Қазақстан. Астана. 20 желтоқсан. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы елшісі Андрей Геннадьевич Карловтың қайғылы қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Жеделхатта А.Карловтың дарынды дипломат болғаны және оның кәсіби қызметі Ресей мен Түркияның қарым-қатынасын нығайтуға бағытталып, баршаның құрметіне бөленгені атап өтілген.
«Бұл терроризм актісі осынау зұлымдықпен күрес жолында бүкіл әлемнің күш-жігерін жұмылдыру қажет екеніне тағы да көзімізді жеткізе түсті. Ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан А.Карловтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Дереккөз: Ақорда баспасөз қызметі