Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімі:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида» сонымен қатар «Каида», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам фронты», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» материалдық, қаржылық мүмкіндіктері бар лаңкестік ұйым болып саналады.
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» .
3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» «Өзбекстанды азат етуші исламдық қозғалыс» және «Исламдық өрлеу партиясы» деген атаумен де аты шыққан. Ұйымды 1992 жылы Т. Юлдашев экстремистік және діни радикалды әрекетке бейім адамдар қатарына тарту арқылы құрды.
4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел») (одан әрі КХК, («Конгра-Гел», ертеде Күрдістан жұмыс партиясы) 1978 жылы қарулы күрес жолымен Түркияның оңтүстік-шығысында тәуелсіз күрд мемлекетін құру мақсатында құрылған.

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар» Штаб-пәтері «Айн-аль-Хыльва» (Сайда қ., Ливан) палестиналық лагерде орналасқан 1985 жылы құрылған террорлық ұйым. У.Б. Ладеннің қолдауымен аталған лагерьдің аумағында әлемнің «дүрбелең аймақтарына» жіберуге жауынгерлер дайындайды.
6. «Братья-мусульмане» трансұлттық, діни-саяси, террористік ұйым. 1928 жылы Мысырда (Исмаилия қ.) Хасан әл — Банна тарапынан құрылды. 1950 жылдары Сейіт әл-Кутб жүргізген өзгерістерден кейін ұйым радикалды сипатқа ие болды.
7. «Талибан» қозғалысы. Ауғанстандағы діни саяси ұйым. Талибанның құрылуы 1980 жылдардың басында Пәкістанның солтүстік-батыс шекаралық провинциясымен Белуджистан аумағында Пәкістан Ислам Республикасының билігінің нұсқауы бойынша жабық түрдегі және соған сәйкес идеологиялық және діни тәрбие алған Ауған қашқындарының балаларынан құрылды.
8. «Боз гурд» немесе «Сұр қасқыр» ұйымы атауымен белгілі. Бұл ұйым әскерилендірілген ұлтшыл топтың бірі болып табылады. Негізгі мақсаты Тұран ойпатында түркі халықтарының бірыңғай мемлекетін құру. Ұйымның негізі 1965-1970 жылдарда Альпарыслан Тюркеш тарапынан қаланды.
9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» басқаша атауы – «Исламдық жихад тобы». Халықаралық лаңкестік Аль-Каида ұйымына қосылған «Өзбекстандағы ислам қозғалысының» жауынгерлерінен құрылған.
10. «Лашкар-е-Тайба». Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан) әскерилендірілген экстремистік суннититік топ. Басты мақсаты — әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтерге әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу.
11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы» (бұдан әрі ӘРҚ) жәрдем беруге арналған мәртебесі бар үкіметтік емес ұйым, штаб-пәтері Эль-Кувейт (Кувейт) қаласында орналасқан. Әлеуметтік бағдарламаны бүркене отырып, «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымының алдына қойған мақсатын іске асыруға көмек көрсетеді және мұсылман емес үкіметті жойып ислам басқармасы қағидаларының жолымен дүниежүзілік көлемде, ТМД елберінде ислам халифатын орнатуды көздейді.

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут -Тахрир» ұйымы («Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами», «Исламның азаттық партиясы») – халықаралық экстремистік саяси-діни ұйым. Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлініп шығып, палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы Сирияда алғаш рет пайда болды.

ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё» («Алеф») 1984 жылы ақпан айында құрылған Жапондық діни секта. 1989 жылы «АУМ Шинрикио Культ» діни корпорация ретінде Жапонияда ресми түрде тіркелген. Өткен ғасырдың 90 жылдарында осы сектаның өкілдері Австралияда, Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Тайванда және Шри-Ланкада болды.
14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы» сонымен қатар басқа атаулары «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Аллах партия». 90 жылдарда сепаристік қозғалыстың көсемі Айсан Махсум (шын есімі Хасан Джундулла) «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» террористік діни ұйымын құрды.

V. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы» (әрі қарай — ТИП) олардың «Түркістанның жамағаты» деген атауы бар. 2004-2005 жылдары Пәкістанның Вазиристан провинциясында «Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысы» халықаралық террорлық ұйымның орнына қайта жасақталған..

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблиги джамагат» (ТДж) – «таблиғ» сөзінің мағынасы араб тілінен аударғанда «жеткізу, хабарландыру, ескерту», ал «жамағат» сөзі – «топ», «құрылым» деген мағыналаларды білдіретін халықаралық ұйым.

IX. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфир уаль-хиджра» («Дінге сенбеуші деп айыптау, өз дінін сақтап қалу үшін қоныс аудару») – Европалық Одақ елдерімен Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттерде экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған.

XIІ. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес:

20.  «Ислам мемлекеті» (араб.) الدولة الإسلامية, (англ.) Islamic State (IS) (басқаша атауы – «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» (ИЛИМ), الدولة الإسلامية في العراق و  الشام (داعش)   «ад-Даулят аль-Исламийя фи ль-Ирак уааш-Шам»)  «Ирак  және Шам ислам мемлекеті» (ИШИМ, ДАИШ) — мойындалмаған мемлекет және халықаралық исламдық сүнниттік террористік ұйым. Сирия және Ирак территорияларында әрекет етеді, Сириядағы Эр-Ракка қаласында штаб-квартирасы орналасқан. 2013 жылдан бастап мойындалмаған квазимемлекет (2014 жылғы 29 маусымда бүкіл әлемдік халифат жариялаған)..

21. «Ан-Нусра фронты» «Фронт ан-Нусра» немесе «Джабхаат ан-Нусра»  «Джабхат ан-Нусра ли-Ахли аш-Шам», «Аш-Шам халқына көмек майданы», «Сириядағы Аль-Каида» деген атаулармен белгілі.

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *