Уфа қаласындат«ХХІ ғасырдың білім беру кеңістігінде Исламның құндылығы мен идеалы» атты халықаралық ғылими форум өтті,онда белгілі мұсылман ғалымдары,оқытушылар мен сарапшылар ресейдің діни білім беру саласындағы мәселелерді талқылады.Конференция қорытындысы,жастарды жалдауға қарсы тұрудың негізгі тәсілдерді,Ресейдің ұлттық идеясы мен ресей мұсылмандарының Трамптың сайлануына көзқарасы туралы РФ Орталық мұсылмандары діни басқармасының басшысы,жоғарғы мүфти Талғат Таджуддин РИА Новостиге берілген сұхбатында баяндады.Сұхбаттасқан Антон Скрипунов.
— Құрметті мүфти, конференцияда, Сіздің ойыңызша, ең маңыздысы не болғанын және қорытындысын қалай бағалайсыз?
— Конференция өте жақсы өтті. Қатысушылар арасында ислам білімі, кадрларды дайындау туралы ашық әңгіме өтті, сонымен бірге бәрімізді толғандыратын – бүкіл ислам әлемін жауып кеткен экстремизм мен терроризм жайлы. Бұл «араб көктемі» де, Ирак пен Сирияға Америка Құрама Штаттарының коалициясының енуі. Бұл орасан зор аландаушылық тұғызады. Кейбір адамдар болса Үшінші дүниежүзілік соғыс пен ақырзаман туралы айтуда.
Ислам мен басқа дәстүрлі діндерге терроризм мен экстремизмнің ешқандай қатысы жоқ.Бұл ең алдымен мұсылмандарды нағыз арандату.Ал оның елесі Еуропада да,өкінішке орай көп жылдар бойы біздің елде де естулі.Дәстүрлі дін арқылы бейбітшілік пен тыныштықты ойрандатпақшы да болды.Солтүстік Кавказ бен Мәскеуде де теракттар болды.
Конференцияда біз экстремиз мен терроризмнің кез-келген көріністерің айыптап,бүкіл мемлекеттердің терроризмге қарсы бірігіп күресуімізге шақырдық.Сирия халқымен заңды түрде сайланған президентінің шақыруымен бұл елдегі халықаралық терроризмге заңды түрде қарсы тұруға біздің ел белсене қатысады.Сонымен қатар олар біздің көршіміз.
Ал көршінің үйінде өрт болса,немқұрайлы қарап отыра алмайсын.Ислам және араб әлемімен Рессейдің діңи және мәдени байланыстары бар. Бұл аймақта православиеліктерге де ,мұылмандарға да,иудейлерге де әулие жерлер бар,сондықтан бейбитшілікті нығайту мен экстремиз мен терроризмнің таралмауы – бүгіңгі күннің ең басты мәселесі.
— Радикалды тобқа қосыламын дегендермен бетінен қайтару үшін Сіз қарым-қатынаста болдыңыз ба?Бетінен қайтару үшін дің қызметкері қандай аргумент қолдануы керек?
—Біз олармен кездесіп түрамыз сонымен бірге құдайға құлшылық еткенде де.Кетіп қалған жігіттердің туыстары да келіп жүгінеді.Осы таяуда маған Набережные Челныдан келген ата-аналар жолықты: олардың ұлы жоғары білім алды,жұмыс істеді,үйленді,қызы туды.Баласымен әйелімен Турцияға кетіп калды.Бір ай,екі ай өтті олар жоқ.Кейін қоңырау шалып бәрі дұрыс деді.Бұндайда қалай аландамайсын?!Олар террористтік актілеріне,соғысқа қатысып жүр.Сіз олардың жағдайын түсінесіз бе?!бұған дейін олар ешқандай діңи жоралар жасамаған. Оларді біреу жалдап алды,немесе басқа да амалдар қолдаңылды.
Құдайға шүкір,біздің келушілер арасында ондайлар жоқ. Біздің келушілер діңдарлардың 95% — жастар.Олармен күнделікті дінбасылары жұмыс істейді,сабақ береді.
Кейбір жас жігіттер жаңалықтардан Сириядағы жағдайды көріп қаны қайнайды.Бірақ бұл ешқандай қасиетті соғыс емес екенің түсіндіреміз.Бейбітшілік пен тыныштыққа не жетсің.Ол жақта заңды үкімет пен конституция.Қоранда да айтылған: «Алла Тағалаға,оның Елшісіне,биліктегілерге бағыныңыз».Демек,заңды,демократиялық жолдар бар.
Америка 10-15 шақырымнан,теңіздің арғы жағынан демократия құру үшін Иракқа шабуыл жасады.Егер де күнделікті 2003 жылдан бастап базарларда,көшелерде,мешіттіерде күніне жүз шақты адам қаза тапса қандай демократия болуы мүмкін.Бұны діндар адам қалай қабылдай алады?Әр түрлі елдер мен дін жолын қуушыларды қарама-қарсы қою әділ іс деп қалай қабылдауға болады?Шынында бұл қадірлі нәрсені қорлаушылық. Таяу Шығыстың мешіттеріңде де,шіркеулеріңде де Құдай жалғыз деп айтады.
Сирияда мұсылмандар мен хрестиандар мың жылдан астам бірге тұрады.Аралас жанұялар да бар.Террористтер балалардың күштеп олардың қолымен көрнекті өлім ұйымдастырады.Бұл не үшін жасалады?Діндар адам солай жасай ма?Адам деген ондайды жасамау керек.Бұл дегенің ақысы төленген, провакация екені анық,христиандар,мұсылмандар мен иудейлер арасында араздық пен көреалмаушылық туғызу үшін жасалған.Ол жерге ешқашан бейбітшілік өмір болмасын деп.Демек,қару-жарақ базары әр қашан ашық болады.
—Ресейдің умметін қалай бағалайсыз және де осындай жағдайларға қарсы келуге қандай мүмкіндіктері бар?
— Ресейде 82 мұсылмандардың діни басқармасы бар.Біз кім басты екеніне дауласып жатқанша вахабиттер жастарды өздеріне қаратып жатыр.Солтүстік Кавказда шафиит мазхабы, ал бізде көбі ханафи мазхабы болғанымен діндарлар арасында көбінесе бірлік бар.
Совет үкіметі кезінде төтр-ақ діни басқарма бола тура,бір-бірінің ішкі ісіне араласпай,халықаралық әрекеттерді бірге өткізді.Қонақтарды бірге шақырып,ал шақырудын кімге жолданғанына қарамай, шетелге баратын делегацияны төрт басқармадан құраған.Қазір,өкінішке орай,бұндай жоқ.
— Істің осындай жағдайда болуына не себеп?
—90-шы жылдары шетелдік Исламдық орталықтар жәрдемімен параллелді құрылымдар жасалып отырды.Заң да згерді:үш діни қауым болса – орталықтандырылған діни орталықтарын ашуға болады. Ол кезде бұндай ағымдар ондығымен пайда болды.
Казир де бізден қауымарды бөліп алғысы келеді.Мысылы,Чуваштар,30-ға жуық қауым.Былай қарағанда – бір ағымдамыз- ханафиттер,бәріміз радикалдық ағымға,вахабизмге қарсы тұрамыз.Казір Ханты-Мансийск округінде,жергілікті діни басқармасының басшысы астыртын жарғыны тіркеп қойды.
Осылай бөліне берсек біртұтас майдан болып қалай шықпақпыз?Бірлікті сақтап қалу үшін бар күшіміз кетер.Ал казір РФ президенті мен мемлекетті экстремизм мен терроризмге қарсы куресте қолдау керек.Бұл нағыз қатерлі ісік,індет сияқты ғой.
— Сонымен діндарларға қандай шара қолдану керек?
— Біздің еліміздің халқы бір-бірін ғасырлар бойы таниды.Мысалы Башқұртстанда,Татарстанда 30% дейін аралас некелер бар.Егер де бұл індет –қарама-қарсы келу – сіңсе,біз мемлекет түгіл,үйімізде бейбітшілік пен тыныштық сақтай алмаспыз.Казіргі кезде тек бірлесіп жұмыс жасау керек.Қиын уақыт келе жатыр.Ирактан,Сириядан.Ауғаныстанда тынышталды ма?Онда да ДАИШ күш жинап жатыр.Бұған өте қомақты қаржы жұмсалуда.Егер де Орталық Азияда қандай-да оқиға болса,бұл бізге жақын болады –Орынбор облысымен,Башқұртстанмен.Сондықтан бұл тек дін басшыларының ғана емес,бүкіл қоғам мен мемлекет алдында тұрған мәселе.Күшімізді біріктіріп бірге қарсы тұруымыз керек.
Террористтер жас жігіттіттерді жаулап алғылары келеді.Жастарды олардан сақтап қалу үшін осының бәрің көріп,біліп жүруіміз керек.Ең басты мақсат – Құдайға сену деген не екенің түсіндіру.Егер де адам дұға жасап, ауыз бекітіп экстремисттер мен террористтерге қосылуды қасиетті деп шешсе, ол адам – ессіз.Оның жүрегіңде еш мейірі қалмайды.
— Аймақтық тақырыпқа тоқтасақ.Жақында РФ президенті ресей ұлты туралы заңның жазылуы туралы ойды қолдады.Шынында да ол керек пе?Оның қабылдануымен туындайтын наразылықтардың болатынына қорқынышыныз бар ма?
—Президент айтса,демек заң керек.Казіргі кезде өмірдің көптеген құбылыстарына заңдар шығарулыда – балықты аулау туралы,көлік жүргізу туралы және т.б. Ұлт деген бар.Бәріміз әртүрлі тілде сөйлейміз,менталитетімізде,әдет-ғұрпымызда,дінімізде өзгешіліктер бар.Бірақ біз ғасырлар бойы бір елде тұрып бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз.
Ең бастысы – ана тілімізді,әдет-ғұрпымыз бен мәдениетінімізді сақтап қалу.Оның арқасында біз дамып отырамыз.Елестетіңізші,егер де біз бір ғана мәдениетте болсақ,тіліміз бір болса және де түріміз бір болса.Алла Тағала бір отбасындағы балаларды да бір-біріне ұқсамайтындай етіп жаратты.Мінездері,түрлері,талғамдары әр түрлі.Бұл Алланың құдіреті!Ғажап емей немене?!
Шынында,біз бір ресей ұлтымыз.Бірақ казір азбыз.Жанымызда Қытай,миллиардтан аса тұрғынымен.Ал біз 145 миллион ғанамыз. Аналық капитал,аналықты қолдау программасы бар,оларды әрі қарай дамыту қажет.Одан да жақсысы тек аналақ ғана емес,аталық капитал беру.Ер адамдар да қатысады ғой,оны да қызықтыру керек.
Бәрі де еңбек жасап,қатысуы керек.Солай алдағы 50 жылда адам саның 250 миллионға дейін жеткізу керек.Сонда жақсы болады.Шаруаның бәрі текзаңда ғана емес қой.Біз ұлттық идея туралы сөз қозғадық.Шын мәніңде ол жоқ делінеді.Бірақ ол қалай?!Ол әр ресейлікте бар.
— Сіздің ойыңызша,оның мағынасы неде?
—Өмір сүріп Алланы дәріптеу.Бала өсіріп,немере сүю.Алла қаласа,онда шөбере де сүю.Менің 2 шөберем,15 немерем бар.Одан да көп болсын деймін.Міне осыны мен ұлттық идея деймін.
Алла Тағала бізге жер шарының 1/8 бөлігін алатын жерді жайдан берген жоқ.Бұл улттық идея – балаларымыз бен немерелерімізге сақтап қалуымыз қажет.
90-шы жылдары өз елімізден ұялғанбыз.Былай қарағанда бар белгі бойынша біз ұлы державамыз.Елімізді сақтап, талапайламай,ластамай,арттыра түсуіміз керек.
— Бір аптадан аса әлемдік қоғам АҚШ-тың жаңадан сайланған президентің талқыға салды.Трамптың сайлануымен ресей діндарлары қандай үміт күтеді?
— Менің ойымша,бұл жақсы таңдау.Бүкіл әлемді өздері басқарады деп ойласа,бұл кәдімгі фараон болады ғой.Бүгіңгі күнге дейін Америка солай жасауға тырысты,әлемдік мәселелерді шешу үшін өз үстемдігі мен қозқарасын орнатпақшы болды.Олай болар емес.
Егер Алла біреулерің басқалармен ұстап отырмаса,онда синагогалар да,шіркеулер де,мешіттер де ойрандар еді.Қарсы салмақ болуы керек,әлем көпполярлы немесе екі полярлы болуы тиіс.Қараңызшы,Солтүстік жартышарда қыс басталды,ал Оңтүстікте – көктем,бізде – күн,ал Америкада – түн,бұл Алланың қайырымы.Адамдардың да арасында осылай – аз дегенде екі полюс болуы керек.Өзара түсінушілік болуы керек – конференциялар,ел басшыларының кездесулері өткізілуі керек.
Трампқа тоқталсақ.Менің ойымша,жақсы сілкініс болар.Сайлау алдындағы науқанда айтылғанның жартысын іске асырса екен.Ең алдымен Ресеймен мейірбан қарым-қатынасты қалпына келтірсе.
Киелі кітапта «Қандай болсаңыз,әміршілеріңізде сондай болады» делінген. Ал бізде былай айтады «Шелек қандай болса,қақпағы да сондай». Басым елдер бізге қызғанатыны,Алла Тағала бізге Владимир Владимирович сияқты президент бергені.
Аңызда айтылғандай Жебрейіл періштенің қанаты тимесе бірде бір адам президент,не сұлтан,не әмірші болмайды. Біз таңдайтын секілдіміз. Бірақ шынында барлығы бір Тәңірдің қалауында, ол қанша зымыран, қанша ядерлық қару қолдансанда Ақыр заманды болдыртуға ешкімге рұқсат бермейді. Біл тек бір Құдайдың құқығы.
Құдайға сенетін кісі қалмағанда, бүкіл адам зат жануарлар тәріздес бір бірін жек көріп, құрта бастағанда Ақыр заман болады.Әзірше Ресей жерінде 35 мың православлиелік ғибадатхана салынған, біз жеті жарым мыңдай мешіт салдық. Бұны 70 тен астам жылдай ансаңан болатынбыз. Ғибадатханаларды салып қана қоймай, сонымен қоса балаларымыздың және немерелеріміздің рухани байлығын дамыта отырып, біз Ақыр заман болуын ары жылжытамыз.
Біз ол жақта мемлекет басшыының бір Құдайдың қалауымен тағайындалғанына үміттенеміз. Сонымен қатар, таяу уақытта бейбітшіліктің орнығуына және Йерусалим мен Таяу Шығыста тыныштықтың бейбітшілік мекеніне және христиандарға, және мұсылмандарға, және яһудилерге орнығуына үміттенеміз. Және егер онда барлығы тынышталса, онда бұл толқынмен бүкіл әлем бойы жүріп шығады.
Дереккөзі: РИА Новости