Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік әрекеттер кезінде оққа ұшқан төрт полицейдің отбасыларына мемлекеттік наградалар табысталады. Сондай-ақ бірнеше құқық қорғаушы үкіметтік наградаларға ұсынылды, деп xабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Ақтөбедегі террористік акт кезінде біз үш қызметкерімізден айырылдық. Алматыда тағы үшеуі оққа ұшты. Бұдан бөлек, бірнеше полицей жарақат алды. Қазіргі кезде қаза болған полицейлердің отбасыларына көмек беру бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр. Біз материалдық көмек беріп, баспана алу жағынан қолдау жасадық. Бүгін мен Алматыға ұшып барамын. Сол жерде Тәуелсіздік күнінен арналған салтанатты шара өтеді. Сонда Ақтөбе мен Алматыдағы террористік әрекеттер кезінде қаза болған төрт полицейдің отбасыларына мемлекеттік наградалар табысталады»,- дейді ІІМ мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, генерал-майор Өмірзақ Болсалбеков.
Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов бірқатар полиция қызметкерлеріне мемлекеттік және үкіметтік наградаларды табыстады.
«Күні кеше Президент біздің қызметкерлерімізді марапаттады. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Біздің көптеген қызметкерлеріміз орден алды. Олардың арасында қаза болған полицейлер де бар. Ертең біз облыстарға шығып, осы наградаларды табыстайтын боламыз», — деп атап көрсетті министр.
Дереккөз: «Казинформ»ХАА»