28%, туыстары арқылы — 21, достары арқылы — 16, ал интернет — 39! 62% — ішімдікке құмарлы,27 – есірткігі құмарлы, 43 – ойын құмарлар екен. Бұлардың арасында экстернал деп аталатындар да аз емес, олар бүкіл өмірлік сәтсіздіктерін өздерінен көрмей, мемлекетті, басқа адамдарды кінәләп өз агрессиясын еш жазықсыз адамдарға көрсетеді .Сотталғандардың ішінде 35 жасқа дейінгілер 48%, ал 19% — 25-тен кіші. Көбінесе бұл білімі аз адамдар, кейбір уақытты орта білімі жоқ, 52% жұмыс орны жоқ, айлық табыстары 50-60 мың теңге, 38% өмір сүру деңгейі төмен, 52% жеке меншік үйлері жоқ, бірақ өз өмірлерің өз күшімен жақсы жаққа өзгерткісі келмейтіндер.

— Бұндай адамдар ғаламтор арқылы топтарға жиналады,олардың көбі маргиналдар – қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі тұрақсыз,өзіне сенбейтін,мазасыз,айналадағы адамдармен қатынасуда қиындықтары бар және иланушылықтың деңгейі жоғары,сонымен қоса психологиялық тәуелділікке,қауіп-қатер мен радикалдық көзқарасқа бейім,жиі психикалық ауытқұы бар,-деп лектор айттып берді. Олардың көбінде зорлық сияқты қиындық болды. Сондықтан олар жанындағы адамға емес, вертуалды әңгімелесушіге көбірек сенеді. Олардың бірі – ММУ философия факультетінің студенті Варвара Караулова. Қарым-қатынастарында қиындық боған сон, ол ғаламтор арқылы таныс тауып, тұрмысқа шығып, соғыс болып жатқан елге кетпекші болды. Ғаламтор арқылы жалдау біздің елде де жиелей түсті. Осыдан бір ай бұрын, мен психолог ретінде жетінші сынып оқушысы 13 жастағы қызбен жұмыс жасадым. Ол бала ғаламтор арқылы жалдаушымен танысып, сексуалды джиһад жасау үшін Таяу Шығыс елдеріне кеткісі келді. Ол қызды шекарада устап тоқтатты. Жағдайы төмен, толық емес отбасынан болып шықты, апасы ауру, ал анасы жеке бас өмірімен айналысып жүрген еді. Осындай қадамға бару үшін бұл баланың сана-сізіміне қалай кіру керек еді? «Біз-сенің жаңа отбасымыз» -деп сендіріп, оның сезімін,ойын жаулап алды. Діни терминдер бұрмаланып түсіндірілген. Ал басқа аймақта қауіпсіздік күштері 11 сынып оқушыларының қатысуымен болатын террористтік әрекеттің алдын алды. Олар сабақтан қалып жүрген еді, не істеп жүргендеріне ешкім де көңіл бөлмеген – мұғалімдер де, ата-аналары да, ал балалар радикалды дін таратушының қолына түсіп қалып, оларды шахид болуға дайындап жүрді. Олардың үйірімпаз жетекшілерінің абыройы балалардың сана-сезіміне талқындайтын әсер етті.

Экстремисттік террористтік секта жетекшілерінің уәжін зерттегенде бірінші орында олар ушін билікке ынталары, екінші орында – ақша, ал үшіншіде ғана, өздерінің көтеріңкі эгоцентрикалық қажеттіліктірің жасырған — дін болып шықты.Қазақстандағы террористтік қылмысттық топтарының бірінің жетекшісі түсті металдарды ұрлау мен сатумен айналысқан. Күндіз мұсылмандардың тазалығы мен адамгершілігі туралы айтса, ал кешке ішімдік ішіп, жезөкшелермен уақыт өткізіп, жамағатының ақшасын қымбат көліктерге жұмсаған.

Жалдап алушылардың бейнесі де өзгерді .Бұрын мешіттерде шалбар балағы қысқа,бізге жат, әдеттен тыс киім киген адамдар бірден көзге түсетін, ал казір олар әдеттегідей киініп, көзге түспейді.

Психолог интернет тәуелділіг белгісі бар адамдардың қандай ерекшеліктері болатынына егжей-тегжейлі тоқтады.

Бұл туралы ең алдымен америкалық мамандар айта бастады,олар ғаламторда күні бойы отыратын, виртуалды әңгімеге құмар кісілермен ғана араласатын аутсайдерлерге тән. Нақты өмірі мен виртуалды өмірінің шегі жойылып,оларды ұқпайтын адамдарға агрессия пайда бола бастайды. Анасы баласын ғаламтордан алаң қылғаны үшін, оны өлтірген де оқиға болды.

Амирикалық психологтар жалдаушының мінездемесің де жасады, ол ең жылы шырайлы адам, сізге ұнайтынын бәрін ниетімен орындайтын, психологиялық дайындығы жақсы маман. Адамдарға ықыласын көрсетіп, жаны ашып, адамды қандай болса солай қабылдап, сонымен қоса Адамға жағымды болып, араласуда жайлылық сезіндіріп, психологтар айтатындай, комплиметті транс күйіне әкеледі.

— Шындық сезімінен айырып, діни терминдер бұрмаланған куйде беріледі, мысалы,жиһад,-деп лектор белгіледі. Қоранда жиһад дегеніміз ішкі жаман қылық,кемістіктірімен күресу болса, радикалдар оны – бұл зорлық, соғыс, агрессия деп түсіндіреді. Арабтарда шахид деген – майдан шебінін алдында келгендер, шахид әйел деген – босану кезінде жан тапсырған, ал баласы тірі қалған әйел, жұмақ, радикалдардың айтуынша – жеті семсерде негізденген, бұл зорлық. Ал біздің дәстүрлі дінде, жұмақ – ананың аяқ астында делінген, ата-ана – қасиетті, жұмақ кілті соларда. Бұл біздің ата-бабаларымыздың діні, бізге күш беретін түп-тамырымыз. Сондықтан жастарды экстремисттік жалдаудан сақтау үшін оларды дәстүрлі діни құндылықтарға жақын ұстау керек. Осындай профилактикалық жұмысты педагогтар, психологтар, бүкіл қауым жүргізу керек. Бірінші кезекте кез-келген ортада тұрақты болуды, біздің балаларымызда жоғары коммуникативті қабілеттілікті, батыл тәртіпті дағдылау керек. Прафилактикалық жұмысқа жеке тұлғаның әлеуметтену институттарының бәрінің қатысуы (отбасы, мектеп, жоо, өндірістік ұжым), жастар арасында өз елі үшін патриоттық сезім мен абыройын бекіту, өздігінен жетілу, ұлтаралық және дінаралық төзімділікті қалыптастыру маңызды.

Біздің республикамыздың құндылығы неде? Елбасымыз Нұрсултан Назарбаев айтқандай, елімізде 140 астам этнос келісім мен татулықта тұрады, біздің құндылығымызбен байлығымыздың кепілі осы.

Александра МЯКОТА, «Акмолинская правда»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *